Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы және оны жүзеге асыру нәтижелері



бет202/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   354
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы және оны жүзеге асыру нәтижелері

2004 жылдан бастап Елбасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы іске кірісті.

Бағдарламаны iске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі

Бағдарлама 2004-2006 жылдар аралығындағы кезеңге iске асырылады және мәдени мұраны сақтау мен өркендетудiң негiзгi бағыттары:

оларды зерделеудiң тұтастай жүйесiн қалыптастыру, ежелгi және орта ғасырдағы кенттерге, қоныстарға, қорғандарға археологиялық зерттеулер жүргiзу, олардың базасында қорық-мұражайлар құру, оларды туризм инфрақұрылымының жүйесiне енгiзу;

Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджеттiң есебiнен жүзеге асырылатын болады. Қаржыландырудың жалпы көлемi - 1933,6 млн. теңге, оның iшiнде: 2004 жылы - 641,65 млн.; 2005 жылы - 631,7 млн.; 2006 жылы - 660,2 млн. теңге. Бағдарламаны қаржыландырудың 2005-2006 жылдарға арналған көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң болжамды көрсеткіштерiнің аясында нақтыланатын болады.

Ұлттық әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениеттің, әдебиеттiң шығарылуы кейiнгi жылдарда аяқталатын кең көлемдi дестелi басылымдарын қаржыландыру мәселелерi белгiленген тәртiппен қаралатын болады.

Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер

Бағдарламаны iске асыру ұлттың рухани-білім беру және зияттық-мәдени деңгейінің көтерiлуiне, өскелең ұрпақты әлемге ортақ құндылықтар, қазақстандық отаншылдық рухында тәрбиелеуге, қоғамды одан әрі топтастыруға ықпал етедi.

Нәтижесiнде:

тарих пен мәдениеттің 30-дан астам маңызды ескерткiштерi қайта жаңғыртылады;

32 ежелгi және орта ғасырлық археологиялық кенттер мен қоныстарды ғылыми зерттеу, тұмшалау, абаттандыру, мұражайға айналдыру және туристік мақсатта пайдалану жөнiнде жұмыстар жүргiзiледi;

мәдени инфрақұрылым кеңейтіледi, тарихи-мәдени құндылықтарды насихаттау мен кеңiнен таныстыру жөнiндегi қызмет жанданады;

мәдени мұраны зерделеудің тұтастай жүйесiн жасау жөнінде шаралар iске асырылады;

Республикалық ұлттық кiтапхана жанында Ұлттық кiтап жәдiгерлерiн табу және сатып алу, кiтаптар мен ежелгi қолжазбаларды қалпына келтiру орталығы, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк мұрағаты жанында қазiргi заманғы жабдықтармен жарақталған Мұрағат құжаттарының сақтандыру көшiрмесiн жасау және қалпына келтiру орталығы, Президенттік мәдени орталық базасында ұлттық тарих үшiн айрықша мәнi бар Мұражай қорын түзу мен қалпына келтiру орталығы құрылады;

16 бағыт бойынша түрлi кiтаптар дестелерi шығарылады;

Қазақстанның мемлекеттiк тұтастығы мен халықтары бiрлігінің нышаны - мүсiнтас тұрғызылады;

деректер базасы жасалады, ЮНЕСКО-ның күнiлгерi тiзiмiне енгiзiлген мәдени және аралас мұра объектiлерiн күзетудiң аумақтары мен өңiрлерінің шекарасы белгiленедi;

елдiң қорларында, мұрағаттары мен қоймаларында сақталған аса көрнектi ауызекi кәсiби дәстүрде орындаушы-музыканттардың фоножазбалары қалпына келтiрiлiп, қазiргi заманғы аудиотаспаларға көшірiледi.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет