Жүрісінен жаңылмады.Өзгермеді, алған бетінен қайтпады.Жүрісі суық.Асығыс, қатты, қаһарлы келіс.Жүрісі сұйық.Жеңіл жүрісті, мардымсыз, ісі берекесіз. ЖҮРІC= е т . Бірге журу, қозғалу. ЖҮРІСКЕР с ы н . Жақсы жүретін, аяғын тез басатын. ЖҮРІСКЕРЛІК з а т . Жақсы, тез жүретіндік. ЖҮРІС-ТҰРЫС з а т . 1.Қимыл-қозғалыс, іс-әрекет.2. а у ы с . Әдет, дағды. Жүріс-тұрысы бұзылды.Дағдылы қозғалысынан айырылды, қимылдары бағдарсыз қалды. ЖҮРІСТІс ы н . Жүрісі қатты, жүргіш, аяңшыл. ЖҮРІСТІК з а т . к е н . 1.Төсемдерден, баспалдақтармен не тараптармен жабдықталып, көбінесе адамдардың жүріп-түруына арналған, бремебергке параллель етіп жүргізілген көлбеу не еңіс жерасты қазбасы.2. т е х . Штрек жанындағы кентіректе жүргізіліп, штрек пен қазып алу камерасын қосатын көлбеу қазба.3.Аралықтарды жалғастыратын енсіз қазба. ЖҮРІСТІЛІК з а т . Жақсы жүретіндік, аяңшылдық. ЖЫБЫР з а т . Қыбыр, қимыл, қозғалыс. Жыбыр етті.Жыбырлады, қимылдады, қозғалды.Жыбыр қақты.Жыбыр-жыбыр етті, жыбырлады, қозғалды. ЖЫБЫР-ЖЫБЫР ү с т . Қыбыр-қыбыр; баяу, ақырын. // Ақырын, баяу қозғалыс. Жыбыр-жыбыр етті.Жыбырлады, қайта-қайта қозғалды. ЖЫБЫРҚАЙ с ы н . Ұсақ, майда, біріне-бірі қосылып кеткен. ЖЫБЫРЛА= е т . 1.Қимылдау, қозғалу; жыбыр-жыбыр ету.2.Қаптау, құжынау. ЖЫБЫРЛАҒЫШ с ы н . Қимылдағыш, қозғалғыш. ЖЫБЫРЛАҚ1 с ы н . 1.Жыбыр-жыбыр еткен, кібіртіктеген. // Өнімсіз іс-әрекет, бос сандалма тірлік.2. а у ы с . Аузында сөз тұрмайтын, өсекші. Жыбырлақ мінез.Тұрақсыз, жеңіл мінез; аумалы-төкпелі қалып-күй. ЖЫБЫРЛАҚ2 з а т . в е т . Қойда болатын жұқпалы індет.