ЖҰМСАҚ с ы н. 1.Мамық, ұлпа, үлпілдек, биязы.2.Қатты емес, былпылдап, езіліп тұрған немесе әбден піскен.3. а у ы с . Жағымды, сүйкімді (дауыс).4. а у ы с . Жайлы, жайдары. 5. а у ы с . Жағдайлы, қолайлы, жылы (күн райы). 6. а у ы с . Жанға жайлы, майда (тіл, сөз). Жұмсақ алтын. б е й н . Бағалы аң терілері.Жұмсақ балшатыр. З а т . ө с . Айлаулықтар тұқымдасына жататын, биіктігі 15-35 см көпжылдық шөптесін өсімдік.Жұмсақ вагон.Жолаушылардың жатып-тұруына, демалуына ыңғайластырып жабдықталған, екі адамдық жайлы вагон.Жұмсақ валюта. э к о н . Өзінің атаулы құнымен және басқа валюталардың бағамымен салыстырғанда тұрақсыз валюта.Жұмсақ жел.Жай, ақырын соққан жел.Жұмсақ қолдылық істеу. Көңілге қараушылық.Жұмсақ мінезді.Әдепті, сыпайы, иі жұмсақ.Жұмсақ су. х и м . Құрамында кальций мен магний карбонаттары аз, кермектігі 1,5-3,0 мг-экв/дм3 аралығындағы су.Жұмсақ таңдай. а н а т . <лат.palatum molle> Ауыз қуысын мұрын қуысынан бөліп тұратын қатты таңдайдың артқы жалғасы.Жұмсақ ұлпа. <лат. pulpa> Тіс қуысында орналасқан тістің жұмсақ бөлігі. ЖҰМСАҚТА= е т . Жұмсақ ету, жайлы ету. ЖҰМСАҚТАН= е т . Жұмсақ күйге түсу, жұмсару. ЖҰМСАҚТАНУЖұмсақтан етістігінің қимыл атауы. ЖҰМСАҚТАУ1 с ы н . 1. Топырағы бос, құмды (жер). 2.Тіске жұмсақ, піскен.
ЖҰМСАҚТАУ2 Жұмсақта етістігінің қимыл атауы. ЖҰМСАҚТҮК з а т . ө с . <лат.malachium> Қалампыр тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. ЖҰМСАҚТЫҚ з а т . 1.Үлпілдектік, ұлпалылық.2. а у ы с . Жайлылық, жайдарлылық, қатаң еместік. ЖҰМСАЛ= е т . 1.Бір жұмысты атқаруға, орындап келуге жегілу, жіберілу.2. Жаратылу, пайдаланылу.