ЖЫМ2 з а т . о й ы н . Көпшілік алқа-қотан отырып ойнайтын халық ойыны; үндемес. ЖЫМ3 ү с т . з а т . Үн-түнсіз, тып-тыныш. Жым басылды.Бірден басылды, тына қалды. Жым болды. Тына қалды, үні өшті.Жым қылды. Үнін өшірді, аузын аштырмады, сөйлетпеді. ЖЫМ4: жым етік.Өкшесі аласа қисық табан етік. ЖЫМ= е т . 1.Жануарлардың құлағын артқа қарай жымырып, құйрығын ішке қарай тығып алуы. 2.Тынышталу, үні шықпау. 3. Қашу, жасырыну. 4. а у ы с. Тауы шағылу, беті қайту. ЖЫМБА з а т . Қалтарысы, бұлтарысы көп таса жер. Жымба жол.Айла-шарғы; жасырын, құпия іс-әрекет. ЖЫМБАЛА= е т . ж е р г . Бұқпантайлау. ЖЫМДА= е т . Қисынын келтіру, қисындастыру, үйлестіру. ЖЫМДАЙ с ы н . Тып-тыныш, моп-момақан. Жымдай болды. Үні өшті, дымы шықпады. Жымдай қылды [етті]. Тыныштандырды, момақан етті, жуасытты. ЖЫМДАС с ы н . Ымы-жымы бір. ЖЫМДАС= е т . 1. Жігі білінбей тұтасып, кірігіп тұру. 2. а у ы с . Қиюласу, үйлесу, қисындасу.3. а у ы с . Нығаю, беку, бірігу.4. а у ы с . Үндесу, әуендесу. ЖЫМДАСТЫҚ з а т . г е о л . Кристалдардың нақты немесе ықтимал қырларында параллель жазықтықтар бойынша жарылу қасиеті. ЖЫМДАСТЫР= е т . 1. Қиюластыру, ұстастыру. 2. а у ы с . Қисынын келтіру, үйлестіру. ЖЫМДАСТЫРУ Жымдастыр етістігінің қимыл атауы. 1. Қиюластыру, қиыстыру. 2. а у ы с . Қисынын келтіру, үйлестіру. ЖЫМДАСТЫРЫЛ= е т . Қиюластырылу, ұстастырылу. ЖЫМДАСТЫРЫЛУЖымдастырыл етістігінің қимыл атауы. ЖЫМДАСУЖымдас етістігінің қимыл атауы. 1. Тұтасу, кірігу. 2. а у ы с . Үндесу, үйлесу, қисындасу.