Жыр алыбы Жамбыл



бет2/2
Дата28.04.2023
өлшемі26,73 Kb.
#87931
1   2
Байланысты:
Жыр алыбы- Жамбыл Эргешова М

Жамбылайтыскер ақын
Алғашқы ақындық ортасы бір ғана Сүйінбай болып қоймаған. Ол жас кезінен - ақ Алатау, Қаратау атырабындағы көптеген ақындармен кездескен, олармен тұздас - дәмдес болған.
Іле бойындағы топардан шыққан Қуандық ақын (1831 - 1919) Жамбылдан бір мүшелдей үлкен екен. Екеуі талай кездесіп, бірінің өлеңін бірі айтып, әзіл - қалжыңдасып жүрсе керек. Сол Қуандық қасқарау ақыны Сарбаспен (Тілеулі Майкөтұлы) кезек - кезек айтысып, бірін - бірі жеңісе алмай жүреді.
Жамбыл мен Тоқтағұл
Қырғыз елінің ақын, жыршы, манасшыларымен талай кездесіп, сұқбаттасып жүрген Жамбыл өмірінің соңғы күндеріне дейін Мұратәлімен дос болған. Осы екі өнерпаздың достығы жөнінде қырғыз зерттеушісі Б. Алагүшевтің кітапшасында Мұратәлінің Ыстықкөл жағасында Жамбылмен талай кездесіп, күй шертісіп, жыр айтысқаны жазылыпты. Сонда Мұратәлі «… қазақтың атақты ақыны Жамбылмен дос болған. Одан қазақ елінің талай өлеңдері мен күйлерін үйреніп екі шекті домбыраны шебер шерте білген. Бір туған қазақ ауылдарына досы Жамбылмен бірге барып қырғыздың күйлерін шертіп берген. Қазақ елінің әдет - ғұрып, салтымен танысқан, елінің тілін үйреніп өлеңдерін, күйлерін домбырада сандуғашша сайратқан». Бір бұл емес, Жамбыл ертеректе Тыныбектен «Манасты» тыңдаған. Әсіресе қырғыз халқының ұлы ақыны Тоқтағұлмен сырлас, мұңдас болып өткен. Кеңес тұсында Қалық, Әлімқұл, Оспанқұл сияқты жыршы қобызшылармен жиі кездескен.
Қырғыз ССР ғылым академиясының қолжазбалар қорындағы сақталған материалдарда Тоқтағұлдың 1910 жылы Сібір тұтқынынан қашып шығып, қазақ еліне қалай жеткенін, Жетісуда Жамбыл ауылына келіп, онымен танысып, айлап бірге жүргені жазылған.
Жамбыл – дара тұлға
Жамбыл Жабаев – ұлы ақын, жырау, жыршы. Жасынан өлең - жырға қанып өсіп, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім - тәрбие алды. Сонымен бірге Жамбыл туысқан қырғыз елінің де сөз өнерін жетік біліп, Тоқтағұл, Мұратәлі, Әлімқұл, Балық, Тыныбек, Қатаған сияқты дүлдүлдермен өнер сайысына түскен
Жамбылды нағыз ақын ретінде байтақ елге танытқан өнері – оның айтыстары. Бұл айтыстарында қыз бен жігіттің қайым айтысы да, түре айтыс та, сүре айтыс та бар. Осының қай - қайсысында да Жамбыл өзінің нағыз майталман, кестелі сөздің шебері, әрі ұшқыр ойлы, тапқыр шешен екенін көрсетеді. 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалысына Жамбыл ақын белсене қатынасты. Патша жарлығына қарсы көтерілген халық бұқарасының қалың ортасында жүрді. Өзінің жалынды үндеу жырларын сол қозғалысқа арнап шығарды. Кеңес дәуірі жылдарында Жамбыл қоғам өмірі мен ел мүддесін жырлады. Ол байырғы ұлы жыраулардың дәстүрін қайта түлетіп, біздің дәуірімізге жаңа сапада, соны мазмұнмен байытып жеткізді. Мемлекет басшылары мен партия көсемдеріне қарата айтқан жырларында жалпы мемлекеттік мәселелерді көтерді.
Жамбыл – халық әдебиеті үлгілерін жасаушылардың дәстүрлі өкілдерінің бірі. Оның бойындағы туа біткен табиғи дарыны, қабілеті әмбебап өнерпазлық жаратылысымен ерекшеленеді. Жамбылдың күнделікті тұрмыстық қарым - қатынастардың өзіне өлеңмен сөйлейтіні, қанатты ұшқыр ойлы тіркестерді қолданатыны, домбыра әуені мен өлеңді сөзді қосыла өретіні - ақындық шабыт нәтижелерін бірнеше өнер қосындылары арқылы дүниеге әкелетіндігін дәлелдейді.
Дәуірінің жыршысы болған Жамбыл Жабаев барша келешек ұрпаққа үлгі болатындай өнегелі ғұмыр кешкен. Осындай ақынның ерекше табиғат болмысы мен тағдыр жолын тереңнен ұғынып, зерттеген ғалымдар аз емес.
Қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың атында бір облыс, бір қала, бірнеше аудан, өткен дәуірдің ұжымшалары, көптеген мектептер, институттар аталады. Жамбылдың өлеңдері мен айтыс дастандары шет тілдеріне бірнеше рет аударылды.
Қорыта айтсам, Жамбылдың шығармалары дәстүрлі халық өнерінің заңды жалғасы. Ұлы ақынның поэзиясындағы ақындық шығармашылық тұлғасына тән қасиеттер өз маңыздылығын сақтай отырып, талай ұрпаққа үлгі өнеге екені тарихымыздың мақтанышы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет