ЖЫҒЫС= е т . 1.Күресте бірін-бірі құлатысу, омақастырысу.2. а у ы с . Бірін-бірі мойындау, кезек берісу. ЖЫҚ= е т . 1.Күресте қарсыласын құлату, жауырынын жерге тигізу.2. Малды артқы оң аяғынан ұстап, арқасына қарай құлату.3.Киіз үйдің уық-керегесін жинау, көшуге даярлау.4.Соғыста жаралау, құлату.5.Шалу, қапыда омақастыру. 6. а у ы с . Біреуді жеңу, одан басым түсу, дес бермеу.7. а у ы с . к ә с . Арықтағы немесе тоғандағы суды басқа жаққа қарай бұрып жіберу; бөгеуді ашу. 8. а у ы с . Төмендету, жол берісу. 9. а у ы с . Өшіру, құрту. 10. а у ы с . Құлату, бұзу, күйрету. Жыға танымады.Шырамытқаны болмаса, дәл кім екенін білмеді; жақсы танымады.Жыға танытады.Белгі береді, өзі-ақ айтады.Жығыла жабысты.Қиылып өтінді, жалынып-жалпайды.Жығып айтты. ж е р г . Жарытымды жеткізді, берекелі айтты.Жығып берді.Біреуді қалай да жеңілдірді, жауының алдында масқаралады.Жығып салды. а) Құлатты, омақастырды. ә) Сойды. ЖЫҚҚЫЗ= е т . Құлату, омақастыру. ЖЫҚҚЫЗУЖыққыз етістігінің қимыл атауы. ЖЫҚПА-ЖЫҒЫЛМА ү с т . ж е р г . Орташа. ЖЫҚПЫЛ з а т . 1.Ағашы, бұтасы қалың өскен жер; сай, жыра.2. а у ы с . Қалтарыс, бұлтарыс. ЖЫҚПЫЛДЫ с ы н . Жықпылы мол; жыралы, қалтарысты. ЖЫҚПЫЛ-ЖЫҚПЫЛ с ы н . 1.Жыра-жыра, қалтарыс-қалтарыс.2. а у ы с . Жиналған, қордаланған. Жықпыл-жықпылын түгел білді.Сай-саласын, тау-тасын түгел таныды. ЖЫҚПЫЛ-ЖЫРА з а т . Сай-сала, жыра. ЖЫҚТЫР= е т . Тігілген үйдің уықтарын алып, керегесін жинату. ЖЫҚТЫРУ Жықтыр етістігінің қимыл атауы. ЖЫЛ з а т . 1.Он екі айлық уақыт, мерзім, мезгіл.2. а с т р . Жердің Күнді бір айналып шығуына кететін уақыт аралығы.