Ұлы ақын Абайдың қара сөздері жастарға қандай тәрбие беретіндігіне мысал келтіріңіз.
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.[3]
Абайдың ұстаздық идеяларының ең мол жері – оның әйгілі қарасөздері. Ақынның педагогтік идеялары қарасөздерінің өне бойын алып жатыр. Олардың жазылу мақсаты да айқын. Бірінші сөзінде айтқандай, есейген кезде түйгендерін, өткен өмірмен байланыстыра, ақын 5 түрлі жол таңдайды – ел бағу, мал бағу, ғылым және бала бағу. Дана Абай поэзиясы қуатымен қатар «ақ қағазбен сияны ермек қып», қараңғы халық санасын оятып, көкірегіне дарытатындай ағартушылық идеяларын қарасөзбен тізіп берген.
Адам дамуы екі қажеттіліктің: «тән құмары мен жан құмарының» қалай іске асатынына тікелей тәуелді. Жан құмарын қанағаттандыру дегеніміз – білімге сусындау болса, оның өзі шәкірттің жас шамасына қарай өзгеретінін ақын 7-ші сөзінде тап басып айтады: бала кездегі «ол немене, бұл немене» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететін құмарымызды, ер жеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екенбіз? Бұл сұрақ – бүгінгі педагогикадағы көкейкесті проблема. Осыдан-ақ қазіргі балабақша мен бастауыш мектептің шәкірттерінің сұрампаздығының азаюынан басталады. Жоғары сыныптардағы білімді түсіну төмендеп, даму тежеліп қалды, міне осыдан олардың әрі қарай ғылым таңдай алмайтыны көрініп тұр емес пе?
Абай 7-ші қарасөзінде «жан- құмарлығын» бала кезде күшті болатынын, ал адам есейе келе, сол қасиеттен азайып, тіпті ада болатынына қынжылады. Туа бітетін адамға тән ерекше дүние тануға деген ынтазарлықтың болатынын Абай: «Қайта бала күнінде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз» ,- деп сипаттайды.Осы ойлардың бүгінгі ұстаздарға қажеттілігі: шәкірттердің бойында болатын білімге деген «жан құмарлығын» өмір бойы жоғалпай,жанған шырақтай мазданып ұстап тұрудың басты мақсат етудің тиімділігін көрсетуінде.Әр сабақ шәкірттердің көзін ашып, ойын ортаға салып бөлісетіндей, пікір айтып таластыратындай деңгейде өтуі тиіс. Сонда ғана білім адам бойына дұрыс дамиды дейді ұлы Абай.
«Жан қуаты деген қуат – бек көп нәрсе» дей келе ұлы ұстаз оның ішінен ерекше екі түріне тоқталады. «Біреуі … не көрдің, есіттің, әрнешік білдің, соны тездікпен ұғып, ұққандықпен түрмай арты қайдан шығады, алды қайда барады, сол екі жағына да ақылды жіберіп қармаққа тез қозғап жібереді. Егер бұл болмаса, көп білуге уақ оңды пайда да бермейді». Педагогикалық тұрғыдан алғанда, оқу үрдісінде керекті білімді бақылап, қабылдап, ұғып қана қоймай, оның алды-артын бірге ойластырып, жүйелі түрде түсініп отырса ғана білім тиянақты, тиімді болатынын дәл нұсқап тұр.
«Жан қуатының» екінші түрі жаңалықты қабылдау барысында ұқсағандарды тексеріп отыру қажеттілігімен байланыстыра қойылады. Бұл педагогикадағы таным үрдістеріндегі басты заңдылықтармен үндес келеді.
Ақынның 32-ші сөзі, түгелімен білім- ғылым үйренбекке талап қылушыларға арналып,оның 6 шарты тайға таңба басқандай етіп берілген: «әуелі білім-ғылым табылса,ондай мұндай іске жаратар едім деп… іздемекке керек»-бұл оқытудың басты мақсатының қазіргі күнгі қағидасымен сайма-сай келсе, әрі қарай айтылатын»… Білім-ғылымның өзіне тән құмар,ынтық болып бір ғана мектептің өзін дәулет білсең көңілде бір рахат пайда болады… білмегенді тағы да сондай білсем деген құмарлық пайда болады». Осы ойлардың өзінен-ақ қазіргі ғылыми педагогикадағы оқытудың дидактикалық заңдылықтары мен ұстанымдардың біразы айқын көрінеді. Оқушының белсенді таным-қызметінің қалыптасуы үшін онда саналы ынта болуы, оның қызығуға тәуелділігі, игерген білім шәкіртті қуанышқа бөлейтіндігі, оның өзі тағы да жаңа білімге жетелейтіні,қызыға,құмарта оқыған оқу – адам жадында ұзақ қалатыны ап-айқын айтылып тұр.
31-ші сөзінде келтірілген естіген нәрсені ұмытпастықтың 4 түрлі себебіне зер салсақ, оқытудың қазіргі дидактикалық заңдылықтары мен ұстанымдарымен тікелей байланысын байқаймыз. Шәкірттің сабақ кезеңіндегі білімділігі мен саналылығы алдымен оның «көкірегінде оянатынын», ал оқығанды жүйеге келтіріп есте сақтау үшін «ынтамен ұғу керек» екендігін, «көңілге бекіту» үшін естігенді бірнеше «қайтара ойланып» оқу қажеттігіне ерекше тоқталады.Білімді игерудің бұл сатылары іске асуы үшін адам ойын «кеселді нәрселер» бөлмеуі шарт. Ұстаз шәкірттің бүкіл ақыл-ойын, ынтасын оқуға тартады.
Абайдың қай сөзін алсаңызда ақынның өз тұсындағы емес бүгінгі күннің шындығына дәл келеді, айтқандары қазіргі күннің өзін көріп тұрғандай өсиет сөз ретінде өріле түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |