ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=


ЖЫЛДАҒЫ с ы н . Жыл сайынғы, жыл бойындағы. Жылдағысын жылда



бет52/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   72
Байланысты:
Түсіндірме сөздік 15 бет

ЖЫЛДАҒЫ с ы н . Жыл сайынғы, жыл бойындағы.
Жылдағысын жылда. Әр жыл сайын.
ЖЫЛДАҒЫДАЙ с ы н . Жылдағы әдеттегідей, бұрынғы көріп жүргендей.
ЖЫЛДА-ЖЫЛДА ү с т . Жыл сайын, жылма-жыл.
ЖЫЛДАЙ с ы н . 1. Жылға жуық, белгілі бір жыл мөлшеріндей. 2. а у ы с . Тым ұзақ, соншалықты ұзын.
ЖЫЛДАМ ү с т . 1. Тез, шапшаң. 2. Әп-сәтте. //Тез, уақытында орындайтын адам.
ЖЫЛДАМДА= е т . Тездеу, шапшаңдау.
ЖЫЛДАМДАТ= е т . Тездету, шапшаңдату.
ЖЫЛДАМДАТҚЫШ с ы н . Жылдамдататын, жылдамдықты арттыратын.
ЖЫЛДАМДАТУ Жылдамдат етістігінің қимыл атауы.
ЖЫЛДАМДАУ1 с ы н . Шапшаңырақ, тезірек.
ЖЫЛДАМДАУ2 Жылдамда етістігінің қимыл атауы.
ЖЫЛДАМДЫҚ з а т . 1. Шапшаң қимыл жасауға икемділік, тездік. 2. Көліктердің, ұшатын денелердің белгілі бір уақытқа қатысты жүру қозғалысы. 3. ф и з . Дененің белгілі бір қашықтықты жүріп өту уақыты, қарқыны.
ЖЫЛДАМДЫЛЫҚ з а т . с ө й л . Жылдамдық.
ЖЫЛДАМ-ЖЫЛДАМ ү с т . Тез-тез, шапшаңдатып.
ЖЫЛДАМЫРАҚ с ы н . Тезірек, шапшаңырақ.
ЖЫЛДАН-ЖЫЛҒА ү с т . Жыл өткен сайын, жылма-жыл.
ЖЫЛДАП ү с т . 1. Бірнеше жыл бойы. 2. Жыл өткен сайын, жылма-жыл.
ЖЫЛДАС с ы н . Бір жылда туған.
ЖЫЛДЫҚ с ы н . 1. Белгілі бір жылға созылған. 2. Бір жылға жететін, жыл бойына керекті. 3. ж е р г . Жыл.
Жылдық ағынды. с у ш а р . а) Өзен алабынан бір жыл ішінде ағып жиналатын судың мөлшері. ә) Су жинау немесе өзен алабын шектеуші тұстама арқылы бір жыл ішінде ағып өтетін су тұстама арқылы бір жыл ішінде ағып өтетін су көлемі. Жылдық баға. п е д . Оқушылардың жыл бойы алған білімін бағалау ретінде қойылатын, төрт тоқсандық бағаларының қосындысы мен емтихан бағасынан шығатын ортақ баға. Жылдық есептеме. э к о н . Заңды тұлғаның (кәсіпорынның, бірлестіктің, ұйымның) есепті кезеңдегі өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметінің нәтижелері туралы бухгалтерлік құжаттар кешені. Жылдық жер. Атпен, арбамен, түйемен жүргенде жылға жуық жүретін, қашық жер. Жылдық жиынтық табыс. э к о н . Салық төлеушінің жылдық табысы, оған жөнелтілген өнім, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер және салық төлеуші алуға тиіс (алған) заттар үшін үшінші бір тұлғаларға өзара есеп айырысу тәртібімен немесе тікелей және жанама шығыстарды өтеу үшін жіберілген ақшалай немесе басқа да қаражат. Жылдық жоспар. Бір жылға арналған, қаржы жылының аяғына дейінгі жоспар. Жылдық қабат. б и о л . Өсімдікте ағаш сүрегінің өсу аймағы. Жылдық сынама. к е н . Тоқсандық сынамалардың жиынтық көрсеткіші.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет