ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=



бет61/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   72
Байланысты:
Түсіндірме сөздік 15 бет

ЖЫЛТЫРАҚ с ы н . Жылт-жылт еткен, жылтырауық. // Көзге әдемі, іске татыр жақсы зат. //Сырты әдемі, көз алдайтын, бірақ мәнсіз, қажетсіз зат т.б.
Жылтырақ сөз. Көпірме, бос сөз.
ЖЫЛТЫРАҚТЫҚ з а т . Көпірмелік, бос сөздік.
ЖЫЛТЫРАС= е т . Жылт-жылт етісу.
ЖЫЛТЫРАТ= е т . 1. Жалт-жұлт еткізу. 2. Тақырлату.
ЖЫЛТЫРАТУ Жылтырат етістігінің қимылатауы. // т е х . Металдан, шыныдан т.б. қатты заттардан жасалған заттарды тап- таза қылып сүрту.
ЖЫЛТЫРАУ Жылтыра етістігінің қимыл атауы, жылт-жылт ету.
ЖЫЛТЫРАУЫҚ с ы н . Жылт-жылт еткен, жалтырауық. // Қыз-келіншек сән үшін тағынатын асыл бұйым, жылтырақ.
Жылтырауық сөз. Жылтыр сөз, көпірме, бос сөз. Жылтырауықтарынан арылды. Шын бет-бедері көрінді, шынайы болмысын көрсетті.
ЖЫЛТЫРАУЫҚТЫ с ы н . Жылтырауығы бар.
ЖЫЛТЫРАУЫҚТЫҚ з а т . Жылтырауық затқа тән қасиет.
ЖЫЛТЫРЛАН= е т . 1. Жылтыр түске ену, жылт-жылт ету. 2. Беті тегістеніп, тайғанақ, жылмағай қалыпқа түсу.
ЖЫЛТЫРЛЫҚ з а т . 1. Жылтыр затқа тән қасиет. 2. ф и з . Минерал кристалының жарық сәулелерін сындыру (шағылдыру) қабілетімен сипатталатын физикалық қасиеті.
ЖЫЛТЫРСЫЗ с ы н . Етсіз, майсыз.
ЖЫЛТЫРСЫЗДЫҚ з а т . Жылтыры жоқтық.
ЖЫЛУ1 з а т . 1. Күннен, оттан бөлінетін қызу. 2. Адам денесінде, киімде, топырақта сақталатын жылылық. 3. ф и з . Денені құрайтын бөлшектердің (молекулалардың, атомдардың, электрондардың, фотондардың т.б.) бейберекет (тәртіпсіз) қозғалысының бір түрі. 4. Жылылық. 5. а у ы с . Мейірімділік, қайырымдылық, жылылық. 6. а у ы с . Рақат. 7. а у ы с . Қызу, жалын. 8. а у ы с . Әдемі, қымбат шақ. 9. а у ы с . Жақсылық, шарапат. 10. а у ы с . Пана, саялайтын жер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет