«Үйіміз нұрға бөленер сіздерменен» атты тәрбиелік шараның жүрісі Жүргізуші



бет3/3
Дата08.12.2022
өлшемі23,12 Kb.
#55951
1   2   3
Байланысты:
сценарий 1 казан

Әлібек, Дония, Асет
Неменеге жетістің, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр.


Тілекші:
Шешенің балаларын сүюі
Эльвира:
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы.


Жүргізуші: Қазақта ата-әжесінің тәрбиесін көрген бала басқаша болады, айналасының да көзқарасы оған ерекше-тұғын. Өйткені ауыл үлкендерінің жанында жүріп, олардың өнегелі әңгімесін тыңдап өскен баланың сана-сезімі басқалардан ерекше болып қалыптасады. Сондықтан әжелерді таптырмас тәрбие мектебі дейміз. Дүниеге келген сәбиді көзін ашқаннан құшағына алып, бесік жырымен әлдилеп, ес білгенде ертегі-жырларымен сусындататын әженің орны ерекше.
Ендеше, «Әжелер мектебі» деп қарастырып, сіздердің араларыңыздан «ұршық иіру» сайысын ұйымдастырып жіберсек.
Сайыс: «Ұршық иіру»
Әжелер ұршық иіріп жатырғанда ән Бишенова Ажар апай
Әжелер ұршық туралы сөйлейді


Жүргізуші: Енді балаларымыздың шеберлігін көрелік, қыздарымыздың өнерлеріне баға беріп жіберсеңіздер екен, он саусағынан бал тамған өнерлі қыздарымызды ортаға шақырамыз:
Аскербай Гүлназ, Айжарық Әмина, Саматқызы Ақерке, Ғабиден Гүлназ, ....


Жүргізуші:
Домбыра-Жүрек
-дала сазды, дабыл үнім
Күмбірлеп күй көпіртші тағы бүгін,
Тәттімбет,Құрманғазы заманының,
Толқытшы, тарихи бір тағылымын. Қыздарға уақыт берейік, әзірше ән күй тыңдаймыз.
Жолдастың әні, Санияның күйі
Ортаға мектеп директорын шақырамыз! Марапат ұсынады.
Ата-әже, ата-аналарды Алғыс хатпен марапаттайды, қатысқан оқушыларды да марапаттайды.


Жүргізуші: (Соңы) Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай біз сіздердің алдарыңызда мәңгі қарыздармыз. Сіздердей керемет ата-әжелеріміздің жанында, біз, әрине, ұзақ уақыт бала болып қалғымыз келеді. Сіздердің амандықтарыңызды, денсаулықтарыңыздың мықты болуын тілейміз. Бүгінгі өздеріңізге арналған мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Сіздердің көңілдеріңізден шықты деген ойлаймыз. Атамыздан бата сұраймыз.

Келесі кездесуімізді асыға күтеміз. Сау болыңыздар.


Маңғыстау облысы Ақшұқыр аулының Құрметті азаматшасы республикалық «Дәстүрге жол» байқауының 1-орын жеңімпазы Багбайқызы Қымбат әжеміз 1946 жылы 6 қарашада Түрікменста жерінде дүниеге келген. 1964 жылы Жауынұлы Жолекеш атамен отбасы құрған. 1995 жылға дейін Жаңаөзен, Сенек ауылында қарапайым шаруа отбасында жұмыс жасаған, мал шаруашылығымен айналысқан, совхозда аянбай еңбек еткен. 1995 жылы Ақшұқырға көшіп келген. Багбайқызы Қымбат әжеміз бүгінде 76 жасқа толып, 9 ұл дүниеге әкеліп, 9 ұлынан 40 немере, 38 немелтай сүйіп отырған «Алтын алқа» иегері, Батыр ана, Ақшұқыр ауылының құрметті азаматшасы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет