ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=


ЖЫЛТЫЛ з а т . Бір нәрсенің жылтылдаған көрінісі. Жылтыл қақты



бет60/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   72
Байланысты:
Түсіндірме сөздік 15 бет

ЖЫЛТЫЛ з а т . Бір нәрсенің жылтылдаған көрінісі.
Жылтыл қақты. Жалт-жалт етті, жылтылдады.
ЖЫЛТЫЛДА= е т . 1. Оттың, жарықтың жылт-жылт етіп көрінуі. 2. Жылтырау, жалтырау, жарқырау. 3. Ағару, ерекшелену. 4. Сығыраю. 5. Шылқылдау. 6. а у ы с . Көз алдау, сыртын түзеу. 7. а у ы с . Күнге қатты күйген шойынқара дененің көрінуі. 8. а у ы с . Көріну, ашық жүру.
ЖЫЛТЫЛДАҚ с ы н . Жылт-жылт еткен, жылтыраған.
ЖЫЛТЫЛДАТ= е т . Оттың, жарықтың жылт-жылт етіп көрінуі.
ЖЫЛТЫЛДАУ Жылтылда етістігінің қимыл атауы.
ЖЫЛТЫҢ с ы н . Жылтиған, жылт-жылт еткен.
Жылтың етті. а) Жылмаң етіп көрінді. ә) Тез өтіп кетті. Жылтың қақты. Жылт-жылт етті.
ЖЫЛТЫҢДА= е т . 1. Жылт-жылт етіп көріну. 2. а у ы с . Жылмаңдау, қылмаңдау. 3. Қайта-қайта келгіштеу, көріну.
ЖЫЛТЫҢДАТ= е т . Қайта-қайта көрсету, қылтыңдату.
ЖЫЛТЫҢДАУ Жылтыңда етістігінің қимыл атауы, жылмаңдау.
ЖЫЛТЫҢ-ЖЫЛТЫҢ е л і к . Қайта-қайта жылтыңдағанды, көрінгенді бейнелейтін сөз.
Жылтың-жылтың етті. а) Жылтыңдады. ә) Жылмаңдады.
ЖЫЛТЫР с ы н . 1. Тайғанақ, жылмағай. 2. Жылт-жылт еткен. 3. Күнге күйіп, жылтыраған. 4. Кірден, көп үйкелгеннен жылтыраған. 5. Айнадай, мөлдір. // Жылтырақ. 6. а у ы с . Жылпос, жылмаң қаққан.
Жылтыр қара. Өңі бірыңғай шымқай қара (адам). Жылтыр мата. ж е р г . Бишілер, әртістер киім тігетін жылтырақ мата. Жылтыр сөз. Мәнсіз, мағынасыз сұлу сөз.
ЖЫЛТЫРА= е т . 1. Жылт-жылт ету, жылтырап көріну. 2. а у ы с . Жақсы көрінуге тырысу, көлгірсу. 3. а у ы с . Бір нәрседен елес беру, үміттендіру. 4. а у ы с . Өтірік, сырты сұлу көріну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет