Мотивациалық қозғаушы
|
Қуыршақты жыл мезгіліне сәйкес киіндіруді ұсынады.
-Далада күн суық болғанда қалай киіну керек? Ал ыстық кезде ше?
-Қуыршаққа ат қойып, киім таңдауына көмектесейік.
|
Жағдайға байланысты қызығушылықтары пайда болады.
|
Іздену ұйымдастырушы
|
Тақтаға баланың суреті ілінеді. Балаға жыл мезгіліне қарай киім таңдау керек.
Төменде жыл мезгілінің 4 суреті берілген. Тәрбиеші жыл мезгілі туралы өлеңдер оқиды.
Содан соң карточкалардың бірін алады. Жыл мезгіліне сәйкес киімдер таңдалады. Балалар шығып, баланы «киіндіреді». Содан соң тәрбиеші жыл мезгілдерін ретімен атауды сұрайды. Ары қарай әр мезгілде 3ай бар екенін айтады. Ай атауларын хормен айтқызады. Әр жыл мезгілінің айлары туралы өлеңдер оқып беруге болады. Жыл мезгілдеріне сәйкес адамдардың еңбегі туралы әңгіме жүргізіледі. «Қыста қар тазалайды. Көктемде жер жыртып, егін егеді. Жазда егісті күтеді, демалады. Күзде егінді жинайды».
Жаңа тақырыпты бекіту үшін дәптердегі №1 тапсырманы орындау ұсынылады.
|
Жыл мезгілдері туралы суреттерді қарастырады. Жыл мезгілдерінің белгілерін, айырмашылықтарын табады. Өлеңдер мен жұмбақтарды тыңдайды.
Қағаздан жасалған қуыршақ қызды жыл мезгіліне сәйкес «киіндіреді». Жыл айларының атауын айтып үйренеді.
№1тапсырманы суреттердің осындай тәртібін неге таңдағандарын түсіндіре отырып орындайды.
Жыл мезгілдерінің және ай аттарының ретін қайталайды.
|