Жұмысты орындаудағы мақсат: ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілігіне жүргізілетін талдау мен оған қолданылатын көрсеткіштер және ұйымның меншікті капиталын қалыптастыру тәртібі мен қазіргі таңдағы отандық ұйымдардың меншікті капиталын ұлғайту перспективаларын айқындау.
Жұмысты орындаудағы міндеттер:
ұйым қызметіндегі меншікті капиталдың рөлін, ұйымның меншікті капиталы, оның құрамы мен құрылымын зерделеу;
кәсіпорынның капитал құрылымын оңтайландыру, жағдайы және шешу жолдарын анықтау.
1. ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ РӨЛІ: ҰЙЫМНЫҢ МЕНШІКТІ КАПИТАЛЫ, ОНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1. Меншікті капиталдың мәні
Меншікті капитал – ұйым капиталының меншікті қаржыландыру көзінің есебінен қалыптастырылған бөлігі.
Ұйымның қаржы әлеуетінің негізін меншікті капитал құрайды.
Меншікті капитал айналымнан тыс активтің орны толтырылатын және қоғамның меншікті айналым қаражаты пайда болатын көз ретінде пайдаланылады. Сондықтан меншікті капитал ұйым қызметінде маңызды рөл атқарады.
Ұйымның негізгі қаржылық құрылымын өзінің меншік капиталының келесідей элементтері құрайды:
- жарғылық капитал;
- акционерлік қоғамнан сатып алынғаннан кейін қайта сатуға немесе күшін жоюға құқығы бар меншік акциялары (пайлар);
- резервтік капитал;
- қосымша капитал;
- бөлінбеген табыс (жабылмаған залал);
- мақсатты қаржыландыру.
Жарғылық капитал ұйым мүліктерінің ең аз мөлшерін анықтайды және ол несие берушінің мүддесіне кепілдік береді. Жарғылық капитал негізгі құралдардың, мүліктердің жиынтығын, материалдык емес активтерді және де ұйымды құрушышардың (заңды, жеке тұлғалар) арасындағы енші үлестер туралы құжаттарды анықтайтьн мүліктік құқықтарды сипаттайды.
Жарғылық капитал ұйымлардың әртүрлі ұйымдастыру - құқықтық нысандарында (серіктестік мен қоғам) сәйкес қалыптасады.
Мысалы, АҚ-ның жарғылық капиталы акционерлерден алынған жай және артықщьшығы бар акциялардың номиналдық құнынан құрылады. Бірақ артықшылығы бар акцияның (префакция) номиналдық құны жарғылық капиталдың көлемінен 25%-тен аспауы керек. Ұйымды құрғанда барлық акциялар оны құрушылары арасында бөлінеді.
Мысалы, дүниежүзілік тәжірбиде, ЖАҚ-ның акционері қосымша акция алуға мүліктік құқық алғанда да, (және олардың барлық акцияларын бірігіп иемденуге де құқығы жоқ. Нәтижесінде акция бөлігі - "Бөлшек акциялар" қалыптасады. "Бөлшек акциялар" акционерге, яғни иемденушісіне акцияның категориясына (типіне) байланысты ол құрайтын жалпы акцияның балама бөлігінің көлеміне сәйкес құқык береді. Ұйымның жарғысында орналастырылған акциялардың және бөлшек акциялардың жалпы көлемі жинақталады. Егер де мұндай операцияларды корытындылағанда бөлшек сан шықса, онда үйымның жарғысында орналасқан акциялар бөлшек сандармен көрсетіледі. Бөлшек акциялар қор нарығьнда бүтін акциялармен тең айналысқа түседі. Егер де белгілі - бір тұлға бір категориялы скі немесе одан да көп бөлшек акциялар иемденсе, онда бұл бөлшек акциялардың сомасына тең бүтін акцияларды немесе бөлшек акцияларды құрайды. Ұйымның барлық акциялары нақтыланған.
Акцияларға төлем формасы (ақшамен, бағалы қағазбен, ақшалы бағамы бар мүліктік құқықпен) ұйымның құрылуы келісімі мен жарғысы арқылы анықталады, ал қосымша акциялар оны орналастыру шешімімен анықталады. Ұйымның жарғысы мен акцияның көлемін, номиналдық бағасып және категориясын (типін) қоғамдық ұйым өзі| қосымша анықтауға толық құқығы бар. Егер де жаргыда бұл ерешеліктер жоқ болса, косымша акция орналастыруға болмайды.
Қосымша акцияны алу үшін оның номиналдық құқынан 25% кем емес ақша қаражаттарынан төмендеуі тиіс. Акционерлерді акцияға төленетін төлемақыдан босатуға құқығы жоқ. Жарғылық капиталды толық төлемейінше, акцияларга ашық түрде жазылуға мүмкіндік берілмейді. Қоғамдык ұйымды құрғанда оның акциялары құрушылар арасында ғана таратылған.
Ұйымның таза активтері 2 жылда және одан кейінгі жылдарда жарғылық капиталынан (азайғаны туралы) кем болатын болса., ұйым оны тиісті органдарға хабарлауы керек. Ал егер де жарғылық капиталдың ең кіші мөлшері заңға сәйкес таза активтерден аз анықталатын болса, онда ұйымды таратуға тура келеді. Ұйымның жарғылық капиталын акциялардың номиналдық құнын өсіру арқылы немесе қосымша акцияларды орналастыру арқылы ұлғайтуға болады. Акцияның номиналдық кұнын өсіру туралы шешім барлық акциялардың жалпы жиналысында талқыланады. Ал жарғылық капиталды арттыру мақсатында қосымша акцияларды орналастыру туралы шешімді акционерлер немесе директорлар кеңесінің (бақылау кеңесі) жиналысында жасайды. Мұндай құқық ұйымның жарғысында бскітілуі ксрек. Қосымша акциялар тек жарғыда көрсетілгсн белгілі бір мөлшерге дейін ғана орналасуы керек.
Жарғылық калиталды арттыру жолында қосымша акцияларды енгізу шешіміне байланысты келесідей ережелер сақталуы тиіс;
- енгізілетін қосымша акшалардың, яғни жай немесе артықшылығы бар акциялардың әрбір типіне сәйкес категориялы акциялардың саны;
- қосымша акцияны екгізудің әдісі мен бағасы;
- жазылу арқылы енгізілген қосымша акциялардыц төлем нормасы;
- енгізудің т.б. ережелері.
Ұйымның жарғылық капиталын қосымша акциялар арқылы немесе олардың номиналдық құнын жоғарылау арқылы ғана оның мүлкінің есебінен жүзеге асырылады. Егер де жарғылық капиталды ұйымның мүлкі арқылы қосымша акцияларды орналастырса, оларды акционерлер арасында таратуы керек. Сонымен қатар акциялар бірдей категориялы (тип) болуы қажет.
Ал жарғылық капиталды қосымша акциялардың енгізілуінен бұрын жоғарылатса, одан бөлшек акциялар шығаруына рұқсат беріллмейді.
Қосымша акцияларды шығару арқылы жарғылық капиталды ұлғайтуға, мемлекеттік және жергілікті меншік органдары бекіткен 5% беруге акционерлердің құқығы бар, егер де жалпы акционерлер жиналысында белгіленген мерзім көлемінде іске асыруға мүмкіндігі бар болса, сол ұлғайтқап капиталдан мемлекеттік және жергілікті ұйымдардың үлесі сақталады1.
Жарғылық капиталды номиналдық құны арқылы немесе жалпы акциялардың санын қысқарту арқылы төмендетуге болады. Егер де жарғылық капиталды төмендететін болсақ, онда заңға сәйкес оның ен кіші мөлшерінен төмен болмауы керек. Тек акционерлердің жалпы жиналысында ғана жарғылық капиталды төмендету туралы шешім кабылданады. Сонымен катар ұйымның жарғылық ережесіне де көптеген өзгерістер енгізеді.
Акцияны ұйым белгіленген директорлар кеңесімен (бақылау кеңесі) нарық бағасынан кем емес жағдайда, акцияның сатып алынуы мен бағамын қадағалап, талап ету құқығы бар тәуелсіз бағалауымен сатады.
Акционер ұйымнан шешім қабылдаған күннен бастап, 45 күн ішінде жазбаша түрде талап ету қажет. Егер де акционер талап ету құжатын жазбаса, онда ұйым 30 күн ішінде акцияны қайта сатып алуға міндетті.
Жарғылық капитал ұйымның меншікті капиталының ішіндегі ең тұрақтысы болып саналады. Әдетте ұйым өз меншік формасын өзгертпесе, ол жыл бойы өзгеріссіз тұра береді. Ұйымның сатып алған меншік акциялары кейін оны қайта сатып немесе күшін жою арқылы әртүрлі қолданылады. Шаруашылық ұйымның (жауапкершілігі шектеулі немесе қосымша) немесе серіктестіктің үлес бабына байланысты ессптелінеді. АҚ-ң немесе серіктестіктің акционері өзінің меншік акциясын сатқанда нақтылық шығындар сомасы бухгалтерлік есептемеде жазылады, "Меншік акциялар" дебетіне, ал кредитіне ақша құралдарының есептемесі жазылады. Ұйымның өзі сатып алған меншік акциясының күшін жоюы "Акция" шотының кредитіне жазылады, "Жарғылық капиталдың" дебетіне жазылады.
"Акциялар" шотында болатын акцияларды сатып алу мек олардың арасындағы номиналдық құнның айырмашылығын "Басқа да кірістер мен шығыстар" шотында жазуға болады,
АҚ-ң резервтіқ капиталы оньң жарғысында қарастырылғандай жарғылық каииталдың 5%-нен төмен болмауы керек. Рсзервтік капитал жарғыда көрсеткендей таза табыстан жыл сайын түсіп отыратын міндетті төлемдерден құралады. Жыл сайынғы аударымдар жарғыда бекітіледі және ол табыстың 5%-нен кем болмауы тиіс.
Ұйымның жалпы акцияларды сатып алу құралдарының соммасы, оның 10% таза активтерінен аснауы керек. Ұйымды қайта құрған кезде бұрынғы акцияның қалдық төлемі өтелінуі тиіс. Егер де ұйым басқаша жағдайда сатып алса, акция ұйымның басқарылуына беріліп, 1 жыл ішінде нарық бағасымен сатылуы тиіс. Ұйым бұл жағдайларды дұрыс шешпесе, онда акционерлер жалпы жиналыс құрып, жарғылық капиталды төмендету туралы шешім қабылдайды.
Ұйым 30 күн ішінде өзінің кредиторларына жарғылық капиталының төмендегені туралы хабарлама беруі керск. Хабарлама берілген күннен бастап 30 күн ішінде кредиторлар ұйымнан, мерзімінен бұрын міндетін өтеуді немесе тоқтатуды, осыған байланысты келтірген шығыңдарды төлеуді талап етуге құқықтары бар, (мыс: облигациялық қарыз). Ұйымнын жарғылық капиталының төмендеуі туралы мемлекеттік тіркеуге енуі кредиторларға келіп түскен хабарлама арқылы ғана жүзеге асады. Акциялар мен облигацияларды сатып алу үшін ұйымның басқа ақша қаражаттары болмаса, онда ол резервтік капиталды қолданады. Резевтік капиталды жұмсағаннан кейін оны келесі есеп беру кезеңіне дейін толтыруы қажет. Ұйымның жұмысшыларын акцияландыру қорынан түскен түсімді ұйым резервтік капиталдың қалыптасуына түсіреді.
Шетелдік инвестициялары бар кәсіпорындар резервтік капиталына таза табыстан ең жоғарғы көлемде салым салынады. Бұл ұйымның жарғысында таза табыстан жұмыскерлерді акцияландыру қорын құруды қарастыру керек. Осы құралдар ұйымның жұмыскерлері арасында акцияларды сатып алу үшін жұмсалады.
Шаруашылық серіктестіктер мен ұйымдар үшін резервтік капиггалдың ең төмен мөлшері көрсетілмеген. Ол кобінесе белгіленген ұйымдастырушы құжаттар көлемінде жинақталады.
Резервтік капиталға аударымдар «Резервтік капитал» шоты кредитіне және «Бөлінбеген табыс» шотының дебетіне жазылады. Мұның жарты сомасы есеп беру жылының шығындарын жабу үшін "Қысқа мерзімді несиемен есептесуге" демесе ұйымның облигациядарына төленетін сома "Ұзақ мерзімді несиемен есептесуге" қолданылады.
Мүлік бағамының жоғарылауы, эмиссиялық кіріс, қайтарымсыз бағалы құндылықтар және т.б. түсімдер косымша капиталды көрсетеді.
Қосымша капиталдың кегізгі элементіне кіретіндер;
- айналымнан тыс активтердің қосымша бағалауының сомасы;
- акционерлік қоғамның эмиссиялық кірісі (акцияның номиналдық құнының жоғарылауының сомасы, яғни сату шығындарын алып тастағанда);
- баска Ұйымдардан немесе басқа да түсімдерден түскен қайтарымсыз мүліктер.
Сомалар "Қосымша капитал" шотының кредитіне ереже бойьшша көшірілмейді. Ал дебетке олар келесі жағдайларда жазылады:
1) Айналымнан тыс активтерді бағалау қорытындысы бойынша сомасының төмендеуі - актив шоттардың корреспонденциясы есебінсн анықталуы;
2) Жарғылық капиталды ұлғайтудың бағыттары - "Жарғылық капитал" және "Құрушы мен есеп айырысу" шоттардың кредитіне жазылып корреспонденциялануы;
3)Ұйымды кұрушылар арасында соманы бөлу - "Құрушы мен есеп айырысу" корреспонденцияланғанда.
"Қосымша капитал" шотының аналитикалық есебін жүргізгенде, ол кұралдарды қолдану бағыттарының және қалыптасуының көздері туралы мәліметтер алады. Бөлінбеген табыс АҚ-ң меншік капиталының калыптасуының негізгі көзі болып табылады. Қазір іс-жүзіндегі заңдар шаруашылық субъектісіне келіп түскен таза табысты жедел қолдануға құқық береді. Бөлінбеген табысқа жататындар:
- өткен жылғы бөлінбеген табыс (шығын);
- есеп беру жылындағы бөлінбеген табыс (өтелмеген шығын); "Өткен жылдың бөлінбеген табысы" бөлімшесі АҚ-ң өткен жылғы жұмысының нәтижесіндегі табыс қалдығын көрсетеді.
Есеп беру саясатын қабылдаған құрылтайшылар құжаттарында көрсетілген арнайы қорлар (жинақ және тұтыну қорлар) қалдығы бухгалтерлік есеп және есеп беру нормативтік құжаттарьна сәйкес жыл соңындағы жұмысшылардың қорытындысы жеке жазылмайды. Өткен жылдың бөлінбеген кірісінің сомасын келесі мақсаттарға қолданады:
- резервтік капиталды толтыруға;
- жарғылық капиталды ұлғайтуға;
- құрушылар құжаттарына сәйкес арнайы қорларды ұлғайтуға жұмсау;
- акционерлік қоғам құрушылардың табысын төлеуге.
Өткен жылдың жабылмаған шығындарын есептеп шығару үшін оны өтеу жолымен іске асыру:
- есеп беру жылының табыстары;
- резервтік капитал құралдары;
- құрушылардың мақсаттық салымдары әдеттегі қызметтен түскен жөне төтенше кіріс пен шығыс сальдосы арасындағы түсім айырмашылығынын сомасы "Есеп беру жылының бөлінбеген табысы" шотында көрсетіледі. Бөлінбсген табыстар бухгалтерлік баланстың Ұйымның соңғы қаржылык қорытындылары, салыққа төленетін сома және мемлекеттің бюджеттік жүйесіне түсетін (сол сияқты) міндетті төлемдер көрсетіледі (салық салуды кешіктірген үшін санкцияларда). Бухгалтерлік есепте есеп беру жылының таза табысының сомасы желтоқсан айының соңғы айналымындағы "Бөлінбеген табыс (шығын)" және "Шығыс пен кіріс" шоттарының кредитінде корреспонденцияланады. Ал есеп беру жылының таза шығысының сомасы желтоқсанның соңғы айналымындағы "Бөлінбеген табыс (шығын)" шоты дебетінде, "Шығыс пен кіріс" шотының кредитінде қорланады. Таза табыстьң жартысы ұйым құрушыларының табыс төлемінде жұмсалуы мүмкін.
Есеп беру жылының шығынын жабу үшін резервтік және қосымша капиталдар құралдары немесе құрушылардың мақсаттық салымдары т.б. жұмсалуы тиіс.
Егер де жабылмаған шығынды бухгалгерлік баланста қалдыратын болса, онда оны келесі жылдың есеп беру кезеңіне көшіруі қажет, бұл шығын сомасы "Өткен жылдың бөлінбеғен табысы (өтелмеген шығын)" шотына апарылуы тиіс. Қолданған қаржылық құралдырының бағыттары туралы мәліметтерді "Бөлінбеген табыс, өтелмеген шығын" (шоттың) аналитикалық шотынан көруге болады. Бөлінбеген табыстың аналитикалық есебін ұйымдастыру үшін негізгі капиталды қаржыландыру көздерінің пайдалағанын не пайдаланбағанын көрсетіп, оны бөледі.
Сонымен, бұлардан келесі қорытынды шығаруға болады:
1) Бөлінбеген табыс - капиталдық салымдардың қаржыландыру көзі болып табылады;
2) Есеп беру кезеңінің балансында бөлінбеген табыстың бар болуы, ол Ұйымның айналым құралдары көздерінің толтырылуын көрсетеді;
3) Меншік капиталы үлесінің жоғарыда көрсетілгендей көздерден ұлғаюы кәсіпорынның қаржылық нығаюын және де сыртқы каржыландыру көздерінен тәуелсіздігін көрсетеді2.
"Мақсаттық қаржыландыру" шотының құрамына мақсаттық шараларға жұмсалатын акша қаражаттары кіреді (заңды тұлғалардан немесе мемлекеттен түсетін бюджеттік қаржы бөлу ретіндегі ақша құралдары). Белгілі бір шараларды мақсаттык қаржыландыру корреспонденциясы "Мақсаттық қаржыландыру" шоты кредитінде, "Дебитормен, кредитормен әр түрлі есеп айырысу" шоты дебетінде жазылса, ал кредитінде көрсетілетін шоттар:
- "Негізгі өндіріс" және "Жалпы шаруашылық шығындар";
- Коммерциялык ұйымдарды қаржыландыру бағытында;
- Қосымша капитал" - инвестициялық мақсатында қолданылатын құралдарда;
-"Болашақ кезең табыстары" бюджеттік құралдарды мақсаттық шығындарды қаржыландыру бағытында.
Меншікті капитал айналымнан тыс активтің орны толтырылатын және қоғамның меншікті айналым қаражаты пайда болатын көз ретінде пайдаланылады. Меншікті айналым қаражаты кәсіорынның жыл бойы тұрақты төлем қабілетін қолдау үшін қажет. Актив пен пассив балансы бойынша алдағы кезеңнің соңында меншікті айналым қаражатының жоспарлы мөлшері анықталады, яғни Ұйымның келешектегі төлем қабілеттілігі, сондай-ақ осы қаражаттың өсімінің мөлшері болжанады.
Меншікті қаражаттың құрылымы оның жалпы мөлшеріндегі әрбір баптың өзіндік салмағын сипаттайды. Әрбір бөлімшенің меншікті үлес салмағының жалпы көлемі меншік капиталының құрылымын көрсетеді. Бұл капитал құрылымына сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді. Ішкі факторлар (менеджмент пен маркеткнг жағдайы т.б.) Ұйым басшылығының бақылауында болды. Сыртқы факторларды меншік капиталының құрылымының мақсатты қалыптасуында байқаймыз. Әдетте бұларға кіретіндер: қаржылық нарық жағдайы және мемлекеттің ақша - несие, салық саясаттары. Меншік капиталының құрылымын есеп беру кезеңінде (тоқсан, жыл) және болашақта болатын болжамын құрғанда көруге болады.
Меншікті капиталдың құрылымы бірқатар есепті кезең (тоқсан, жыл) бойынша зерттеледі және зерттеу нәтижесі бойынша келешекке болжам жасалады.
Меншікті капиталды қалыптастырудың негізгі мақсаттары:
Меншікті капитал есебінен айналымнан тыс активтердің (меншікті негізгі капиталдың - МНК) қажетті көлемін жасау;
Меншікті капитал есебінен айналым активтерінің белгілі бір үлесін, яғни меншікті айналым капиталын (МАК) қалыптастыру.
Меншікті негізгі капиталдың көлемі:
МНК = АТА – ҰМ формуласы бойынша анықталады. (1)
Мұнда: АТА – тоқсанның, жылдың аяғындағы баланс бойынша айналымнан тыс активтер;
ҰМ – айналымнан тыс активтерді қаржыландыру үшін пайдаланылатын ұзақ мерзімді міндеттемелер.
Меншікті айналым капиталының көлемі:
МАК = АА – ҰМ – ҚМ формуласы бойынша анықталады. (2)
Мұнда: АА – айналым активтері;
ҰМ – айналым активтерін қаржыландыруға бағытталған ұзақ мерзімді міндеттемелер;
ҚМ – айналым активтерін қаржыландыруға бағытталған қысқа мерзімді міндеттемелер.
Меншікті капитал көлемінің айналымнан тыс активтердің көлемінен асып түсуі (ұзақ мерзімді міндеттемелерді есептемегенде) таза айналым капиталы болып табылады (ТАК):
ТАК = МК – АТА – ҰМ (3)
Таза айналым капиталы есепті кезеңде Ұйым оңтайландыратын бос ақшалай қаражаттардың сомасын көрсетеді.
Меншікті капиталдың оңтайландыру коэффициенті:
MK(Kì ñê ) = TAK/MK (4)
Ұсынылған Кмск= 0,2 – 0,3 мəні меншікті капиталдың қай бөлігі айтарлықтай өтімді (икемді) екендігін анықтайды.
Меншікті капиталды қалыптастыру көздері ішкі жəне сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі көздер кіріктіреді:
бөлінбеген пайданы;
негізгі қаражатты қайта бағалау нəтижесінде пайда болған қаражатты;
сақтаудағы қорды;● басқа да ішкі көздерді.
Сыртқы көздерге:
қосымша капиталды жұмылдыру;
құрылтайшылардың компанияның жарғылық капиталына жарна төлеуі арқылы;
қосымша акционерлік капитал тарту, яғни қайталама эмиссия, ак-цияларды сату;
заңды тұлғалар мен мемлекеттің тегін қаржылай көмек көрсетуі;
инвестициялық мақсаттарға арналған мақсатты қаржыландыру қаражаты;
басқа да сыртқы көздер жатады.
1.2. Меншікті қаржы ресурстары саясатының қалыптасуы жəне оны бағалау
Меншікті қаржы ресурстарын қалыптастыру (меншікті қаржы ресурстары) саясаты ұйымның өзін-өзі қаржыландыруын қамтамасыз етуге бағытталған. Ол келесі кезеңдерден тұрады:
Меншікті қаржы ресурстардың базистік кезеңде қалыптасуы мен пайдаланылуын талдаудан;
алдағы болжалды кезеңдегі меншікті қаржы ресурстардың жалпы қажеттігін анықтаудан;
əртүрлі көздерден тартылған қаражаттардың құнын бағалаудан;
ішкі жəне сыртқы көздердің есебінен меншікті қаржы ресурстарды тартудың ең көп көлемін қамтамасыз етуден;
Меншікті қаржы ресурстарды қалыптастырудың ішкі жəне сыртқы көздерінің ара-қатынасы бойынша оңтайландырудан.
1. Бірінші кезеңде пайда мен меншікті капиталдың өсу қарқынының активтердің, сату көлемінің жəне қаржы ресурстарының жалпы көлеміндегі меншікті көздердің үлес салмағы динамикасының өсу қарқынына сəйкестігі зерттеледі.
Олардың арасындағы оңтайлы мəн келесідей:
ПҚ > СТҚ > МКҚ > АҚ > 100% (5)
ПҚ – пайданың өсу қарқыны;
СТҚ – сатудан түскен ақшалай түсімнің өсу қарқыны;
МКҚ – меншікті капиталдың өсу қарқыны;
АҚ – активтердің өсу қарқыны.
Формуладан көрінгендей пайданың басқа параметрлерге қарағанда барынша жылдам қарқынмен өсу керек екендігін байқауға болады. Бұл жерде бірінші кезекте өзін-өзі қаржыландыру коэффициенті анықтала отырып, базистік кезеңдегі Меншікті қаржы ресурстардың жеткіліктілігі бағаланады.
(6)
Меншікті қаржы ресурстары – базистік кезеңдегі меншікті қаржы ресурстары – меншікті қаржы ресурстары.
А (О) – есепті кезеңмен салыстырғанда болжалды кезеңдегі активтердің өсуі.
Меншікті қаржы ресурстарының жалпы қажеттігі мына формула бойынша анықталады:
(7)
Меншікті қаржы ресурстарыҚ – алдағы кезеңдегі меншікті қаржы ресурстарының жалпы қажеттігі;
КҚ – болжалды кезеңнің соңындағы капиталдың жалпы қажеттігі;
МКҮС – болжалды кезеңнің соңындағы меншікті капиталдың жалпы сомасындағы оның үлестегі, бірліктегі үлес салмағы;
ККБС – меншікті капиталдың кезеңнің басындағы сомасы;
ТТП – тұтынуға бағытталған болжалды кезеңдегі таза пайданың сомасы.
Əртүрлі көздерден тартылған меншікті капитал өзінің жекелеген элементтерінің бөлігінде (акционерлік капитал, бөлінбеген пайда жəне т.б.) бағаланады.
Сыртқы жəне ішкі көздердің есебінен меншікті қаржы ресурстарын тартудың ең көп көлемін қамтамасыз ету дереккөздер мен олардың абсолютті көлемінің белгілі бір тізімін талап етеді.
Төменде берілген формула бойынша анықталатын таза пайда мен амортизациялық аударымдар негізгі ішкі көздер болып табылады.
AA + TП→ ∑ MKP → max (8)
АА + ТП – амортизациялық аударымдар мен таза пайданың болжалды көлемі;
Меншікті қаржы ресурстарыmax – меншікті көздер есебінен пайда болған Меншікті қаржы ресурстардың ең көп сомасы.
