Ұйым менеджменті Тақырыбы: Ұйымдағы қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайының маңызы. Орындаған: мж-09/17 тобының студенті


Кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін



бет10/12
Дата06.01.2022
өлшемі233,5 Kb.
#13008
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Ұйымдағы қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайының маңызы.

3.2. Кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін

арттыру жолдары
Бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны сақтау қәсіпорындарды стратегиялық басқарудың шешуші қызметі болып табылатыны мәлім. Нарықтық қатынастардың дамуымен бұл қызметтің ролі мен маңыздылығы артып келеді.

Бәсекелестер алдындағы артықшылық негізінен алғанда инновациялық шаралардың көмегімен мүмкін болады. Сол себепті кәсіпорын қызметіне жаңа техникалық және технологиялық элеметтерді енгізу бәсекелестіктің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.

Кәсіпорындардың дамуындағы қиындықтар, бірінші кезекте, қаржы ресурстарының жетіспеушілігімен сипатталады. Барлық экономикалық және заңды тұрғыдан мүмкін болатын қаржы көздерінің арасында қарыз қаражаттар ерекше орын алады. Кәсіпорынның ішкі қаражат көздері, яғни табыс пен амортизациялық қорлардың қаражаттары қажетті инвестициялық мүдделерді жүзеге асыруға жеткіліксіз. Таза табыс кәсіпорын иелері арасында бөлінуге түссе, амортизация қорлары істен шыққан құралдарды алмастыруға ғана жетеді, ал алдыңғы технологиялы жаңа құралдарды тұтыну үшін қосымша қаражаттарды талап етеді.

Несиелік қаражаттарды кеңінен қолдану бірқатар факторлардың әсерінің нәтижесі деп қарастыруға болады:



  • өндірістік қатынастар жүйесі – экономикалық қатынастардың негізі. Тауар-ақша қатынастары оның тек құрамдас бөлігі болып табылады, ал соңғылары несие нарығының қызмет ету мүмкіндігін анықтайды;

  • кез-келген экономиканың өзегі болып табылатын және экономиканы ұйымдастырудың экономикалық принциптерімен негізделетін қаржы нарығы;

  • өндірістік қорлардың айналымының заңдылығы, нақты капиталдың қызмет етуі;

  • экономикалық тәуелсіз шаруашылық субъектілерінің қызмет етуі.

Отандық кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін арттыру кәсіпорындардың өз тарапынан және, ең алдымен, мемлекет тарапынан бірқатар шараларды қажет етеді. Қазіргі таңда кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін арттыруға бөгет болып тұрған бірқатар ішкі және сыртқы факторларды қарастыралық.

Біріншіден, дамыған елдермен салыстыруға келмейтін отандық кәсіпорындарға мемлекеттік тарапынан көрсетілетін қолдау. Бірінші кезекте, бұл жерде ішкі нарықтың дамуына себеп болатын және отандық тауар өндірушілердің халықаралық деңгейде мүдделерін қорғайтын мемлекеттік нормативтік құжаттардың, территориялық экспорттық баж салықтары мен жеңілдіктерді керек кезінде қабылдануы түсінуге болады.

Отандық тауарларды қорғаудың протекционистік шаралары микродеңгейдегі жағдайдың жақсаруына дейін жүзеге асыру қажет. Мұндай бағыт кәсіпорындар үшін сауданы ырықтандырудан және ішкі нарықтың толық ашықтығынан қолайлырақ болып келеді, өйткені бұл оларға өздерінің өміршеңдігін сақтап қалуға, өндірістік құралдарға салмақ түсірмеу мәселелерін шешуге және олардың өндірістік жұмыстар атқаруын қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Алайда, бұл жерде кәсіпорындардың, сондай-ақ жалпы экономикамыздың нағыз бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету процессін тежеп тұрған кемшіліктер жеткілікті.

Екіншіден, технологилық жағынан артта қалғандық. Өнеркәсіп саласындағы көптеген кәсіпорындар негізгі құралдардың жоғарғы деңгейдегі табиғи немесе моральдық тозуына байланысты өндірістік құралдарды түбегейлі қайта құруға және жаңаландыруға мұқтаж болып отыр. Осы орайда Қазақстанның өнепкәсіптік кәсіпорындарының өндірістік құралдары техникалық деңгейі бойынша алдыңғы қатардағы мемлекеттердің кәсіпорындарынан тым артта қалып келеді.

Үшіншіден, қаржы менеджерлерінің, маркетингтік мамандардың, брокерлер мен дилерлердің жетіспушілігі. Елімізде қаржы нарығы (несие нарығы, құнды қағаздар нарығы) қызмет етуде, қаржы нарығының кәсіпқой қатысушылары да баршылық, қаржы құралдары да айналымда бар. Алайда, қаржы активтерімен (бірінші кезекте фьючерстермен және опциондармен) сауда жасау әрекеттері, өкінішке орай, дамыған елдермен салыстырғанда, төмен деңгейде.

Төртіншіден, құнды қағаздар нарығының бәсекелестік қабілеті. Барлық елдерде қор нарығы жаңа мәселелермен, атап айтқанда, басқа нарықтар тарапынан бәсекелестікпен, қақтығысуда. Бұл қысым қор нарықтарын өзінің ішкі құрылымын болып жатқан өзгерістерге икемдеуге итермелейді. Сонымен қатар, нарықты барынша икемдеуге және технологиялық дамытуға ауқымды инвестициялық бағдарламалар қажет, ал бұл өз, кезегінде, ірі көлемдегі қаржы салымдарын қажет етеді.

Жоғарыда аталған факторлар, сонымен қатар отандық кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетінің күшті жақтарын бағалау, еліміздегі кәсіпорындардың, сондай-ақ жалпы экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыруға септігін тигізетіні сөзсіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет