ЖЫМДЫ с ы н. Жымы бар; жым түскен. ЖЫМ-ЖЫЛАС ү с т . 1.Қайда кеткені белгісіз, зым-зия. 2.Теп-тегіс, жып-жылмағай. Жым-жылас жұтты.Жоқ қылды, тып-типыл етті. ЖЫМ-ЖЫРТ1з а т . ж е р г . о й ы н . Ойын шартына сәйкес күліп не сөйлеп қойған адамға айып тартқызатын ойын түрі. ЖЫМ-ЖЫРТ2 ү с т . 1. Үн жоқ-түн жоқ, тып-тыныш. 2. Табиғат дүниесінің тым-тырыс, меңіреу қалыпта болуы. ЖЫМ-ЖЫРТТЫҚ з а т . Тым-тырыс болушылық, тыныштық. ЖЫМИ= е т . Жылышырай білдіру, езу тарту. ЖЫМИҒАНСУЖымиғансы етістігінің қимыл атауы. ЖЫМИҒАНСЫ= е т . Езу тартып күлгенсу. ЖЫМИТ1= е т .Езу тарттыру, күлдіру. ЖЫМИТ2= е т . Малдың (ат, есек т. б.) сес көрсетіп, құлағын жымыруы. ЖЫМИТУЖымит етістігінің қимыл атауы. ЖЫМИТЫС= е т . Малдың (ат, есек т.б.) құлақтарын жымырысып, бір-біріне сес көрсетуі. ЖЫМИТЫСУЖымитыс етістігінің қимыл атауы. ЖЫМИЫС з а т . Жымиып күлген күлкі. ЖЫМИЫС= е т . Жылы шырай білдірісу, езу тартысу. ЖЫМИЫСУЖымиыс етістігінің қимыл атауы. ЖЫМИЮЖыми етістігінің қимыл атауы; езу тарту, күлу. ЖЫМҚЫР= е т . 1. Бір заттың етегін, шетін ішке қарай қайыру, тығу, жинастыру. 2. Ерінді ішке қарай қайыра бүгу. 3. а у ы с. Жасыру, тығып қою, ұрлау. ЖЫМҚЫРМА з а т . Ұрлық. //Ұрлықшы, сұғанақ. ЖЫМҚЫРТ= е т . Ұрлау, жоқ қылу, құрту. ЖЫМҚЫРТУЖымқырт етістігінің қимыл атауы. ЖЫМҚЫРУЖымқыр етістігінің қимыл атауы. 1. Ерінді ішке қарай бүру. 2. Ұрлау, қымқыру. 3. қ ұ қ ы қ . Мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті, сондай-ақ бөтен біреудің мүлкін пайдакүнемдік мақсатпен немесе басқалай жеке мүддені қаузап, өзінің не басқа адамның пайдасына бола заңсыз алу, қайтарымсыз иелену, өзінің меншігіне айналдыру немесе өзінің меншігі ретінде билеу.