Сыртқы көздерден (Меншікті қаржы ресурстарысырт) тартылған Меншікті қаржы ресурстардың көлемі олардың сыртқы көздері есебінен қалыптастыра алмаған бөлігінің тапшылығын жабуға арналған.
Меншікті қаржы ресурстарысырт = Меншікті қаржы ресурстарыК – Меншікті қаржы ресурстарыішкі (9)
Меншікті қаржы ресурстарысырт – сыртқы көздер есебінен меншікті қаржы ресурстарын тартудың қажеттігі;
Меншікті қаржы ресурстарыТК – Меншікті қаржы ресурстардың болжалды кезеңдегі жалпы қажеттігі;
Меншікті қаржы ресурстарыішкі – сыртқы көздер есебінен көзделіп отырған жəне тартылған қаржы ресурстарының сыртқы көздерінің көлемі.
5. Меншікті қаржы ресурстарды қалыптастырудың ішкі жəне сыртқы көздерін оңтайландыру процесі:
а) Меншікті қаржы ресурстарды жұмылдыру бағасының құнын барынша төмендетуге;
ə) егер басқару ісі айтарлықтай өнімді болса, Ұйымны басқаруды алғашқы құрылтайшының (меншік иесінің) құқығында сақтауға негізделеді.
Меншікті қаржы ресурстарды қалыптастыру үшін жасалған саясаттың тиімділігін тұрақты экономикалық өсу коэффициенті арқылы бағалауға болады.
(10)
МК – меншікті капиталдың қарастырылып отырған кезеңдегі орташа құны;
ТП – ∑Д – қайта инвестицияланатын пайда.
Көрсеткіштер ұйым дамуының тұрақтылығы мен келешектілігін сипаттайды.
Меншікті қаржы ресурстардың тұрақты қалыптасуы қаржы тəуекелінің ұйғарымды деңгейін ескере отырып, пайданың көлемін барынша көбейтуді қамтамасыз етеді. Олар:
таза пайданы дивидендтерді төлеуге жəне өндірісті дамытуға пайдаланудың оңтайлы құрылымы;
тиімді амортизациялық саясатты дайындау;
оңтайлы эмиссиялық саясатты қалыптастыру3.
1.3. Меншікті капиталдың құны
Нарықтық экономика жағдайында меншікті капитал құнын элементтері бойынша бағалау, меншікті капиталды тартудың қымбат емес көздерін таңдау негізінде, ұйымның қаржылық тұрақтылығын нығайтуға ықпал етеді.
Меншікті капитал құнын бағалаудың бірқатар ерекшеліктері бар, олардың ішіндегі маңыздыларына жататындар:
Акционерлерге төлеу сомасын салықтық базаға жатқызады, ол дивидендтер түріндегі табыстар бойынша анықталады. Дивидендтік төлемдерге салық салу заемдық капиталмен салыстырғанда меншікті капитал құнын арттырады. Акция иеленушілерге дивидендтер түріндегі төлем акционерлік қоғамның таза пайдасы есебінен жүзеге асырылады.
Меншікті капиталды тару инвесторлар үшін қаржылық тəуекелмен байланысқан, ол оның құнын тəуекел үшін сыйақы шамасына ұлғайтады.
Меншікті капиталды жұмылдыру оның негізгі сомасы бойынша ақшаның кері ағымымен байланыспаған, оның жоғары құнына қарамастан, Ұйым үшін осы көздің тиімділігін растайды. Заемдық қаржылар бойынша кері ақша ағымы пайыздарды төлеумен қатар борыштың (заемның) негізгі сомасының белгіленген мерзімде қайтарылуынан тұрады. Тартылатын меншікті капитал бойынша кері ақша ағымы акционерлерге төлемнен (дивидендтер нысанындағы) ғана тұрады. Ол Ұйымның қаржылық тұрақтылығы жəне төлем қабілеттілігіне қол жеткізу тұрғысынан меншікті капиталды пайдаланудың үлкен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Бухгалтерлік баланста белгіленген меншікті капитал көлемін оқтын-оқтын түзету қажеттілігі. Осы орайда меншікті капиталдың əрекет етуші бөлігі ғана нақтылануы тиіс, өйткені оның қайтадан тартылатын шамасын ағымдағы нарықтық бағаларда бағалайды.
Қайтадан тартылған меншікті капиталды бағалаудың ықтималдық сипаты бар, яғни акциялардың ағымдағы нарықтық бағалары қор нарығында едəуір өзгерістерге түсуі ықтимал. Заемдық қаржыларды тарту заемшылардың банктермен жасаған шарттарында тіркелген пайыздық мөлшерлемелерге негізделген.
Жай акциялардың эмиссиясы есебінен қосымша капиталды тарту құны келесі көрсеткіштермен анықталады:
Жай акциялардың қосымша эмиссиясы сомасымен;
Бір жай акция үшін төленген дивиденд сомасы;
Дивидендтер түріндегі таза пайданы акционерлерге төлеу өсімінің жоспарланған индексі;
Жай акциялардың эмиссиясы бойынша болжанған шығындар.
Артықшылықты акциялардың эмиссиясы арқылы қосымша капиталды тарту құнының белгіленген мөлшерін акционерлердің жалпы жиналысы белгілейді. Артықшылықты акциялардың эмиссиясы арқылы қосымша капиталды тарту жəне заемдық қаржыларды тарту прооцестерінің ұқсастығы осында. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтік төлемдер таза пайда есебінен жүргізіледі. Дивидендтерді төлеумен қатар қоғамның шығындарына акцияларды шығару бойынша эмиссиялық шығындар жатады.
Меншікті капиталдың (МК) құны келесі элементтер бойынша бағаланады: есептік кезеңде пайдаланылатын МК құнын есептеу:
(11)
МКкп – есептік кезеңде пайдаланылатын МК құны, %-бен;
АТП – пайдалану барысында акционерлерге төленген таза пайда сомасы;
МК – есептік кезеңдегі МК орташа мөлшері. алдыңғы кезеңде пайдаланылатын капитал құны:
МКак = МКак * І
МКак – алдыңғы кезеңде пайдаланылатын МК құны, %-бен;
есептік кезеңде пайдаланылатын МК құны, %-бен;
Ұйымның таза пайдасынан төленетін төлемдер өсімінің болжанып отырған индексі, жалпы үлесте/бірлікте.
3) қосымша тартылған акционерлік капитал құны жай жəне артықшылықты акциялар бойынша жеке есептеледі. Акциялар эмиссиясы есебінен меншікті капиталды тарту құнын басқару процесі эмитент үшін үлкен қиындықтарды жəне жоғары тəуекелдерді туындатады.Осы орайда, Ұйымның меншікті капиталы құнын басқару үшін эмиссиялық жəне диверсиялық саясатты əзірлеу жəне жүзеге асыру қажет.
Акция көлемінің эмиссиясы арқылы тартылған қосымша капитал құны келесі формула бойынша есептеледі:
(12)
МКжс – жай акциялар шығару есебінен тартылған меншікті капитал құны, %-бен;
Жас – қосымша шығарылған кəдімгі акциялар саны;
Дс – есептік кезеңде кəдімгі бір акцияға келетін дивидендтер сомасы;
І – дивидендтер өсімінің жоспарланған индексі;
∑ ÌKñÀ – жай акциялар шығару есебінен тартылған МК сомасы;
Эаш – акциялар эмиссиясының жалпы сомасына қатысты кəдімгі акцияларды шығаруға жұмсалатын шығындар, үлесте, бірлікте.
Меншікті капиталдың базистік жылмен салыстырғанда есеп беру кезңіндегі рентабельділігін жəне оның шамасына ықпал еткен факторларды бағалау үшін Дюпонның үш факторлы моделі қолданылады:
(13)
Мұндағы, АҚом – есептеу кезеңіндегі активтер (мүлік) құнының орташа мəні;
ТП – есептеу кезіндегі таза пайда;
КҚом – есептеу кезеңіндегі капитал құнының орташа мəні.
Бұл формула меншікті капитал рентабельділігінің өзгеруіне қандай факторлар көбірек дəрежеде ықпал еткендігін анықтауға жəне осы өзгерістің себептері неде екендігін анықтауға мүмкіндік береді:
Сату рентабельділігінің өзгерістерінде (ТП/АҚом);
Немесе активтердің айналымдылығының өзгерістерінде
(АҚом/А);
Немесе капитал құрылымындағы өзгерістерде (А/КҚом);– Көрсетілген факторлардың қатар ықпал етуінде.
Артықшылықты акциялар есебінен тартылған қосымша капитал құны келесі формула бойынша анықталады.:
(14)
МКаат – артықшылықты акциялар есебінен тартылған меншікті капитал құны;
ДС – қоғамның шартты міндеттемелеріне сəйкес төленуі тиіс дивидендтер сомасы;
ЭШ – эмиссияның жалпы сомасына қатысты бірлік үлесінде көрсетілген эмиссиялық шығындар.
Достарыңызбен бөлісу: |