Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Тобы : Күні : Тәрбиеші : Білім саласы



бет32/87
Дата06.01.2022
өлшемі115,11 Kb.
#15471
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   87
Байланысты:
сабақтың технологиялық картасы

Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық қозғаушы

Балаларға сұрақ қояды:

-Балалар, қандай мерекені тойлаймыз? (Жаңа жыл). Жаңа жылда балаларға кім келеді? (Аязата)

Содан соң балаларға сыйлықтар әкелген Аязата туралы әңгімені тыңдауға шақырады.


Сұрақтарға жауап береді және Аязата туралы әңгімеге қызыға құлақ түреді.

Іздену ұйымдастырушы

Тәрбиеші дорбадан сыйлықтарды шығарып, бірінші сыйлық, екінші сыйлық... деп айта бастайды.

Аязатаның қапшығы босаған кезде тәрбиеші бұл 0 деген цифрды, яғни «жоқ, бірде-бірі қалмады» дегенді білдіретінін түсіндіреді. Содан кейін 0 туралы өлең оқиды.

Тақта алдында жұмыс істеу.

-Тақтадағы суреттерді қарап шығыңдар:

-Бұл жазулар нені білдіреді?

-Әр карточкадағы торкөздердің бір-бірімен қандай байланысы бар?

-Басқа карточкадағы бос торкөздерді қалай толтырамыз? Біріншісіндегі сызып тасталған алманың суреті нені білдіреді? (алманы алып кетті, жеп қойды. Енді бірде бір алма қалмады).

-Бүгінгі сабақта біз «бірде бірі қалмады» деген тіркестің қандай цифрмен белгіленгенін өтінеміз. Тәрбиеші 0 цифры жазылған карточканы көрсетеді.

-Балалар, «н ө л» деген ұғымды білдіретін цифрдың қалай жазылатынын қараңдаршы

- Таңбаларды (0- ден 5-ке дейінгі сандар, аралас) қарап шығып, 0цифрын табыңдар және оны солдан оңға қарай дөңгелетіп сызыңдар. Айналадағы заттар мен олардың бөлшектерінен 0 цифрын іздеуге шақырады. Сандарды ретімен қойып шығамыз. Ал 0-ді қайда қоямыз? Балалар оның орнын көрсетеді. Бірақ әзірге мұны негіздеудің қажеті жоқ. (мысалы, нөл бірден 1-еуге кем). Өйткені, натурал сандар қатарының қасиеттері бұл бағдарламаға кірмейді. Дәптерге нөлді жазады.

№ 2 тапсырмадағы 0саны жазылған сия тамшыларын бояйды. Біз 0 санын пайдаланып, 0 рет шыныға аламыз ба? 0рет қол соғамыз ба? Неге? Онда саусақтарымызға арналған жаттығулар жасаймыз


1-тапсырмада берілген суреттерді қарап шығады. Онда ненің суреті салынғанын және бұл санның қандай цифрмен белгіленгенін айтады.

Бұның бірде бірі қалмады, жоқ дегенді білдіретінін айтады. Нөл туралы тақпақтарды тыңдайды.

Нөл цифрын ауаға, аяғының ұшымен еденге, содан соң дәптерге салады.

Саусақтарын жазып жаттықтырады.

2-тапсырманы орындайды.

Саусақ жаттығуларын жасайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет