Анар: Наурызболып бізге сын,
Кержалқаулар торықсын.
Талапты мен іскерге
Қыдыр келіп жолықсын!
Бірге:
Қыдыр ата, Қыдыр ата келеді, Қыдыр ата бізге бата береді! Анар: Осы тойға батасын берсін деп Кыдыр атаға сөз берейік.
Жасулан (Қызыр ата): Ұрпақтардың бағы болсын.
Арайланған таны болсын.
Ақ батамен қол жайғанның,
Тілегінің бәрі болсын!
Нурканат: Ей, балалар, балалар,
Енді маған қараңдар!
Наурызды тойлайық,
Қызық ойын ойнайық
Мұғалім: «Кім жүйрік» ойыны.
Ойын тәртібі: Бұл ойынның мақсаты сөзден сөз құрау. «Ұзынсары» сөзінен басқа сөздер құрап шығару. Ал сонымен, шыныменен кім жүйрік екен?
Анар: Ортаға Тортаева Аделяны «Балапан» әнімен шақырамыз.
Амира: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Би билеп, ән өнерге тамсанайық.
Аңызбен ертегімен бізге жатқан,
Құрметті қонақтарды қарсы алайық.
Аделя: Жоғарыға шықсын қонақтар,
Келіп тұрған алыстан.
Құттықтайды сіздерді
Наурызда бізбен қауышқан.
Ал, халайық тұрмайық,
Әндетейік, шырқайық.
Анар:Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, - деп Абай атамыз айтқандай ортада ұлдардың орындауында «Тұлпарым» әнін қабыл алыңыздар.
«Тұлпарым» әні.
Анар: Қазақтың көрген-білгені, өмірден түйгені халық ауыз әдебиетінің бір түрі мақал-мәтелдерден көрініс тапқан. «Ердің көркі – сақал, сөздің көркі – мақал» деген де қазақ. Ендеше, мақал-мәтелдерден жарысайық.
Мұғалім: Мақал-мәтелдерден жарыс ұйымдастыру/ берілген мақалдарды жалғастыру/. Өз елім - ..... (өлең төсегім)