«Үйіміз нұрға бөленер сіздерменен» атты тәрбиелік шараның жүрісі Жүргізуші



бет2/3
Дата08.12.2022
өлшемі23,12 Kb.
#55951
1   2   3
Видео: Жауыновтар отбасы туралы


Жүргізуші: Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыруға көзделген.
Ұлықпан Хакім мың жасаған дейді, Бірақ, ешкім өзі мың жасамайды, тек өсіп-өнген, тәрбиелі ұрпағымен мың жасайды. Иә, ұрпағы өсіп, жетіліп, айналасына үйіріп отырған көреген қарияда не арман бар?-десеңші. Ендеше Ата-әжемізден сыр ағытып көрелік.

Сұхбат:
Сұрақтар:



  1. Өзіңіздің туып өскен жеріңіз туралы есіңізде ме?

  2. 9 ұлыңыз бар, 9 келініңіз бәрі бірге тұрасыздар ма? Қайсысын ерекше жақсы көресіз?

  3. Ең жақсы көретін тағамыңызды кім күшті пісіреді?

  4. Бибінұр жеңешеге сұрақ қояйын деп едім? Қымбат әженің ашуланған кездері бола ма? Әлде ренжітіп алған кездеріңіз болды ма? Сосын Астанаға сайысқа барғанда қандай өнер көрсеттіңіздер?

  5. Сіздің ән айтатыныңызды білемін. Бізге ән айтып бересіз бе?

Қымбат әжемізден ән




Мәнерлеп оқу:
Каусар:
Құттықтаймыз мейрамыңмен аналар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің,жұртың ұл мен қызың бағалар


Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама
Ер жетсем де еркелігім қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!
Шапағат:
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты ұландар
Армысыз абзал жанды қариялар
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары


Нұргелді:
Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар…
Әлібек, Дония, Әсет:
Неменеге жетістің, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр.
Мөлдір:
Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,
Сонда орнайды жетімдік басымызға.
Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп,
Бір күлшесін бөліскен ашымызға.
Ерасыл:
Арсыз күлкің тыйылмас, жылауың да,
Айтысың да басылмас, ылаңың да.
Араздасып ағайын кетер еді,
Бір қария болмаса бір ауылда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет