«Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы


-бап. Жергілікті атқарушы органдардың (облыстардың, қалалар мен аудандардың) құзыреті



бет4/14
Дата06.09.2023
өлшемі40,21 Kb.
#106285
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Жылу энергетикасы туралы

8-бап. Жергілікті атқарушы органдардың (облыстардың, қалалар мен аудандардың) құзыреті
Жергілікті атқарушы органдар:
1) жылумен жабдықтауды дамыту схемаларын әзірлейді және олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) жылыту маусымының басталуы және аяқталуы туралы шешім қабылдайды;
3) жылыту маусымына жылумен жабдықтау және жылу тұтыну жүйелерін дайындауды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
4) жылыту маусымына дайындықтың жыл сайынғы жоспарын бекітеді;
5) жылыту маусымының дайындау және өткізу қағидаларын бекітеді;
6) Конституцияға, заңдарға және Президент актілеріне сәйкес өзге де функцияларды атқарады.
9-бап. Жылу энергетикасы саласындағы тарифтік реттеу
Табиғи монополиялар саласына жатқызылған жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау саласындағы табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне тарифтерді Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекітеді.
Жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу жылу энергиясын тұтыну нормалары бойынша айқындалады және табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекітеді.
3-тарау. Жылу энергиясын өндіруді, беруді, таратуды және онымен жабдықтауды ұйымдастыру
10-бап. Жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау
1. Жылу энергиясы және (немесе) жылу тасығыш нарықта тауар болып табылады.
2. Жылу энергиясы нарығының субъектілері:
1) жылу өндіруші ұйымдар;
2) жылу беруші ұйымдар;
3) жылумен жабдықтаушы ұйымдар;
4) тұтынушылар болып табылады.
3. Жылу энергиясын сатып алу-сату:
1) жылу өндіруші, жылу беруші және жылумен жабдықтаушы ұйымның немесе тұтынушының арасында жасалатын сатып алу-сату шартының;
2) жылумен жабдықтаушы ұйымның және тұтынушының арасында жасалатын жылумен жабдықтау шартының;
3) тұтынушының және қосалқы тұтынушының арасында жасалатын сатып алу-сату шартының негізінде жүзеге асырылады.
4. Жылу өндіруші ұйымдар жылу энергиясын өндіруді және жылу беруші, жылумен жабдықтаушы ұйымдарға және тұтынушыларға сатуды жүзеге асырады.
Жылу өндіруші ұйымдар желілері және жабдықтары болған жағдайда жылумен жабдықтаушы және (немесе) жылу беруші ұйымдардың функцияларын жүзеге асырады.
5. Жылу беруші ұйымдар жылумен жабдықтаушы ұйымдарға немесе тұтынушыларға жылу энергиясын беруді және таратуды жүзеге асырады.
Жылу энергиясын беру жылу беруші ұйымдардың жылумен жабдықтаушы ұйымдармен немесе тұтынушылармен жасайтын жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсету шарттарының негізінде жүзеге асырылады.
Жылу энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсету шарты бойынша жылу беруші ұйым жылу энергиясын теңгерімдік тиесілілігі және пайдалану жауапкершілігі шекарасына дейін беруді жүзеге асыруға міндеттенеді, ал жылумен жабдықтаушы ұйым немесе тұтынушы көрсетілген қызметтерге ақы төлеуге міндеттенеді.
Жылу энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсету шартының елеулі талаптары мыналар, оның ішінде:
1) теңгерімдік тиесілілігі шекарасында есепке алу аспабы орнатылмаған жағдайда жылу желілері арасында жылу энергиясының және (немесе) жылу тасығыштың ысыраптарын бөлу тәсілі;
2) жылу желілеріндегі жылу энергиясының және (немесе) жылу тасығыштың нақты ысыраптарын бағалау мақсатында жылу желілеріне және есепке алу аспаптарына тараптардың қол жеткізуін қамтамасыз ету тәртібі;
3) жылу желілерін жөндеу кестелерін келісу болып табылады.
6. Жылу беруші ұйымдар жылу энергиясын беру мен таратуға арналған шартты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі шартқа сәйкес жасасады. Жылумен жабдықтаушы ұйымдар жылу энергиясын жылу өндіруші ұйымдардан сатып алады және оны тұтынушыларға сатады.
Жылу желілері жоқ жылумен жабдықтаушы ұйымдар жылу беруші ұйымнан жылу энергиясын беру жөніндегі қызметті сатып алады.
Тұтынушыларды жылумен жабдықтау жылу энергиясымен жабдықтауға жасалған шарттардың негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жылумен жабдықтауды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Қосалқы тұтынушылар жылу энергиясын тұтынушылармен жасалатын жылу энергиясын сатып алу-сату шартының негізінде алады. Тұтынушы қосалқы тұтынушылармен жылу энергиясын сатып алу-сату шарттарын жылумен жабдықтаушы және жылу беруші ұйымдардың келісімімен ғана техникалық шарттарды алғаннан және орындағаннан және жылу энергиясымен жабдықтауға жасалған шартқа өзгерістер енгізгеннен кейін жасаса алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет