Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту


Теория мен практиканың бірлігі ұстанымы



Pdf көрінісі
бет26/70
Дата03.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#47151
түріДиссертация
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70
Теория мен практиканың бірлігі ұстанымы педагогикалық зерттеулерде 
үлкен рөл атқарады. Практика – танымдық әрекеттің негізі, сондай-ақ қайсы бір 
теориялық ереженің ақиқаттығының өлшемі. Дегенмен де тәжірибеге 
негізделмеген теория өнімсіз болады. Сондай-ақ, теорияны басшылыққа 
алмаған практикада стихиялылық, тиімсіздік орын алады. Теория тәжірибеге 
жол ашады. Осыған орай, білім алушылардың оқу үдерісінде алған білімдерін 
өздіктерінен қолдана алу білігінің маңызы зор. Бұл олардың мақсаттарға 
жетудің жолдарын өз бетімен жоспарлауына, оқу және танымдық міндеттерді 
шешудің аса тиімді тәсілдерін саналы түрде таңдауына, нәтижеге жету 
үдерісінде өзінің іс-әрекетіне бақылау жасауды жүзеге асыруына, өз 
әрекеттерін өзгермелі жағдайларға сәйкес түзетуіне, оқу және танымдық 
міндеттерді шешуге арналған белгілер мен символдарды, модельдер мен 
сызбаларды құрастырып қолдануына, өзіндік пікірін дәлелдеп қорғауына 
мүмкіндік жасайды. Бұл – өз білімін тәжірибеде қолданады деген сөз. 
Біздің зерттеуіміздің басты мәселесін дұрыс шешу үшін де дәл осы 
ұстанымды басшылыққа алу тиімді деп есептейміз және ол тәжірибелік жұмыс 
барысында дәлелденетін болады. 
Нәтижеде: келесі беттегі 2-суретте берілгендей, бастауыш білім беру 
пәндерін метапәндік тұрғыдан оқыту аясында метапәндік біліктерді игерген 
оқушы тұлғасы қалыптасады деп күтіледі. 


59 
Сурет 2 – Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың 
құрылымдық-мазмұндық моделі 
Мақсат: бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту 
Міндеттер: 
әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруды негізге алу 
Әдіснамалық негіздері
Теориялық негіздері 
Тұғырлар: синергетикалық, аксиологиялық,тұлғалық-бағдарлы, 
іс-әрекеттік, біртұтастық, жүйелілік, құзыреттілік.
Ұстанымдар: метапәндік, ізгіліктілік, диалогтік, кешендік, теория 
мен практиканың бірлігі 
Ю.В. Громыко мен Н.В. Громыко, А.В.Хуторскойдың метапәндік 
тұрғыдан оқытуға қатысты ілімдері 
-әлемді біртұтастықта қабылдауға қызығушылық танытуы; 
-ақпаратты бір таңбалау жүйесінен екіншісіне түрлендіруде абстаркциялық ойлауды қажет етуі; 
-ақпараттың бірнеше түрлерін қысқаша мазмұндау жайлы білімі; 
-метапәндік тұрғыда оқытуда мәтіннен айқын берілген ақпараттық фактілерді таба алуы; 
-мәтінді түсіндіру, мәтін мазмұны бойынша тұжырым жасай алуы; 
-метапәндік тұрғыда оқытуда мәтін негізіндегі ой-пікірлерді білдіре алу; 
-мәтіннің негізгі ойын толық түсіну білігінің болуы; 
-логикалық қорытындыны жеңіл түрде жасау, салыстыру, өзара байланыс орнату, топтастыру іскерлігінің 
болуы; 
-пайымның дұрыстығын мәтінге сүйене отырып, бағалау әрекетінің болуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет