Жалпылай айтқанда қаржы менеджменті дегеніміз – бұл кәсіпорынның табыс табудың және өндірісті дамытудың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін қажетті ақша ағындарын қамтамасыз етумен, қаражаттар мен ақша қорларын қалыптастырумен және қолданумен байланысты кәсіпорындардың басқару қызметі болып табылады.
Қаржы менеджментінің негізгі міндеті – қаржыны басқарудың кәсіпорынның стратегиялық және ағымды мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған тиімді жүйесін қалыптастыру болып табылады. Нақты бір кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесі көптеген факторларға байланысты болады: меншіктік нысанына, ұйымдық-құқықтық дәрежесіне, салалық және технологиялық ерекшеліктеріне, капитал көлеміне.
Бүгінгі таңда әлемдік жетекші компаниялардың іскерлік стратегиясы бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізуге бағытталған. Демек, стратегия дегенімізді нарықтағы ұзақ мерзімді бәсекелстік артықшылықтарды анықтау және жүзеге асыру арқылы өз мақсаттарына жетуге бағытталған қорытынды жоспар ретінде қарастыруға болады. Стратегиялық мақсаттардың саны мен қалыптасуы әрбір компанияда алуан түрлі болуы мүмкін. Олар бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып отырады, сондықтан да кәсіпорын өз қарамағында түрлі мақсаттардың толық кешені болуы тиіс. Қаржы менеджментінің мақсаттарын келесідей тәртіп бойынша саралауға болады:
қаржылық дағдарысты немесе қолайсыз жағдайларды болдырмау;
өндіріс және өнімді өткізу көлемін арттыру;
бәсекелестермен күресте жетекші орынға ие болу (қаржыгерлердің көзқарастары бойынша бәсекелестік қабілет капиталдың рентабельділігімен, яғни капитал бірлігіне келетін табыстың мөлшерімен, сипатталады);
кәсіпорын құнын барынша арттыру.
Қаржы менеджменті бәсекелестік ортадағы ортадағы ролі өндіріс барысын тиімді ұйымдастырумен және оны қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету, осы процесстерді үнемі бақылап отырудан көрініс табады. Нарықтағы үлкен сұраныстарға ие болып жүрген тауарларды немесе әлі нарыққа түспеген жаңа тауарларды іздестіру, оларды өндіруге инвестициялар салу кәсіпорынның табыс көздерін арттыруға септігін тигізеді.
Кәсіпорынның қаржы менеджменті мен маркетингтік саясатының бәсекелестік ортадағы алатын орны ерекше. Бағалық шешімдерді дұрыс қабылдай білу, нарықтың белгілі бір сегменттеріне дұрыс икемделу, тауарды өткізу бойынша ұдайы күш жұмсау, тауарды өткізуді жіті қадағалау және бақылау, сондай-ақ маркетингтік саясатты уақтылы түзету кәсіпорынның қаржылық табыстарға жетуігің маңызды элементтері болып табылады. Осы орайда қаржы менеджменті мен маркетингтік қызметтің бір-бірімен тығыз байланысы көрініс табады.
Кәсіпорын қандай да бір нарықта немесе салада болмасын, оның өміршеңдігін, бәсекелестік қабілетіе тек өзінің қаржылық жағдайын бағалап қана қоюмен шектелмейді. Аталған салады немесе нарықта осы тектес тауар өндіруші кәсіпорындар қызмет етуде, тұтынушылардың көңілін жаулап алуға тырысуда екенін қаржы менеджерлері әсте естен шығармаса керек. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың қатынасы (нарық конъюнктурасы), тұтынушылардың талғамы, кәсіпорынның өндірістік қуаты – міне осы аталған көрсеткіштердің тиімді қатынасын қалыптастыра білу кәсіпорынның бәсекелстік қабілетінің нақты жағдайын анықтап береді.
Маркетингтік зерттеулердің маңызды көрсеткіштері – бұл тауардың сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығы болып табылады.
Отандық кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін арттыру кәсіпорындардың өз тарапынан және, ең алдымен, мемлекет тарапынан бірқатар шараларды қажет етеді. Қазіргі таңда кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін арттыруға бөгет болып тұрған бірқатар ішкі және сыртқы факторларды қарастыралық.
Біріншіден, дамыған елдермен салыстыруға келмейтін отандық кәсіпорындарға мемлекеттік тарапынан көрсетілетін қолдау. Бірінші кезекте, бұл жерде ішкі нарықтың дамуына себеп болатын және отандық тауар өндірушілердің халықаралық деңгейде мүдделерін қорғайтын мемлекеттік нормативтік құжаттардың, территориялық экспорттық баж салықтары мен жеңілдіктерді керек кезінде қабылдануы түсінуге болады.
Екіншіден, технологилық жағынан артта қалғандық. Өнеркәсіп саласындағы көптеген кәсіпорындар негізгі құралдардың жоғарғы деңгейдегі табиғи немесе моральдық тозуына байланысты өндірістік құралдарды түбегейлі қайта құруға және жаңаландыруға мұқтаж болып отыр.
Үшіншіден, қаржы менеджерлерінің, маркетингтік мамандардың, брокерлер мен дилерлердің жетіспушілігі. Қаржы активтерімен (бірінші кезекте фьючерстермен және опциондармен) сауда жасау әрекеттері, өкінішке орай, дамыған елдермен салыстырғанда, төмен деңгейде.
Төртіншіден, құнды қағаздар нарығының бәсекелестік қабілеті. Барлық елдерде қор нарығы жаңа мәселелермен, атап айтқанда, басқа нарықтар тарапынан бәсекелестікпен, қақтығысуда. Бұл қысым қор нарықтарын өзінің ішкі құрылымын болып жатқан өзгерістерге икемдеуге итермелейді. Сонымен қатар, нарықты барынша икемдеуге және технологиялық дамытуға ауқымды инвестициялық бағдарламалар қажет, ал бұл өз, кезегінде, ірі көлемдегі қаржы салымдарын қажет етеді.
Жоғарыда аталған факторлар, сонымен қатар отандық кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетінің күшті жақтарын бағалау еліміздегі кәсіпорындардың, сондай-ақ жалпы экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыруға септігін тигізетіні сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |