ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=



бет43/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72
ЖЫҒЫС= е т . 1. Күресте бірін-бірі құлатысу, омақастырысу. 2. а у ы с . Бірін-бірі мойындау, кезек берісу.
ЖЫҚ= е т . 1. Күресте қарсыласын құлату, жауырынын жерге тигізу. 2. Малды артқы оң аяғынан ұстап, арқасына қарай құлату. 3. Киіз үйдің уық-керегесін жинау, көшуге даярлау. 4. Соғыста жаралау, құлату. 5. Шалу, қапыда омақастыру. 6. а у ы с . Біреуді жеңу, одан басым түсу, дес бермеу. 7. а у ы с . к ә с . Арықтағы немесе тоғандағы суды басқа жаққа қарай бұрып жіберу; бөгеуді ашу. 8. а у ы с . Төмендету, жол берісу. 9. а у ы с . Өшіру, құрту. 10. а у ы с . Құлату, бұзу, күйрету.
Жыға танымады. Шырамытқаны болмаса, дәл кім екенін білмеді; жақсы танымады. Жыға танытады. Белгі береді, өзі-ақ айтады. Жығыла жабысты. Қиылып өтінді, жалынып-жалпайды. Жығып айтты. ж е р г . Жарытымды жеткізді, берекелі айтты. Жығып берді. Біреуді қалай да жеңілдірді, жауының алдында масқаралады. Жығып салды. а) Құлатты, омақастырды. ә) Сойды.
ЖЫҚҚЫЗ= е т . Құлату, омақастыру.
ЖЫҚҚЫЗУ Жыққыз етістігінің қимыл атауы.
ЖЫҚПА-ЖЫҒЫЛМА ү с т . ж е р г . Орташа.
ЖЫҚПЫЛ з а т . 1. Ағашы, бұтасы қалың өскен жер; сай, жыра. 2. а у ы с . Қалтарыс, бұлтарыс.
ЖЫҚПЫЛДЫ с ы н . Жықпылы мол; жыралы, қалтарысты.
ЖЫҚПЫЛ-ЖЫҚПЫЛ с ы н . 1. Жыра-жыра, қалтарыс-қалтарыс. 2. а у ы с . Жиналған, қордаланған.
Жықпыл-жықпылын түгел білді. Сай-саласын, тау-тасын түгел таныды.
ЖЫҚПЫЛ-ЖЫРА з а т . Сай-сала, жыра.
ЖЫҚТЫР= е т . Тігілген үйдің уықтарын алып, керегесін жинату.
ЖЫҚТЫРУ Жықтыр етістігінің қимыл атауы.
ЖЫЛ з а т . 1. Он екі айлық уақыт, мерзім, мезгіл. 2. а с т р . Жердің Күнді бір айналып шығуына кететін уақыт аралығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет