Жылу реттелу физиологиясы



бет3/3
Дата10.02.2023
өлшемі1,07 Mb.
#66926
1   2   3
Сурет 3. Тәулік ішінде адам тік ішегінің температурасының ауытқылары.


4-жұмыс. Дене температурасын бірқалыпты ұстауда қан айналымының маңызы
Жұмыстың мақсаты: Дене температурасын бір қалыпты ұстауда қан айналымының маңызы зор. Қан арқылы белгілі бір мүшенің (ағзаның) қызуы күштірек болса, басы артық қызу екінші мүшеге (ағзаға) ауысып оны жылытады.
Қажеттізаттар: электротермометр, сфигмоманометр. Зерттеу адамға жасалады.
Жұмысты орындау:Зерттелуші адам қол еті босаған қолын үстелдің үстіне қояды. Оның иығына сфигмоманометрдің манжеткасын кигізеді. Бір саусағының ұшына электротермометр қабылдағышын тигізіп, сол араның қалыпты температурасы өлшенеді. Содан кейін манжеткаға ауа толтырып ішіндегі қысымды 180-200 мм-ге (сынап бағанасымен) жеткізеді. Мұндай қысымда білек тамырлары қысылып білезік пен саусақ қан айналысы бұзылады. Тәжірибе кезінде сфигмоманометр манжеткасындағы қысымды сақтауға назар аудару керек. 5-10 минут бойы (әрбір минуттен кейін) электротермометрмен қол сыртының, саусақ ұшының білезік температурасы өлшенеді. Содан кейін манжеткадағы ауаны сыртқа шығарып жіберсе, қол сыртында, білезікте және саусақтарда қан айналысы қалпына келеді. Саусақ ұшы, қол сырты, білезік температурасын өлшеуді, одан әрі жалғастырып сол жерлерде температураның қалпына келген уақытын жазып қояды.
Тәжірибенің ұзақтығын 30 минуттан асырмау керек.
Жұмыс нәтижесі және оны жазып алу:
Алынған мәліметтер кестеге жазылады.



Тәжірибе жағдайы

Терінің температурасы




саусақта

білезікте

қол сыртында

1. Қалыпты жағдайда
2. Қан айналысы тоқтаған соң
1 минуттан кейін
2 минуттан кейін
10 минуттан кейін
3. Қан айналысы қалпына келген соң
1 минуттан кейін
2 минуттан кейін
10 минуттан кейін











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет