ЖЫЛЫТ= е т . 1.От жағып қыздыру, жылы қалыпқа келтіру.2.Суып қалған асты отқа қойып ысыту. 3.Ыстық су мен суық суды араластырып, томыртқалау. 4. а у ы с . Жылу ұялату, көңіл көтеру, қуанту. Жылыта суармалау. с у ш а р . Егістікті ерте көктемдегі үсіктен сақтауға және өсімдіктің қаулап тез өсуіне әсерін тигізетін суармалау әдісі. ЖЫЛЫТҚЫ з а т . Адам денесінің әр жерін қыздыру немесе жылыту үшін қолданылатын жабдық. ЖЫЛЫТҚЫЛА= е т . Ыстық суға суық су құйып немесе керісінше істеп, жылы қалыпқа келтіру, суды томыртқалау. ЖЫЛЫТҚЫЛАУЖылытқыла етістігінің қимыл атауы. ЖЫЛЫТҚЫШ з а т . т е х . Жылу беретін, жылытатын аспап. ЖЫЛЫТПА з а т . ж е р г . Кешеден қалған ас. ЖЫЛЫТПАЛА= е т . с ө й л . Жылыту. ЖЫЛЫТУЖылыт етістігінің қимыл атауы. 1.Үй-жайдың температурасын адамға жайлы, кейде технологиялық процестің талаптарына сай деңгейде ұстап түру үшін жүргізілетін жасанды жылыту процесі. 2. Суып қалған піскен асты отқа қойып қыздыру, жылы қалыпқа келтіру. 3. к е н . Сұйық қорытпаны тұрақты температурада ұстап тұру үшін қыздыру. ЖЫЛЫТЫЛ= е т . Жылы қалыпқа келтірілу. ЖЫЛЫТЫЛУЖылытыл етістігінің қимыл атауы. ЖЫЛЫТЫҢҚЫРА= е т . Жылы қалыпқа келтіріңкіреу. ЖЫЛЫТЫҢҚЫРАТ= е т . Жылы қалыпқа келтіріңкірету. ЖЫЛЫТЫҢҚЫРАТУЖылытыңқырат етістігінің қимыл атауы. ЖЫЛЫТЫҢҚЫРАУЖылытыңқыра етістігінің қимыл атауы. ЖЫМ1 з а т . 1.Аңның ұясына, ініне қарай баратын ізі, жолы. 2. Ін, ұя.3. а у ы с . Екі заттың жапсары, жігі, қиюы, қисыны. Жымын білдірмеді.Адам баласына сездірмеді, басқан ізін көрсетпеді.Жымы тұтас. Ағайын-туыс, жақын; ниеті бір.