Жыраулардың сөз жасаудағы әдіс-тәсілдері


Мөңке бидің шешендік өнері



бет6/40
Дата31.12.2021
өлшемі74,94 Kb.
#23493
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
Документ (178)

Мөңке бидің шешендік өнері.

Тілеуұлы Мөңке би — белгілі би, Әбілқайыр хан кеңесшілерінің бірі, жырау. Тілеу Айтұлы (1630, қазіргі Ақтөбе облысы – 1684, Сайрам қаласы) – би әрі батыр қолбасшы. Ноғай ұлысының билеушісі Мұсаның ұрпағы, Мөңке бидің әкесі. Әлімұлы тайпасы Шекті руынан шыққан.[1]

Шамамен 1675 жылы дүниеге келген. Ата тегі шежіре бойынша өз әкесі Тілеу әрі қарай Айт, Бөлек, Қалу, Сирақ, Мұса хан, Уақас би, Нұраддин болып жалғаса береді.

Әбілқайыр хан дүние салған соң Нұралы ханның билігін тану туралы Елизавета Петровнаға жазылған хатқа Орта жүздің беделді адамдары Жәнібек тархан мен керей Наурыз би бастаған топпен, сондай-ақ Кіші жүздің 30 би, батырларымен бірге қол қойған.

Мөңке би өз заманында «ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен сұңғыла би», келер күнді айнытпай болжайтын сәуегей және дала даналығының көрінісі іспетті ой-тұжырымын тағылымды поэтикалық жырға айналдырған жырау ретінде танылды. Мөңке бидің философиялық толғаулары, риторикалық сұрақ-жауап, болжау, билік, кесім, шешім түріндегі мұралары өзіндік ерекшелігімен көзге түседі. Көшпелі тірліктің тіні бұзылмаған қоғамда заман аңысын аңдап, оның келешек кескін-кейпін дәл болжай білу Мөңке би шығармашылығының басты белгісі. Оның “Түрлі-түрлі халық болады‚ Күндіз-түні жарық болады… Дүниенің жүзіне‚ Өре мен темірден жол тартылады… Адам ақысыз жұмыс істемейді‚ Дүниені түрлеп кестелейді” деген толғау жолдарынан келер күнді болжаған сәуегейлік көрінеді. Сондай-ақ,

“Құрамалы-қорғанды үйің болады‚

Айнымалы‚ төкпелі биің болады.

Халыққа бір тиын пайдасы жоқ

Ай сайын басқан жиын болады.

Домалақ-домалақ түймедей дәрің болады‚

Жастарға билігі жүрмейтін кәрің болады,

Алашұбар тілің болады‚

Дүдәмалдау дінің болады.

Әйелің базаршы болады‚

Еркегің қазаншы болады” деп келетін жолдардан болашақтың бет алысын‚ бағыт-бағдарын тап басып танығандығы аңғарылады.

Мөңке бидің Сырым батырға қойған астыртын сұрақтары мен оған Сырымның қайтарған жауаптары, сондай-ақ оның шеркеш Түрке би, тана Нүрке билермен кеңесе отырып айтты дейтін «Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек» дейтін толғаулары белгілі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет