қаз.тарихы мұғалімі Ахмедиева М.
1
Сабақтың жоспары
Мұғалім: Ахмедиева М.Қ
Пән: Қазақстан тарихы.
Сынып: 7
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастық және қазақ халқы
қалыптасуының соңғы кезеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ жерінде қазақ халқының этникалық және антропологиялық негізінің қалануы, орта
ғасырдағы этникалық өзгерістер сияқты күрделі мәселелерге кең түрде тоқталу.
Дамытушылық: Халық болып қалыптсау барысын ой елегінен өткізіп, тұжырым жасауға үйрету.
Тәрбиелік: Халқының тілін, салт-дәстүрін құрметтейтін ұлтжанды азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді оқып-үйрету сабағы.
Сабақтың әдісі: Тірек кесте арқылы түсіндіру,
сұрақ-жауап, ой білдіру.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек кесте жазылған плакаттар, трихи кесте №1,2,3, Қазақстанның саяси
картасы.
Қолданылатын оқулықтар: «Қазақстан тарихы» очеркі ІІ том, «Қазақстан тарихы» әдістемелік
журналы, 2006 ж, №4.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
І) «Әңгіме кестесін» толтыру, түсіндіру.
ІІ) «Сұрақ бізден - жауап сізден» ойыны.
ІІІ) Карточкалық сұрақ.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту сұрақтары.
ІV. Қорытындылау.
V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
І - топ «Әңгіме кестесін» толтыру
Шаруашылық түрлері
Дамыған жерлері
Отырықшы жер шаруашылығы
Оңтүстік Қазақстан
Жартылай отырықшы мал шаруашылығы
Оңтүстік-Шығыс Қазақстан
Жартылай көшпелі мал шаруашылығы
Батыс және Солтүстік Қазақстан
Көшпелі мал шаруашылығы
Орталық, Солтүстік, Батыс Қазақстан
ІІ - топ «Сұрақ бізден - жауап сізден» ойыны.
1. Мемлекет басында кім тұрды? /Ұлыхан/
2. Хандық билік қандай жолмен берілген? /Мұрагерлік/
3. Хан кеңесінің құрамы кімдерден тұрды? /Ұлысбек, әмір, бек, билер/
4. Түркі тайпасының басшылары қалай аталады? /Әмір/
5. «Ноян» сөзі қандай мағынаны білдіреді? /Бай/
6. Шыңғыс балаларына берілген жер қалай аталады? /Інжу/
7. Алтын Орда хандығының інжулік жерлері қай жерді алып жатты? /Еділ бойы/
8. Шағатай мемлекетінің інжулік жерлері қай жерді алып жатты? /Шу, Іле, Талас/
9. Жер иеленудің түрлері: /4 түрі/
10. Ханға адал қызмет еткендерге берілген жер иеленудің түрі? /Икта/
11. Әскерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жиналатын салық түрі /Тағар/
12. Жер көлеміне байланысты алынатын салық? /Қалан/
13. Жан басына, мал басына салынатын салық? /Құшыр/
14. Жас хандарға ақыл кеңес беретін лауазым атауы? /Наиб/
15. Хан баласының тәрбиешісі кім? /Атабек/
ІІІ - топ. Карточкалық сұрақ.
№1
Қарапайым халық міндеткерлік жұмыстың қандай
түрлерін орындады
№2
Егін шаруашылығы Қазақстанның қай жерінде басым
қаз.тарихы мұғалімі Ахмедиева М.
2
дамыды?
№3
Жартылай отырықшы мал шаруашылығы мен
көшпелі мал шаруашылығының қандай
айырмашылықтары бар?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жоспар:
1. Ежелгі заманғы туыстық белгілер.
Орта ғасырдағы этникалық өзгерістер.
2. Қазақстандағы этносаяси қауымдастық.
Қазақ халқының қалыптасуы.
3. «Қазақ» атауының шығуы.
«Алаш» атауы мен жүздердің пайда болуы.
Халық болып қалыптасу - бір ғасырдың ғана емес, бірнеше мыңдаған жылдардың жемісі.
№1.
Қазақстан жерінде өмір сүрген тайпалар
Сақтар
Ғұндар
Үйсіндер
Міне, бұл тайпалар қазақ халқының қалыптасу сатысының алғашқы кезеңінде өмір сүрді. Қазақстанда
қола дәуірінің кезінде /б.з.б. ІІ мыңжылдық - б.з.б. І мыңжылдықтың басы/ еуропоидтық өндес андрон
тайпалары өмір сүргені белгілі.
№2.
ХІІІ ғ. моңғол шапқыншылығының зардаптары
Ру тайпаларының
Басқа жаққа
Жер мәселесі
шырқы бұзылуы
көшу басталды
күшейе түсті
Халық болып қалыптасуға кедергі жасаған жағдайлар
Моңғолдар шұрайлы жерлерді
Шыңғыс ұрпақтары жаңа үлестік
тартып алып, тайпалар басқа
жер алғанда, жергілікті
жерге қоныс аударды
ру-тайпалар да бөліске түсті
Этносаяси қауымдастық деп - белгілі бір тарихи аумақта құрылған хандықтың тұрғындарын айтамыз.
Олар әлі халықтық дәрежеге жетпеген жеке-жеке ру-тайпалар бірлестігінен құрылған.
Мысалы: Ақ Орданың тұрғындары - «Өзбек», «Қазақ-өзбек» немесе Ноғай Ордасының тұрғындары -
«Маңғыт», «Ноғай».
Себебі: Хандықтың шекарасы тұрақты болмаған.
ХV ғ. Іж. - Қазақстанда өмір сүрген хандықтардың этникалық құрамы тілі жағынан, түр-тұрпайв,
шаруашылығы, әдет-ғұрпы, салт-санасы жағынан бір-біріне ұқсас болған.
Тарихшы Рузбихан өзбектерге басты үш халық жататынын, өзбектерді этникалық сипатта емес, саяси
жағдайда көрсетіп отыр. Ол өзбектерге кіретін үш халықтың біріншісіне шайбанилерді жатқызады.
№3.
Шайбанилер
Түркіленген моңғол
Қазақтар
Маңғыттар
тұқымдары
Қазақтың халық болып құрылуын жеделдеткен тағы бір басты себеп - құрамына негізгі екі этникалық
аумақтағы екі этникалық топтың енуі.
қаз.тарихы мұғалімі Ахмедиева М.
3
Олар: Орталық, Солтүстік, Оңтүстік Қазақстандағы қыпшақ тайпалар одағы. Оңтүстік-шығыс
Қазақстандағы үйсін тайпалар одағы.
ХV ғ. ІІ ж. бастап ХVІ ғ. басында қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы қазақ халқының этникалық
жағынан шоғырлануын күшейте түсті.
«Қазақ» атауы туралы деректер:
1) Көне түрік тіліндегі деректерге қарағанда «қазақ» деген атау Орхон-Енисей жазбасындағы «қазғақ
оғлым» деген сөздегі «ғ» әрпінің түсіп қалуы нәтижесінде тұрақталған.
2) Ежелгі Сібір тайпалары тілінде «қазақ» сөзі «мықты», «берік», «алып» мағынасында айтылады.
3) ХІІІ ғ.б. жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің араб-қыпшақ сөздігінде «қазақ» сөзіне «еркін»,
«кезбе» деген түсіндірме берілген.
Сонымен «қазақ» сөзі көне түркі дәуірінде пайда болып, ХІІІ ғ. дейін бостандық сүйгіш «еркін адамдар»
деген мағынада қолданылып келген.
ХV ғ. ІІ ж. - қазақ атауы біржола этникалық сипатқа ие болды.
«Алаш» сөзі шамамен ІХ-Х ғғ. аралығында алғаш рет айтылды.
Жүздердің пайда болуы туралы деректер:
1) 100 санына байланысты болды десе;
2) Әскери - тайпалық басқарудың үштік - оң қанат, сол қанат, орта қанатқа бөліп басқару жүйесімен
байланыстырады.
3) Шаруашылыққа байланысты табиғи-географиялық жағдаймен бірлікте қарастырады.
В.В.Бартольд жүздердің пайда болу себебін қошаған табиғатқа байланысты көшпелі мал
шаруашылығын жүргізу жағдайының айырмашылығында деп білді.
Бекіту сұрақтары:
1. Халық болып қалыптасу барысында қандай туыстас тайпалар болды?
2. Этносаяси қауымдастық дегеніміз не?
3. «Өзбек», «Өзбек -қазақ» деген атаулар негізінен қай халықтарға қатысты?
4. Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында Ақ Орда тайпалары басты роль атқарды. Неге?
5. «Қазақ» сөзінің шығуы туралы қандай пікірлер бар?
6. Жүздердің пайда болуы туралы қандай деректер келтіруге болады?
Қорытынды: Сонымен қазақ халқының қалыптасуы б.з.б. ІІ мыңжылдықтан басталады. Халықтың
қалыптасуына дейін қазақ жерінде бірнеше тайпалар өмір кешті. Халықтың қалыптасуы ұзақ процеске
созылды. Қазақтың қалыптасуына екі этникалық топ әсер етті. Олар: қыпшақ, үйсін тайпалар одағы. Бұл
топ бертін келе қазақ халқының үш жүзін құрғаны белгілі.
Үйге тапсырма: Қазақ халқының қалыптасуы, оқу сұрақтарына дайындалу.