Жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды тексеру әдістері


Көз қарашығының жарыққа бірдей тітіркенуін тексеру



бет4/9
Дата14.05.2023
өлшемі34,87 Kb.
#92981
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Неврологиялық науқастарды тексеру әдістері - Қазақша медицина

Көз қарашығының жарыққа бірдей тітіркенуін тексеру:

БСН У жұбы – үшкіл нерв – қызметін тексеру
БСН У жұбы – үшкіл нерв талшықтарының бет аймағындағы орындарын сипап тексеру: 1- ауру сезімін анықтау науқас – отырады немесе жатады:

  1. дәрігер науқастың оң жағына орналасады – сипап тексеру екі саусақпен (2,3) симметриялық екі нүктені басып жасалады;

  2. үшкіл нервтің 1 талшығының орнын сипау – екі жақта бірдей – қас доғасының үсті (қастан жоғары);

  3. үшкіл нервтің 2 талшығының орнын сипау – мұрынның екі жағында –көз аймағынан төмен, бет сүйегінің үсті (бет ұштарында);

  4. үшкіл нервтің 3 талшығының орнын сипау – иекте – ауыз бұрыштарынан ортасында;

  5. бағалау – сипап тексеруді әр деңгейді білінетін ауру сезімі анықталады;

Бет аймағындағы сезіну қабылетін (сезімталдығын) тексеру:
аурусыңғыштығы (қадамдары):

  • Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу әрі қарай тексеруді жүргізу;

  • науқастың жағдайына байланысты отырғызып немесе жатқызып тексеру;

  • дәрігер науқастың оң жағына орналасады;

  • науқасқа көзін жұмуды өтіну;

  • симметриялық түрде бет аймағының (маңдай, бет, жақ сүйектерінің бойымен; мұрынның екі бөлігі аймағын инемен шаншып тексеру;

  • тексеріп отырып сұрау – сеземе жоқ па?, қалай сезеді –айқын шаншуды немесе жәй тұйық жанасуды?;

  • алған мәліметті бағалау – сезбейтін аймақтар; айқын сезіну, жәй сезіну.

ыстықты, салқынды сезіну (қадамдары):

  • науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу әрі қарай тексеруді жүргізу; – науқастың жағдайына байланысты отырғызып немесе жатқызып тексеру;

  • дәрігер науқастың оң жағына орналасады;

  • науқасқа көзін жұмуды өтіну;

  • симметриялық түрде бет аймағының (маңдай,бет, жақ сүйектерінің бойымен; мұрынның екі бөлігі аймағына кезектеп ыстық су құйылған және сұйық су құйылған пробирканы жанастырып тексеру;

  • тексеріп отырып сұрау – сеземе жоқ па?;

  • алған мәліметті бағалау – сезбейтін аймақтар; айқын сезіну, жәй сезіну.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет