Ұйым ресурстарының құрылымына мыналар жатады


Меншікті капиталдың тиімділігін өлшеу критерийі



бет3/3
Дата19.06.2022
өлшемі353,5 Kb.
#37051
1   2   3

9.5. Меншікті капиталдың тиімділігін өлшеу критерийі


Төмендегі көрсеткіштер меншікті капитал тиімділігінің өлшеу критерийлері болып табылады: қаржы тұрақтылығының коэффициенті; рентабельдік; меншікті қаражаттың айналымдылығы;
Қаржы тұрақтылығын өлшеудің құрамы келесіні қамтиды:


(15)
ҚК – есеп берудің соңғы күніндегі бухгалтерлік баланс бойынша қарыз капитал;
МК – осы күнге арналған меншікті капитал.
Өзін-өзі қаржыландыру коэффициенті = МК / ҚК ≈ 1,5 (60% / 40%).
БК – берешек коэффициенті, ұсынылып отырған мəні (60% / 40%). Ол қарыз жəне меншікті капиталдар арасындағы арақатынасты көрсетеді. Көрсеткіштің ұсынылып отырған мəні 60/40. Қарыз жəне меншікті қаражаттардың белгілі бір күндегі арақатынасы көрсетілген.

Қаржы тəуелсіздігі коэффициенті= МК\ БВ (16)


БВ – бухгалтерлік баланстың валютасы. Ұсынылып отырған мəні 0,5-тек көп немесе 50%-дан жоғары.
Тұрақты экономикалық өсу коэффициенті = ИТП /МК (17)
ИТП – негізгі капиталды қаржыландыруға жəне оған салуға бағытталған инвестицияланған таза пайда;
МК – меншікті капиталдың кезеңдегі орташа құны.

Меншікті капитал құрылымының коэффициенті= инвестициялық капитал / жинақталған пайда


Инвестициялық капитал = жарғылық капитал + үстеме капитал + мақсатты қаржыландыру.


Жинақталған пайда = резервтік капитал + бөлінбеген пайда.


Меншікті капиталдың рентабелдік көрсеткіштерінің құрамы келесі көрсеткіштерді қамтиды:




(18)
(19)
(20)
МКП – меншікті капиталдың пайдалылығы;
ТП – есептік кезеңдегі таза пайда;
– меншікті капиталдың есептік кезеңдегі орташа құны;
АКР – акционерлік капиталдың пайдалылығы;
АКоқ – акционерлік капиталдың есептік кезеңдегі орташа құны;
ТАК – таза активтердің пайдалылығы, %-бен; ТА – таза активтердің есептік кезеңдегі орташа құны.
Меншікті капиталдың айналымдылығы күндегі бір айналымның айналымдылық коэффициентімен жəне ұзақтығымен көрсетіледі:


(21)
(22)
(23)
(24)
(25)
(26)
МКАК, АКАК, ТКАК – меншікті капиталдың, акционерлік капиталдың, таза активтердің айналымдылық коэффициенті;
МКАҰ, АКАҰ, ТААҰ – меншікті капиталдың, акционерлік капиталдың, күндегі таза активтердің бір айналымының ұзақтығы;
СТ – тауарларды нарықтық бағада сатқанда түскен ақшалай түсім; К – есептік кезеңдегі күндер саны, бір жылда – 360 күн, бір тоқсанда – 90 күн.
«Меншікті капитал» категориясы АҚ-ның «таза активтері» түсінігімен тығыз байланысқан. Қоғамның таза активтері жарғылық капитал шамасынан төмен болуы мүмкін емес:
Таза активтер = есептеуге қабылданған активтер – баланс пассиві бойынша міндеттемелер.
Активтер құрамына айналымнан тыс жəне айналым активтерінің сомасы кіреді. Міндеттемелер құрамына кіретіндер: мақсатты қаржыландыру, ұзақ мерзімді міндеттемелер жəне қысқа мерзімді міндеттемелер. Бұл жағдайда баланс активі бойынша қаржылық салымдар сомасында акционерлерден сатып алынған меншікті акциялардың баланстық құны ескерілмейді4.
Келтірілген көрсеткіштер бірқатар кезеңдер (тоқсан, жыл) бойынша талданады. Талдау нəтижелері басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін АҚ Басқармасына жеткізіледі.

2. КӘСІПОРЫННЫҢ КАПИТАЛ ҚҰРЫЛЫМЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ: ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ


Қазіргі таңда отандық кәсіпорындардың капитал құрылымын басқару жүйесі қалыптасып, қаржылық менеджменттің классикалық әдістері Қазақстан жағдайларына бейімделу үстінде. Осы орайда кәсіпорындардың алдындағы басты мәселе – меншікті капиталды қалыптастыру және қарыз капитал тарту мен міндеттемелерді өтеу болып табылады. Кәсіпорындардың капиталы меншікті қаражаттар және қарыз қаражаттар тарту нәтижесінде қалыптасады. Алайда, меншікті қаражаттармен салыстырғанда, кәсіпорындар үшін қарыз қаражаттар тарту олар үшін бірқатар қиындықтар тудырады.


Компанияның капитал құрылымы – бұл өз шаруашылық қызметін жүзеге асыру барысында қолданатын меншікті және тартылған қаражаттар қатынасы. Меншікті және қарыз капиталы көрсеткіштері ретінде көбінде баланстың оң жағындағы сәйкес шоттар сальдосы қарастырылады. Капитал құрылымының мұндай «бухгалтерлік» түсінігі отандық экономистер мен басқарушылардың басым бөлігінде қалыптасқан. Яғни, баланс пассивінің мәліметтері қаржылық анализ теориясының әдіснамаларында мекеменің төлем қабілеттілігін бағалау үшін қолданылады. Мұндай тенденция аталмыш әдістің отандық экономика ғылымында кеңінен зерттелгендігімен және өзінің экономикалық талдау әдістері ішіндегі ең кең қолданыста екендігімен түсіндіріледі. Компания қызметінің нәтижелілігі пайдаланылатын капитал құрылымына айтарлықтай дәрежеде тәуелді.
Капитал құрылымы дегеніміз компания өз кызметінде пайдаланатын меншікті жене қарыз қаржы құралдарының арақатынасы. Меншікті және қарыз қаржы құралдарының арақатынасы компанияның нарықтық құнын барынша арттыруға мүмкіндік беретін басты факторлардың бірі болып табылады. Меншікті капиталдың төмендегідей негізгі кемшіліктері бар:

  • тарту көлемінің шектеулілігі;

  • капитал қалыптастырудың баламалы қарыз көздерімен салыстырғанда құнның жоғарылығы;

  • меншікті калиталдың пайдалылык коэффициентінің қарыз қаржы құралдарын тарту есебінен өсу мүмкіндігінің пайдаланылмауы.

Сөйтіп, тек өз меншікті капиталын ғана пайдаланатын компания қаржылық жағынан ең тұрақты болады, бірақ өзінің даму қарқынын шектейді және салынған капиталға пайданың, өсуі қаржылық мүмкіндігін пайдаланбайды. Қарыз капиталдың төмендегідей жақсы ерекшеліктері бар:
 компанияның әсіресе жоғары несиелік рейтингі, кепілзаты немесе кепілдемесі бар кезінде мүмкіндіктері барынша мол;
 оның активтерін айтарлыктай кеңейту және онын шаруашылык кызметі көлемінің. өсу қарқының арттыру қажет болғанда компаниянын қаржылық қуатынын, өсуін камтамасыз етеді;
 «салықтық қалқан» тиімділігін камтамасыз ету есебінен меншікті капиталмен; салыстырғанда құны неғұрлым төмен;
 қаржылық пайдалылықтың өсімін жинақтау қабілеттілігі (меншікті капитал пайдалылығының коэффициенті).
Өз кезегінде қарыз капиталын пайдаланудың, мынандай кемшіліктері бар:
 бұл капиталды пайдалану компанияның шаруашылық қызметінде неғұрлым қауіпті қаржылық тәуекелдерді;
- қаржылық тұрақтылықты азайту және төлемқабілеттілігін| жоғалту тәуекелдерін жинақтайды;
 қарыз капиталының есебінен қалыптасқан активтер төленетін пайыз сомасына азаятын төмен пайда нормасын жинақтайды;
 қарыз капиталының қаржы нарығы жағдайының құбылысына барынша тәуелділігі5.
Капитал құрылымының теориясы компанияның құны меншікті капиталдың ағымдағы нарықтық, бағасы мен қарыз капиталының ағымдағы нарықтық құнынан құралады деген тұжырымнан бастау алады. Дәстүрлі тәсілдеме нарықта қарыз капиталың тартатын компания ұзақ мерзімді қаржыландыру қарыз құралдарын тартпайтын компаниядан гөрі жоғары бағаланады деп есептейді.

1-кесте - Капитал құрылымының статистикалық үлгілері.



Белгісі

Дәстурлі үлгі

Модильянии Миллер үлгісі

Ымыралы үлгі

Иерархия үлгіс

Ғылыми Негіздеме

Жоқ. Оңтайлы құрылым әрбір жеке компанияның тәжірибесі арқылы анықталады

Ғылыми неґ ізделген жалғыз теория болып есептеледі

Ғылыми негізі болмайды

Ғылыми негізі болмайды

Шектеулердің болуы

Капиталдың онтайлы құрылымын калыптастыру жөнінде нақты шектеулері жоқ

Біркатар қатаң шектеулер сақталған жағдайда болады

Капиталдын, Оңтайлы құрылымын қалыптасты ру жөнінде нақты шектеулері жоқ.

Капиталдыи Оңтайлы құрылымын қалыптастыру жөнінде накты шектеулері жоқ;

1-кестенің жалғасы

Тәуекелдерді Ескеруі

Қаржылық және іскерлік тәуекелдерді ескереді

Капитал тартуға байланысты Тәуекелдерді ескереді

Қарыз капиталын тарту кезіндегі тәуекелдерді ескереді.

Компания тәуекелдерін барынша азайтады

Оңтайлы Құрылымды іздеу ұсыныстары

Оңтайлы құрылымның барлығын көрсетеді, бірақ осы құрылымды іздестіруге нақты ұсыныстар бермейді

Капиталдың оңтайлы құрылымын іздеу жөнінде ұсыныстар береді

Нақты компанияға меншікті және қарыз капиталыны ң ең жақсы үйлесімін есептеуге мүмкіндік бермейді,бір ақ. шешім қабылдау үшін жалпы ұсыныс тар қалыптас тырады

Борыш пен меншікті капиталдын, кандай да бір жоспарлы ара катынасы болмайды

Компания құнын барынша арттыру мүмкіндік тері

Компанияның жыл сайынғы табысы мен капиталының бағасын барынша ұлғайтатын капиталдың оңтайлы құрылымын анықтайды

Компания құнын барынша ұлғайтатын қаржыландыру тәсілін тандауға мүмкіндік береді

Акционерлік капиталдын, құны шұғыл өсуінен қарыз 100%- ға жакындаған кезде компания капиталыны ң құны барынша көтеріледі

Компания құнын барынша ұлғайтуға ұмтылмайды

Отандық кәсіпорындардың капитал құрылымын басқару жүйесі қалыптасып, қаржылық менеджменттің классикалық әдістері Қазақстан жағдайларына бейімделу үстінде. Осы орайда кәсіпорындардың алдындағы басты мәселе – меншікті капиталды қалыптастыру және қарыз капитал тарту мен міндеттемелерді өтеу болып табылады. Кәсіпорындардың капиталы меншікті қаражаттар және қарыз қаражаттар тарту нәтижесінде қалыптасады. Алайда, меншікті қаражаттармен салыстырғанда, кәсіпорындар үшін қарыз қаражаттар тарту олар үшін бірқатар қиындықтар тудырады. Капитал тұжырымдамасы түбегейлі уақыт мәселесіне байланысты болып келеді. К. Блисс айтқандай, «Капитал теориясының негізгі проблемаларының бірі - неліктен статистикалық және мәңгілік экономикалық теория қанағаттанарлық емес екендігін көрсету». Капитал өлшеу мәселесі жиынтық өндірістік үлгідегі проблемаға айналды: статистикалық тепе теңдік үлгісінде жинақталған және таратылған динамикалық үрдісті қалай талдауға болады? (мүмкін болған жағдайда). Кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың негізгі бағыттарыныың бірі өндіріс табыстылығын арттыратын ішкі резервтерді іздеу болып табылады. Оған өндіріс қуаттылығын толық пайдалану, өнімнің сапасы мен бәсеке қабілеттілігін арттыру, өзіндік құнды азайту, материалдардық, еңбек және қаржы ресурстарын үнемді пайдалану жатады.Осылайша, меншікті капиталды жүргізу кәсіпорын үшін өндірістің қаупті көлемін анықтауға және өткізудің қаупті бағасын есептеуге өте қажетті болып табылады6. Кәсіпорын нарықтағы іс-әрекетінің негізгі үш бағытын жүзеге асыруы керек:


- өндіріс шығындарын барынша азайту. Өндіріс шығындары неғұрлым аз болған сайын кәсіпорын өз өнімінің бағасын бәсекелестерге қарағанда төмендете алады. Соның нәтижесінде бұл өнімнің нарықтағы үлесі артады. Ол үшін кәсіпорын стратегиясын жоспарлағанда өндірісті және жабдықтауды жақсарту шараларын жаңа технологияны игеруді, өнімнің өзіндік құнын арзандату жолдарын қарастырады;
- шығындарды жүйелі түрде төмендету;
- кәсіпорынның жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына төмендегі негізгі бағыттарын айтуға болады (ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану; өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру; экономикалық процестерді мемлекет тарапынан реттеу);
- өнім өндіруде мамандыруды жоғарылату. Бұл бағыттың негізгі мақсаты өндіріс өнімінің сапасын жақсарту, тұтынушылар бағасы жоғары болса да, сапалы өнімді таңдайды. Сондықтан да бұл бағытты таңдаған кәсіпорындар қалай да өз өнімінің сапасын жоғарылатуды көздейді. Ол үшін жақсы дизайнерлер, жақсы дамыған маркетинг жүйесі болуы керек. Бұл бағытты таңдаған кәсіпорын нарықтағы бір өнім түріне деген сұранысты зерттеп, соған сәйкес өндірісті ұйымдастырады, яғни осы өнімнің өзіндік құнын төмендету немесе осы өнім өндіруіне жеке мамандану саясатын жүзеге асырады. Кәсіпорын бүкіл нарыққа ғана емес, тек оның бір бөлігіне нақты тұтынушыға, оның сұранысына қызмет етеді. Қорыта айтқанда, ең маңыздысы, кәсіпорынның барлық фунциялары жоспарланған стратегияны жүзеге асыруға және алдына қойған мақсаттарына жетуге бағытталғаны жөн.

ҚОРЫТЫНДЫ


Меншікті капитал – ұйым капиталының меншікті қаржыландыру көзінің есебінен қалыптастырылған бөілігі.


Ұйымның қаржы әлеуететінің негізін меншікті капитал құрайды.
Меншікті капитал айналымнан тыс активтің орны толтырылатын және қоғамның меншікті айналым қаражаты пайда болатын көз ретінде пайдаланылады. Сондықтан меншікті капитал ұйым қызметінде маңызды рөл атқарады.
Ұйымның негізгі қаржылық құрылымын өзінің меншік капиталының келесідей элементтері құрайды:
- жарғылық капитал;
- акционерлік қоғамнан сатып алынғаннан кейін қайта сатуға немесе күшін жоюға құқығы бар меншік акциялары (пайлар);
- резервтік капитал;
- қосымша капитал;
- бөлінбеген табыс (жабылмаған залал);
- мақсатты қаржыландыру.
Жарғылық капитал ұйым мүліктерінің ең аз мөлшерін анықтайды және ол несие берушінің мүддесіне кепілдік береді. Жарғылық капитал негізгі құралдардың, мүліктердің жиынтығын, материалдык емес активтерді және де ұйымды құрушышардың (заңды, жеке тұлғалар) арасындағы енші үлестер туралы құжаттарды анықтайтьн мүліктік құқықтарды сипаттайды.
Жарғылық капитал ұйымлардың әртүрлі ұйымдастыру - құқықтық нысандарында (серіктестік мен қоғам) сәйкес қалыптасады.
Меншікті қаржы ресурстарын қалыптастыру (меншікті қаржы ресурстары) саясаты ұйымның өзін-өзі қаржыландыруын қамтамасыз етуге бағытталған. Ол келесі кезеңдерден тұрады:

  • Меншікті қаржы ресурстардың базистік кезеңде қалыптасуы мен пайдаланылуын тал-даудан;

  • алдағы болжалды кезеңдегі меншікті қаржы ресурстардың жалпы қажеттігін анықтаудан;

  • əртүрлі көздерден тартылған қаражаттардың құнын бағалаудан;

  • ішкі жəне сыртқы көздердің есебінен меншікті қаржы ресурстарды тартудың ең көп көлемін қамтамасыз етуден;

Меншікті қаржы ресурстарды қалыптастырудың ішкі жəне сыртқы көздерінің ара-қатынасы бойынша оңтайландырудан.
Меншікті қаржы ресурстардың тұрақты қалыптасуы қаржы тəуекелінің ұйғарымды деңгейін ескере отырып, пайданың көлемін барынша көбейтуді қамтамасыз етеді. Олар:

  • таза пайданы дивидендтерді төлеуге жəне өндірісті дамытуға пайдаланудың оңтайлы құрылымы;

  • тиімді амортизациялық саясатты дайындау;

  • оңтайлы эмиссиялық саясатты қалыптастыру.

Нарықтық экономика жағдайында меншікті капитал құнын элементтері бойынша бағалау, меншікті капиталды тартудың қымбат емес көздерін таңдау негізінде, ұйымның қаржылық тұрақтылығын нығайтуға ықпал етеді.
Меншікті капитал құнын бағалаудың бірқатар ерекшеліктері бар, олардың ішіндегі маңыздыларына жататындар:

  • Акционерлерге төлеу сомасын салықтық базаға жатқызады, ол дивидендтер түріндегі табыстар бойынша анықталады. Дивидендтік төлемдерге салық салу заемдық капиталмен салыстырғанда меншікті капитал құнын арттырады. Акция иеленушілерге дивидендтер түріндегі төлем акционерлік қоғамның таза пайдасы есебінен жүзеге асырылады.

  • Меншікті капиталды тару инвесторлар үшін қаржылық тəуе-келмен байланысқан, ол оның құнын тəуекел үшін сыйақы шамасына ұлғайтады.

  • Меншікті капиталды жұмылдыру оның негізгі сомасы бойын-ша ақшаның кері ағымымен байланыспаған, оның жоғары құнына қарамастан, Ұйым үшін осы көздің тиімділігін растайды. Заемдық қаржылар бойынша кері ақша ағымы пайыздарды төлеумен қатар борыштың (заемның) негізгі сомасының белгіленген мерзімде қайтарылуынан тұрады. Тартылатын меншікті капитал бойынша кері ақша ағымы акционерлерге төлемнен (дивидендтер нысанындағы) ғана тұрады. Ол Ұйымның қаржылық тұрақтылығы жəне төлем қабілеттілігіне қол жеткізу тұрғысынан меншікті капиталды пайдаланудың үлкен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

  • Бухгалтерлік баланста белгіленген меншікті капитал көлемін оқтын-оқтын түзету қажеттілігі. Осы орайда меншікті капиталдың əрекет етуші бөлігі ғана нақтылануы тиіс, өйткені оның қайтадан тартылатын шамасын ағымдағы нарықтық бағаларда бағалайды.

Қазіргі таңда отандық кәсіпорындардың капитал құрылымын басқару жүйесі қалыптасып, қаржылық менеджменттің классикалық әдістері Қазақстан жағдайларына бейімделу үстінде. Осы орайда кәсіпорындардың алдындағы басты мәселе – меншікті капиталды қалыптастыру және қарыз капитал тарту мен міндеттемелерді өтеу болып табылады. Кәсіпорындардың капиталы меншікті қаражаттар және қарыз қаражаттар тарту нәтижесінде қалыптасады. Алайда, меншікті қаражаттармен салыстырғанда, кәсіпорындар үшін қарыз қаражаттар тарту олар үшін бірқатар қиындықтар тудырады.
Компанияның капитал құрылымы – бұл өз шаруашылық қызметін жүзеге асыру барысында қолданатын меншікті және тартылған қаражаттар қатынасы. Меншікті және қарыз капиталы көрсеткіштері ретінде көбінде баланстың оң жағындағы сәйкес шоттар сальдосы қарастырылады. Капитал құрылымының мұндай «бухгалтерлік» түсінігі отандық экономистер мен басқарушылардың басым бөлігінде қалыптасқан. Яғни, баланс пассивінің мәліметтері қаржылық анализ теориясының әдіснамаларында мекеменің төлем қабілеттілігін бағалау үшін қолданылады. Мұндай тенденция аталмыш әдістің отандық экономика ғылымында кеңінен зерттелгендігімен және өзінің экономикалық талдау әдістері ішіндегі ең кең қолданыста екендігімен түсіндіріледі. Компания қызметінің нәтижелілігі пайдаланылатын капитал құрылымына айтарлықтай дәрежеде тәуелді.
Отандық кәсіпорындардың капитал құрылымын басқару жүйесі қалыптасып, қаржылық менеджменттің классикалық әдістері Қазақстан жағдайларына бейімделу үстінде. Осы орайда кәсіпорындардың алдындағы басты мәселе – меншікті капиталды қалыптастыру және қарыз капитал тарту мен міндеттемелерді өтеу болып табылады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ





  1. Стандарты бухгалтерского учета № 6 «Учет основных средств»

  2. Стандарты бухгалтерского учета № 17 «Учет аренды»

  3. Генеральный план счетов бухгалтерского учета финансово-хозяйственной деятельности субъекта

  4. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы: жағдайы және шешу жолдары // «Финансовый менеджмент» - М.: 2014. - 10 с.

  5. Капитал таңдаудың жағымды жағдайы // «Экономика» газеті - Алматы. 2014. -17 бет.

  6. Судьба дискуссии двух Кембриджей о теории капитала // «Вопросы экономики» - Мәскеу:2009 ж. №8. – 9 бет.

  7. Э.Э. Михель, Р.А. Әмірханов, Г.А. Жолмырзаева, Ж.С. Мұхаметжанова. Қарыз қаражаттарын тарту саясаты // «Корпоративтік қаржы» -Алматы. 2012. -44-47 бет.

  8. Н.Н.Ібрішев Күрделі қаржы бюджетін оңтайландыру // «Корпоративтік қаржы» - Алматы. 2013. - 58-60 бет.

  9. Э.С Мадиярова. Капитал құрылымының теориясы // «Қаржылық менеджмент» - Алматы. 2012. -64 бет.


1 Н.Н.Ібрішев Күрделі қаржы бюджетін оңтайландыру // «Корпоративтік қаржы» - Алматы. 2013. - 58-60 бет

2 Э.С Мадиярова. Капитал құрылымының теориясы // «Қаржылық менеджмент» - Алматы. 2012. -64 бет

3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы: жағдайы және шешу жолдары // «Финансовый менеджмент» - М.: 2014. - 10 с.

4 Н.Н.Ібрішев Күрделі қаржы бюджетін оңтайландыру // «Корпоративтік қаржы» - Алматы. 2013. - 58-60 бет

5 Э.С Мадиярова. Капитал құрылымының теориясы // «Қаржылық менеджмент» - Алматы. 2012. -64 бет

6 Н.Н.Ібрішев Күрделі қаржы бюджетін оңтайландыру // «Корпоративтік қаржы» - Алматы. 2013. - 58-60 бет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет