Жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды тексеру әдістері


Жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды қарап тексерудегі іс-әрекеттер реттілігі



бет2/9
Дата14.05.2023
өлшемі34,87 Kb.
#92981
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Неврологиялық науқастарды тексеру әдістері - Қазақша медицина

Жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды қарап тексерудегі іс-әрекеттер реттілігі.
Науқасты жалпы қарау.
Есін анықтау – ең басты іс әрекеттері:
1- хабары бар мәліметтер туралы сұрау :

  • анамнез жинауда – жады жоғалуында мәлімет алудың нақты және шынайы қоры – белсенді науқастар сәл мүкістерін жасырады, ал керісінше уайымшылдар –көбейтіп жеткізеді;

  • отырған жерін, қай ай, күн, жыл –сұрақ қою: «Қай жерде отырсыз?», «Қазір нешінші жыл?»; «Қазір қай ай?», «Айдың нешінші жұлдызы?»;

  • жалпы мәлімет туралы сұрау – «Біздің елдің президенті кім?»; «Осы кезде қандай оқиға болып жатыр?»;

  • сөздерді әріптеп айту – науқасқа 5 әріптен тұратын сөзді әріптеп айтуын сұрау –«кітап» –дұрыс және кері, егерде айталмаса, қысқа 4 немесе 3 әріптен тұратын сөзді ұсыну;

сандарды айтқызу: а) 100-ден кейінгі бағытта; 7- цифрлі санды қайталау;

Бассүйек нервтер қызметін бағалау


БСН І жұбы – иіс сезу нерві:

  1. Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу әрі қарай тексеруді жүргізу; Науқастың жағдайына байланысты отырғызып немесе жатқызып тексеру;

  2. дәрігер науқастың оң жағына орналасады;

  3. науқасқа көзін жұмуды және бір саусағымен мұрынның бір жартысын қысуды өтінеді;

  4. ашық жартысына дәрігер хош иісті затты жақындатады;

  5. иісті сезуін сұрау және бұл қандай иіс екенін сұрау;

  6. екінші бөлігіне ауыстырып қайталайды;

БСН ІІ жұбы –көру (оптикалық) нерві қызметін тексеріп бағалау:

  1. көру қабылетін тексеру;

  2. көру аймағын тексеру

БСН ІІ жұбы –көру (оптикалық) нервін тексеру:

  1. Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу әрі қарай: а) көру қабылетін тексеруді жүргізу; көру қабылетін арнайы кесте арқылы – Сивцев кестесі; бөлме жарық;

  2. науқас кестеден 5 м қашықтықта отырады;

  3. науқас бір көзін жапқыш жабады;

  4. дәрігер әр қатарды көрсетіп науқасқа әріптерді атауды сұрайды;

  5. осы әдіспен екінші көзін тексереді;

  6. қорытындыны бағалау;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет