Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту



Pdf көрінісі
бет3/70
Дата03.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#47151
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



АНЫҚТАМАЛАР 
 
Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар 
қолданылған: 
Мета іс-әрекет – «пәннен жоғары» болып саналатын әмбебап іс-әрекет. 
Метабілім – білім туралы, оның құрылымының қандай болатындығы және 
құрылымданғаны туралы білім; білімді меңгеру туралы білім, яғни танымның 
амалдары мен әдістері (когнитивті біліктер) және олармен жұмыс істеу 
мүмкіндіктері туралы білім (философия, әдіснама, көпсалалы ғылым). 
Метатәсіл – олардың көмегімен адамның міндеттерді шешудің жаңа 
тәсілдерін ашатын, міндеттерді шешудің мазмұнды тәсілдерін табуға мүмкіндік 
беретін стереотиптік емес жоспарлар мен бағдарламаларды құратын әдістер. 
Метабілік меңгерілген метатәсілдер, жалпы-оқу, пәнаралық (пәннен 
тыс) танымдық біліктер мен дағдылар. 
Метапән – бұл дәстүрлі оқу пәндерінен тыс құрылатын жаңа білім беру 
формасы. 
Метапәндік тәсілдеме 

оқу материалын біріктірудің ойлау әрекетіне 
негізделген және дәстүрлі мектеп пәндерінің үстіне құрылған білім беру 
формасы. 
Пәнаралық байланыс – жеке пәндерге тән ортақ қасиеттерді білу, саналы 
меңгеру – оқушылардың білім танымының жоғары дәрежелігін көрсетеді
дүниетанымдық көзқарасының орнықты қалыптасу үдерісін танытады. 
Интеграция – бұл екі ғылым элементтерінің жай қосылуы емес, ол табиғат 
заңдылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік беретіндей дәрежеде олардың 
жаңаша жүйеленген ішкі бірлігі педагогикалық техника – мұғалім іс-әрекетінің 
ішкі мазмұны мен сыртқы мазмұнының үйлесімді бірлігіне әсер ететін тәсілдер 
жиынтығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет