Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту



Pdf көрінісі
бет48/70
Дата03.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#47151
түріДиссертация
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   70
Байланысты:


2-шарт. Метапәндік тұрғыда оқыту арқылы оқушылардың бейнелі ой-өрісі 
дамып, 
пәннің 
жалпы 
мазмұнын 
өмірмен 
байланыстыру 
арқылы 
шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Мұндай сабақтар нақтылығымен
сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу 
материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық 
мүмкіндігімен ерекшеленеді. Алайда, бастауыш білім беру пәндерін метапәндік 
тұрғыда оқытуды ұйымдастыруда пәндерді кіріктірудің ұстанымдарын жүйеге 
түсіру қажеттілігін айқындайды. Пәндерді кіріктіру ұстанымының басты 
қағидасы 

ғылыми-жаратылыстану және қоғамдық-гуманитарлық білімдерді 
жеке білім аймағында шартты түрде қарастыра отырып, оқушыларға әлемнің 
біртұтастығы жайлы ғылыми-синтездік білім беру болып табылады. Кіріктіріп 
оқыту ұстанымдары оқытудың басты мақсатына 

оқушыларды ойлау 
қабілетінің дамуына тікелей бағытталған. Кіріктіріп оқыту ұстанымдары 17-
суретте көрсетілген: 
 
Сурет 17 

Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытуды 
ұйымдастыруда пәндерді кіріктірудің ұстанымдары 
Білімдердің синтезі. Оқу материалын тұтас, жинақталған, жүйеленген 
түрде қабылдау оқушының ой-өрісінің кеңдігін қамтиды. Кіріктіру әдістерімен 
зерделенетін мәселені шешу ойлау қабілетінің белсенділігі мен мақсаттылығын 
дамытады. 
Оқу материалын тереңдету. Оқу материалын терең ұғыну кең ауқымды 
ойлауға ықпал етеді. 
Мәселенің өзектілігі, немесе мәселенің практикалық маңыздылығы. Оқу 
материалын меңгеру барысында практикалық мәселені шешу 

оқытудың 
Білімдердің 
синтезі
Оқу материалын 
тереңдету
Мәселенің 
өзектілігі 
немесе мәселенің 
практикалық 
маңыздылығы
Баламалы 
шешім
Шешімнің дәлелдігі
Жоғары дәрежеде 
ойлау дағдыларын 
дамыту ұстанымы


98 
тәжірибелік бағытын күшейтеді, оқушының сын тұрғысынан ойлауын, теория 
мен практиканы салыстыра алу қабілетін дамытады. 
Баламалы шешім. Белгілі жағдайда жаңа тәсілдерді қолдана алу, мәселені 
ерекше шеше алу, шешу жолдарын таңдай алу, ойлау ерекшелігін дамытуға 
ықпал етеді. Шешімдерді салыстыру ой ұшқырлығын, сын тұрғысынан 
ойлауды, ойдың жинақтығын, жүйелілігін дамытады. Оқушылардың дұрыс 
шешімді, мақсатқа жетудің қысқа жолын таңдау барысында ұтымды, тиімді, 
мақсатты ойлау қабілеттері арта түседі.
Шешімнің дәлелдігі. Мәселені дәлелді шешу ойлау қабілетін дамытады. 
Пәндерді метапәндік тұрғыда оқытудың алға қойған мақсаты айқын, бағдары 
жүйелі. Зиялы азаматты – әлеуеті жоғары дамыған, жаңашыл ойлай білетін, 
рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды 
тәрбиелеуге ұмтылатын білім беруде тәрбие мен оқыту ажырамас байланыста 
болады. 
Ойлау дағдыларының дамуы дәрежесі – заманауи ақпараттық қоғамдағы 
жетістіктің кепілі болып табылатынын көрсетеді. Б.Блум таксономиясында 
когнитивті үдерістердің және педагогикалық мақсаттардың тізімі төмен 
деңгейлі когнитивті үдерістерден неғұрлым жоғары деңгейлі когнитивті 
үдерістерге қарай, яғни жеңілден ауырға қарай ұстанымы бойынша берілген. 
Б.Блум таксономиясына сәйкес оқушы ұғымды есіне сақтамайынша жете түсіне 
алмайды, сонымен бірге не жайлы сөз болып жатқанын түсінбесе, алған білімін 
дұрыс қолдана алмайды. Аталған теория бойынша мұғалім оқушыларға ойлау 
дағдыларының төменгі дәрежесін жандандыратын сұрақтар (не? қашан? қайда? 
қайсы? сөздерінен басталатын арнайы сұрақтар) қоюы тиіс. Сонымен бірге 
неғұрлым ауыр талдау және бағалау дағдыларын дамытатын сұрақтар да қосу 
қажет. Бұл топқа жауапты құрастыру барысында аса күрделі тілдік 
құрылымдарды пайдалануды қарастыратын, неге? қалай? қалайша? сөздерінен 
басталатын сұрақтарды жатқызуға болады. Контенттің, ойлаудың және тілдің 
өзара әрекеттесуі, ойлаудың күрделі үдерістерін тұжырымдау қабілеті ана 
тілінде де, оқылатын екінші және шет тілінде де жүйелі дамыту мен 
жаттықтыруды талап етеді [191].
Аталған ұстанымдарды сақтау барысында оқыту мақсатқа бағытталады.
3-шарт. Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуды 
ұйымдастырудың келесі педагогикалық шарты – қазіргі мектепте еңбек етіп 
жүрген мұғалімдерге ғана емес, қазір университет қабырғасында білім алып 
жатқан болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін бастауыш білім беру пәндерін 
метапәндік тұрғыда оқытуға даярлау. 
Бұл шарттың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында зерттеу 
жұмысымыздың педагогикалық эксперимент бөлімін жүргізуге қатысатын 
мектеп мұғалімдеріне арналған және болашақ бастауыш сынып мұғалімдері 
ретінде қазіргі студенттерге арналған арнайы семинар жүйесі әзірленді. Өйткені 
болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін бастауыш білім беру пәндерін 
метапәндік тұрғыдан оқытуға дайындауға іріктелген тақырыптар мектептегі 
бастауыш сынып мұғалімдерінен алынған сауалнамалар нәтижесінде 


99 
айқындалған мәселелелерден туындайтын жұмыс мазмұнымен үндес 
болғандықтан, ортақ бір семинар әзірленді.
Бастауыш сыныпта осы міндетті жүзеге асыруда бастауыш сынып 
мұғалімдерінің рөлі орасан зор. Метапәндік тұрғыдан оқыту мәселесі 
төңірегінде түсініктерінің бар немесе жоқтығын анықтау мақсатында «№ 76 
жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш 
сынып мұғалімдерінен сауалнама алдық. Сауалнама мазмұны төменде 
көрсетілген: 
Сауалнама сұрақтары 10-кестеде ұсынылған: 
Кесте 10 – Сауалнама сұрақтары
«Тәcілдеме» ұғымын қалай түсінесіз? 
Оқыту үдерісін ұйымдастыру барысында қандай тәсілдемелерді негізге аласыз? 
«Метапәндік тәсілдеме» ұғымымен таныссыз ба? (Ия / Жоқ) 
«Метапәндік тәсілдеме» ұғымы жайында не білесіз? 
«Метапәндік тәсілдеме» ұғымы шеңберінде біліміңізді қанша баллға бағалар едіңіз? 
(1-ден 10-ға дейінгі шкаламен) 
«Метапәндік», «пәнаралық байланыс», «кіріктіру» ұғымдары бір 
-бірімен өзара байланысты ма? Неліктен? 
Метапәндік біліктерге қандай біліктер жатады? 
Бүгінгі күні жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында әзірленген оқулықтарда 
метапәндік тапсырмалар қаншалықты кездеседі? 1-2 мысал келтіріңіз. 
Бастауыш сынып мұғалімдерінен алынған сауалнама нәтижесі 18-суретте 
ұсынылған.
Сурет 18 

Семинар жүргізілгенге дейінгі сауалнама нәтижесі 
20%
28%
42%
5%
48%
0%
0%
0%
0%
10%
20%
30%
40%
50%
60%


100 
Сауалнама қорытындысы бойынша сауалнамаға қатысқан мұғалімдердің
20%-ы тәсілдеме ұғымымен таныс екендігі өздерінің жауаптары арқылы дәлел 
болды. Бірақ та оқыту үдерісін ұйымдастыру барысында қандай тәсілдемені 
негізге алып отырғандығы жайында сұрақтың қиындық тудырғандығын 
байқаймыз (28%). Метапәндік тәсілдеме ұғымымен мұғалімдердің 42%-ы 
таныс. 42% көрсеткіштің тек 5%-ы ғана бұл тәсілдеме жайында түсініктерінің 
дұрыс бағытта екендігін байқауға болады.
Метапәндік тәсілдеме жайында білімдерін 1-ден 10 баллдық шкаламен 
бағалау тұрғысынан қойылған сұраққа мұғалімдердің 48%-ы 5-7 балл 
аралығында бағалағандығын көруге болады. Метапәндік, пәнаралық байланыс, 
интеграция ұғымдарының бір-бірімен байланысы қандай деген сұраққа жауап 
беру қиындық тудырғаны анықталды. Ал 7 және 8-сұрақтарға мүлдем жауап 
бере алмағандығы мұғалімдерге осы тәсілдеме жайында әдістемелік көмек 
көрсетуді қажет ететіндігі аңғарылды [192].
Болашақ мамандарды бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда 
оқыту жолдарымен таныстыру керек деген пікір басшылыққа алынды. Соған 
орай «Бастауыш білім берудегі метапәндік тәсілдеме» атты арнайы курс 
бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама төмендегі 11-кестеде берілді. 
Кесте 11 – «Бастауыш білім берудегі метапәндік тәсілдеме» атты арнайы 
курстың оқу-тақырыптық жоспары 
Апта 
/күні 
Тақырып атауы (дәріс, практикалық сабақ) 
Сағат саны 
дәріс 
пр-лық 





Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту туралы 
түсінік
1.Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың 
мақсат, міндеттері 
2.Мета, метапән, метапәнділік ұғымдары жайлы түсінік
3.Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың 
маңызы, құрылымы 


2-3 
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту 
мәселесінің зерттелу жайы 
1.Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту 
мәселесін зерттеген ресей ғалымдарының еңбектеріне шолу 
жасау 
2. Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту 
мәселесінің зерттелу жайы 


4-5
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың 
психологиялық және педагогикалық негіздері
1.Ғылыми психологиялық әдебиеттерде метапәндік тұрғыда 
оқыту ұғымының қарастырылуы 
2.Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың 
психологиялық ерекшеліктері 
3.Педагогикада 
«метапәндік тұрғыда оқыту» мәселесінің 
қарастырылу мәселесі 




101 
11-кестенің жалғасы 




6-7 
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту 
негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру жолдары


Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту 
негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың әдіс-
тәсілдері
8-9 
Метапәндердің жіктемесі 
1.«Білім» метапәні 
2.«Белгі» метапәні 
3.«Проблема» метапәні 
4.«Тапсырма» метапәні 


10-11 
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту 
әдістемесі 
Пәндерді метапәндік тұрғыда оқытуда қолданылатын оқыту 
технологиялары, оқыту әдістері 


12 
1.Метапәндік сабақ – метапәндік нәтижеге қол жеткізудің тиімді 
жолы
1.Интернет 
желісі,YouTube 
арнасы, 
журнал 
беттерінде 
жарияланған метапәндік сабақтарға талдау жасау
2.Метапәндік сабақ ерекшеліктерін айқындау 


13-14 
Әмбебап оқу әрекеттері метапәндік нәтижені қалыптастыру 
құралы ретінде 
1.Танымдық ӘОӘ 
2.Реттеушілік ӘОӘ 
3.Коммуникативтік ӘОӘ 
4.Тұлғалық ӘОӘ


15 
Метапәндік тапсырмалар 
1.Метапәндік тапсырманың түрлері 
2.Метапәндік тапсырмаларды құрастырудың жолдары 


Барлық аудиториялық сағат 
15 
30 
Бағдарлама бойынша 2019-2020 оқу жылында Абай атындағы Қазақ 
ұлттық педагогикалық университетінде 5В010200 – Бастауышта оқыту 
педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 2 курс студенттеріне семинарлар 
жүргізілді.
Сонымен қатар, педагогикалық эксперимент ұйымдастыруға қатысқан 
мектеп мұғалімдеріне де осы семинарлар жүргізілді. Келесі жолдарда осы 
семинардың тақырыбы және қысқаша мазмұндары таныстырылады.
Семинарлық курс бағдарламасының «Бастауыш білім беру пәндерін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет