Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Қазақстандықтардың майданға және неміс-фашист басқыншыларынан азат етілген аудандарға көмегі



бет141/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   354
Қазақстандықтардың майданға және неміс-фашист басқыншыларынан азат етілген аудандарға көмегі

Азат етілген аудандарға көмек — 1941 — 1945 жылдары соғыста жау қолында қалған аудандардағы халық шаруашылығын қалпына келтіруге Қазақстан тарапынан көрсетілген жәрдем.[1] 1943 жылы Сталинград шайқасынан кейін РКФСР-дің көптеген облыстары, Украина, Белоруссия, Молдавия, Солтүстік Кавказ, Балтық бойындағы республикалардың талан-таражға түсіп, қиратылған, зор зиян шеккен аумағы жаппай азат етіле бастаған кезден Кеңес өкіметінің арнайы қаулысы бойынша бұл аудандардың халық шаруашылығын қалпына келтіру науқанына КСРО республиканың барлығы қатыстырылды. Қазақстанның қалалары мен өндіріс орындарынан соғыстан зардап шеккен елдерге жұмыс күші, мал, азық-түлік, қаражат, құрылыс материалдары, техника жіберілді. Қарағанды кеншілері Донецк көмір шахталарын қалпына келтіруге белсене қатынасты. Қазақстан темір жолшылары батыс аудандарға 20 мың теміржолшы жіберді. Түркісіб Ресей мен Украина темір жол. торабын қалпына келтіруге көмектесті. РКФСР мен Украинаға Балқаш, Қарсақпай, Өскемен т.б. қалалар мен кенттерден арнайы құрылыс отрядтары, мыңдаған шахтерлер, металлургтер жіберілді. Қазақ жұмысшылары мен шаруалары, әсіресе, жастар соғыс кезіндегі Кеңес үкіметінің мобилизациялық заңдарына сәйкес Еңбек армиясына шақырылып, Сталинград, Киев, Харьков және басқа қалаларды, олардың кәсіпорындарын қайта салуға қатынасты. КСРО үкіметі мен БК(б)П ОК-нің 1943 жылы 23 қаңтардағы “Неміс-фашист басқыншыларынан азат етілген аудандардың колхоздары мен МТС-терін қалпына келтіру шаралары туралы” қаулысы бойынша Қазақстанның ауыл-селолары Ресейдің Орел облысының ауыл шаруашылығын түгелдей, Ленинград, Калинин, Сталинград облыстарының, Украина мен Солтүстік Кавказ және Молдавияның кейбір аудандарын қамқорлыққа алды. Оларға механизатор мамандары, ауыл шаруашылығы техникасы, құрал-жабдықтар, астық, азық-түлік, киім-кешек, қаражат жіберілді. Қазақстан азат етілген жерлерге барлығы 554,3 мың бас мал жөнелтті, оның ішінде 17,5 мың бас ірі қара, 21,8 мың бас жылқы, 350 мың қой бар. Көмекке халықтың жеке табысынан өз еркімен бөлінген қаржы, соғыс заемынан түскен қаражат та пайдаланылды. Қазақстанның азат етілген аудандарға көмекгі соғыстан кейінгі жылдарда да жалғасты.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет