|
Менингиальдық белгілерді анықтау
|
бет | 8/9 | Дата | 14.05.2023 | өлшемі | 34,87 Kb. | | #92981 |
| Байланысты: Неврологиялық науқастарды тексеру әдістері - Қазақша медицинаМенингиальдық белгілерді анықтау.
науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу әрі қарай тексеруді жүргізу;
науқасты шалқасынан жатқызу ;
дәрігердің алақанын науқастың шүйдесіне қояды;
дәрігер науқастың басын еңкейтеді;
екінші қолының саусақтарымен иекпен төс арасындағы алшақтықты өлшейді;
алған мәліметіне қорытынды береді.
Керниг белгісін анықтау.
науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу;
науқасты шалқасынан жатқызу;
дәрігердің науқастың аяғын ұршық пен тізе буындарында 90˚бүгеді;
дәрігер науқастың бүгілген тізе буынын жазуға әрекет жасайды;
алған мәліметіне қорытынды береді.
Брудзинский белгісін анықтау реттілігі. Қадамдары:
науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу;
науқасты шалқасынан жатқызу;
дәрігердің алақанын науқастың шүйдесіне қояды;
дәрігер науқастың басын еңкейтеді;
алған мәліметіне қорытынды береді – науқастың аяқтары тізе мен ұршық буынында бүгіледі.
Брудзинский ортаңғы белгісін анықтау реттілігі.
науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу;
науқасты шалқасынан жатқызу;
дәрігердің қолымен науқастың қасаға сүйегінің үстінен басады;
алған мәліметіне қорытынды береді – науқастың аяқтары тізе мен ұршық буынында бүгіледі.
Брудзинский төменгі белгісін анықтау реттілігі.
науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу;
науқасты шалқасынан жатқызу;
дәрігердің науқастың аяғын ұршық пен тізе буындарында 90˚бүгеді;
алған мәліметіне қорытынды береді – екінші аяғының осы буындары бүгіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|