Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Ақпан төңкерісінен (1917 ж.) кейін қазақ жерінде ұйымдар мен үйірмелердің көптеп құрылу себептері



бет85/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

Ақпан төңкерісінен (1917 ж.) кейін қазақ жерінде ұйымдар мен үйірмелердің көптеп құрылу себептері

Ақпан төңкерісі — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс.

1917 жылдың көктемі мен жазында Қазақ өлкесінде жұмысшы және революцияшыл-демократиялық жастардың ұйымдары мен саяси партиялар құрыла бастады. Сол кезеңде Верныйда мұсылман жұмысшыларының одағы, Жаркентте жұмысшы одағы, Түркістанда мұсылман еңбекшілер одағы құрылды. Зиялы қауымды, оқушы жастар мен мұғалімдерді біріктірген астам қоғамдық ұйымдар құрылды. Олардың арасында Сәкен Сейфулиннің басшылығымен Ақмолада "Жас қазақ" ұйымы, Меркеде Тұрар Рысқұлов ұйымдастырған "Қазақ жастарының революциялық одағы", Омбыда Әбілхайыр Досов жетекшілігіндегі "Оқушы жастардың демократиялық кеңесі", Спасск зауытында "Жас жүрек", Петропавлда "Талап", Семейде "Жанар" ұйымдары белсенді қызмет атқарды.

1917 ж. 21-28 шілдеде Орынборда бірінші Жалпықазақ съезі болды. Оған Қазақ өлкесінің облыстары мен Ферғана облысы, Бөкей хандығы атынан қазақ өкілдері қатысты. Онда бірнеше мәселелер қаралды. Соның бірі "Алаш" партиясын құру еді. Партияның баспа органы "Қазақ" газеті Орынборда шығатын. Большевиктер тарапынан жабылғаннан кейін Семейдегі "Сарыарқа" газетіне ауысты.

"Алаш" партиясының бағдарламасы жобасы.

І. Мемлекеттік қалпы.

ІІ. Жергілікті бостандық.

ІІІ. Негізгі. Құқық.

IV. Дін ісі.

V. Билік және сот.

VI. Ел қорғау.

VII. Салық мәселесі.

VIII.Жұмысшылар.

IX.Ғылым-білім үйрету.

X. Жер мәселесі.

1917 жылы 14наурызда Қазақ өлкесінің оңтүстік аймағында "Шуро-и-Ислам" одағы құрылды ( исламды жақтаушылар кеңесі). "Шуро-и-Ислам" жетекшілері қатарында М.Абдрашидханов, М.Шоқай және т.б. болды. "Шуро-и-Ислам" одағының идеологиясы түркі-мқсылман халықтарының басын біріктіріп, әрбір ұлттың өзін-өзі басқаруына қол жеткізу болатын.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет