«Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы


-бап. Жылу энергетикасы саласын дамытуды ұйымдастыру



бет5/14
Дата06.09.2023
өлшемі40,21 Kb.
#106285
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
11-бап. Жылу энергетикасы саласын дамытуды ұйымдастыру
1. Жылу энергетикасын, оның ішінде елді мекендерді жылумен жабдықтау жүйелерін дамыту жылу энергиясына сұранысты қанағаттандыру және қоршаған ортаға ең төмен зиянды әсері кезінде неғұрлым үнемді тәсілмен сенімді жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ энергия және ресурс үнемдеуші технологияларды дамыту мен енгізуді ынталандыру мақсатында жүзеге асыралады.
2. Елді мекендердің жылумен жабдықтау жүйелерін дамыту жылумен жабдықтау схемаларын дамыту негізінде жүзеге асырылады.
3. Жылу энергетикасын дамытудың негізгі бағыттары:
1) жылумен жабдықтауды жоспарлау, жылумен жабдықтаудың орталықтандырылған және орталықсыздандырылған жүйелерін оңтайлы біріктіру негізінде ұзақ мерзімді кезеңге Қазақстанның қалалары мен басқа да елді мекендерін жылумен жабдықтау схемаларын әзірлеу және іске асыру;
2) когенерациялық қондырғыларды, оның ішінде қолданыстағы жылыту қазандықтардың базасында енгізу;
3) дәстүрлі емес және жаңартылатын энергия көздерін, оның ішінде күн, жел, биогаз, геотермальды су, өндіріс қалдықтарының энергиясын пайдалану;
4) жаңадан құрылатын және қолданыстағы жылумен жабдықтау жүйелеріне тиімділігі жоғары жылу энергетикалық жабдық пен материалдарды, атап айтқанда, аса жоғары пайдалы іс-қимыл коэффициентімен қазандықтарды, шығарылатын газдың жылуын кәдеге жаратқыштарды, габариті аз жылу алмастырғыш аппараттарды, автоматикасы бар бірегейлендірген блоктық жанғыш құрылғыларды, диспетчерлік бақылау және технологиялық процестерді басқару аспаптарын енгізу;
5) жылу энергиясын магистральдық және таратушы жылу желілерінде тасымалдау кезінде ысыраптарды жылу оқшаулағыштың қазіргі заманғы түрлерін, оның ішінде көбіктенген полимерлік материалдарды енгізу әдістерімен төмендету;
6) құбыржолдарын пайдалану мерзімдерін тоттануға қарсы жабындылардың жаңа түрлері мен электр химиялық қорғау құралдарын енгізу, металл емес құбыржолдарын пайдалану әдістерімен арттыру;
7) пайдалану процесінде жылумен жабдықтау жүйелері жай-күйінің алдын ала диагностикасын (энергетикалық тексеру) енгізу;
8) жылумен жабдықтау проблемасының қағидатты жаңа шешімін енгізу және дамыту - әлеуеті төмен көздерді пайдалану есебінен ыстық сумен жабдықтау және жылыту үшін жылу алуға мүмкіндік беретін әртүрлі қуатты жылу сорғы қондырғыларын қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет