ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=


ЖЫЛДЫМ с ы н . Ұзақ уақыт сауылатын (мал). // Күйі ерте келіп, жиі бұзаулайтын сиыр. ЖЫЛДЫМ



бет53/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   72
Байланысты:
Түсіндірме сөздік 15 бет

ЖЫЛДЫМ с ы н . Ұзақ уақыт сауылатын (мал). // Күйі ерте келіп, жиі бұзаулайтын сиыр.
ЖЫЛДЫМ с ы н . с ө й л . Жылдам.
ЖЫЛДЫМДЫҚ з а т . с ө й л . Жылдамдық.
ЖЫЛДЫРМАЛАТ= е т . с ө й л . Тездету, шапшаңдату.
ЖЫЛЖИ-ЖЫЛЖИ ү с т . Ақырындап жылжып отырып.
ЖЫЛЖУ Жылжы етістігінің қимыл атауы.
ЖЫЛЖЫ= е т . 1. Бір нәрсенің белгілі бір бағытқа қарай баяу журуі, ақырын қозғалуы. 2. Тұрған орнынан қозғалу, жүре бастау. 3. Жыбырлау, жүргенін білдірмеу. 4. Қозғалу, орнын ауыстыру. 5. Ағу, құйылу. 6. Өту. 7. Жоғарылап көтерілу, алға ақырындап сырғу. 8. а у ы с . Өзгеру. 9. а у ы с . Уақыт өту, жайлап өмір сүру. Жылжымайтын мүлік. қ о ғ . -э к о н . Орнықты мүлік.
ЖЫЛЖЫҒАНСЫ= е т . Жылжыған түр көрсету, жылжыған сияқты болу.
ЖЫЛЖЫҒЫШ с ы н . Жылжымалы, жылжитын.
ЖЫЛЖЫҒЫШТЫҚ з а т . Жылжымалылық қасиет.
ЖЫЛЖЫМА з а т . к е н . Беткейдегі тау-жыныс массасы ауырлық күшінің, оған қоса тасымалдайтын көліктің, үйіндінің, жару жұмыстарының әсерінен баяу жылжып сырғуы.
ЖЫЛЖЫМАЙТЫН: жылжымайтын мүлік. э к о н . Жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі жер мен басқалай табиғи жайылымдар, жерге заттық құқықтар, сондай-ақ, жерде орналасқан, соған тікелей байланысқан кез келген мүліктер (ғимараттар, мекен-жайлар, зауыттар т.б.).
Жылжымайтын мүлік салығы. э к о н . Жылжымайтын мүлік үшін бюджетке жыл сайын төленетін міндетті төлем.
ЖЫЛЖЫМАЛЫ с ы н . 1. Ары-бері жылжытуға болатын, қозғалмалы. 2. Бір жерден екінші жерге ауыстыруға, апаруға болатын. 3. Сусымалы, көшпелі.
Жылжымалы байланыс құралдары. ә с к . Оперативтік құжаттар және басқа да қызметтік құжаттарды жеткізуге арналған көлік құралдары. Жылжымалы басқару пункті. ә с к . Құтқару жұмыстарын жүргізуді тікелей басқару үшін құрылған пункт. Жылжымалы баспалдақ. т е х . <ағыл. ecscalator> Адамдарды тасымалдауға арналған сатыларда үздіксіз қозғалып тұратын еңіс конвейер. Жылжымалы бөгеу атысы. ә с к . Жаудың танкілері мен жаяу әскерлерінің шабуылына тойтарыс беріп, өз әскерлерінің алдыңғы қорғаныс шебіне жеткенге дейін жауды бөгеп, жою үшін артиллериядан жүргізілетін атыс. Жылжымалы желі. и н ф . Ашық ортада жеткізу техникасын қолдана отырып, бір-бірімен немесе орталық (қозғалмайтын) компьютермен әрекеттесе алатын жылжымалы стансылардан тұратын желі. Жылжымалы (уақытша) жолдар. к е н . Кен жұмыстары технологиясының шарттары бойынша белгілі бір уақыт аралығында көшіріліп отыратын карьер жолдары. Жылжымалы кітап дүкені. Көшпелі кітап саудасы, кітап сататын дүкен. Жылжымалы қорлар. ә с к . Штаттық көлік құралдарында, әскери және басқа да мәшинелерде, ұшқыштар құрамы жолында сақталатын және ұрыс қимылдары барысында қайта топтастыру кезінде бөлімшелермен, бөлімдермен бірге ауысып отыратын қорлар. Жылжымалы механикаландырылған колонна. с у ш а р . Бастапқы (ең алғашқы) мердігерлік құрылыс жасау немесе жөндеу мекемесі. Жылжымалы мүлік. м е т р . Көбінесе көшірілетін немесе жылжымалы, яғни жерден және оған байланысты (ғимараттар, құрылыстар және т . б.) мүліктерден басқа нысандар. Жылжымалы ойынхана. <франц. chapiteau> Брезенттен жасалған шатырда цирктік қойылымдарды елді аралай жүріп көрсететін жылжымалы орын. Жылжымалы сорғы стансысы. с у ш а р . Судың деңгейін биіктету, өрдегі суарма телімдерге су жеткізу, кейбір су қоймаларын сумен толтыру және жерасты суларын сорып шығару үшін қолданылатын ғимараттар кешені. Жылжымалы тамақтандыру пункті. ә с к . Орналасу, құтқару және авариялық-шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу аудандарындағы жасақтардың адам құрамын, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек жасағындағы зақымданған адамдарды ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін құрылған пункт. Жылжымалы телевизия стансысы. т е х . Студиядан тыс жерде әзірленген бағдарламаны телевизия орталығының тұғырлы аппаратына жеткізуге арналған жабдықтар кешені. Жылжымалы үй. Көшпелі үй. Жылжымалы электр стансысы. Көлікке орнатылған электр стансысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет