Жүйке жүйесінде болатын аурулар. Жүйке жүйесінде болатын аурулар



бет3/3
Дата10.02.2023
өлшемі2,8 Mb.
#66886
1   2   3

МРТ арқылы мидың құрылысын зерттеу үшін пациентті күшті магниттік өріс ішіне орналастырады. Адам денесіндегі сутек атомдары магнитті өріске параллельді бағытта сапқа тұрғандай орналасады. Сол кезде аппарат негізгі магнитті өріске перпендикулярлы электромагнит сигналдарын жібереді. Сутек атомдары қозып, жауап ретінде өз сигналдарын жібереді. Сигналдарды аппарат қабылдайды. Әр түрлі тіндерде сутек атомдарының саны әр түрлі, сондықтан олардың жауаптары әр түрлі болады. МРТ - оларды танып, жіктеп, әр түрлі суреттер құрастырады. МРТ кеңінен неврологияда, нейрохирургияда қолданады. Ми ісіктерін, тұқым қуалайтын кемшіліктерді, мидағы қабыну процестерді, шашыраңқы таралған склероз ауруларын және басқаны анықтайды.

Эхоэнцефалография - (миды УДЗ)

Мидың ультрадыбыстық зерттелуі. Әдістің негізі - бастың әр түрлі құрылымдарынан ультрадыбыс жаңғыры әр түрлі болады. Бастан алынған ультрадыбыстық сурет ми тіндерін, бас сүйектің микворды, сонымен бірге патологиялық өзгерістерді көрсете алады

Реоэнцеолография (РЭГ)

Грек сөзінен аударғанда – реос-ағым, энцеоралас-бас, графия-жазу. Мидың қанмен қамтамассыз етілуін зерттейтін клиникалық әдіс. РЭГ аспабы реограф. Бастың терісіне электродтар бекітіледі. Электрод арқылы жиі айнымалы электримпульстері жіберіледі. Бас тіндерінің электрлік кедергісін өлшейді. Қанның электрөткізгіштігі басқа тіндерге қарағанда жоғары, сондықтан қан ағысына байланысты тіндерін электрлік кедергісі өзгеріп тұрады. Соны аспап өлшеп,қисық сызық ретінде көрсетеді. Реограмманы талдағанда оның пульстік толқындарын қарастырады. Яғни толқындарының амплитудасын және жылдамдығын салыстырады.

Мидың әр түрлі бөлімдерінің реограммасын жазуға болады.

Бұл әдістің мидың қан тамырлар ауруының диагностикасына қолданады.

Бұл әдісті ми қан тамырларының тонусын және серпімділігін анықтауға мүмкінкіншілік береді және де бұл әдіс бас ауруының диагностикасында қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет