Жұмысшы концентрациясы. х и м . Уақыттың кез келген сәтіндегі масса алмастырғыш аппараттағы кез келген нүктеде алынған әрекеттесуші фазалардағы компоненттер концентрациясы. Жұмысшы қауым. т а р . с о в е т . Жұмысшылар тобы, табы.Жұмысшы табы. т а р . Индустриялық қоғамның әлеуметтік тобы, ол көбінесе дене еңбегімен айналысатын жалдамалы адамдарды қамтиды.Жұмысшы топ. и н ф . <ағыл. workgroup> Жұмыс тобы – бірлесіп жұмыс істеу және олардың жүйелік ресурстарын қарап шығуды жеңілдету үшін топтастырылған есептеу мәшинелері жинағы. ЖҰМШЫЛ с ы н . ж е р г . Ұйымшыл, бірлігі күшті. ЖҰМШЫЛДЫҚ з а т . ж е р г . Ұйымшылдық, бірауыздылық. ЖҰНТИ= е т . 1.Жұнттай болып семіру.2.Жып-жылмағай болу, жылтию. ЖҰНТТАЙ с ы н . 1. Жұп-жұмыр, семіз. 2. а у ы с . Жып-жылмағай, тап-таза. ЖҰНТЫҚ з а т . ж е р г . Жұрнақ, болар-болмас қалдық. ЖҰҢҚАШ з а т . ө с . <лат. zuncus> Тоғайлы жерде өсетін құрақ шөп. ЖҰҢҚАШ з а т . ө с . <лат. juncus> Биіктігі 17-20 см-дей, сабақтары жіңішке, жапырақтары таспа тәрізді болып келген елекшөптің бір түрі. ЖҰП1 с а н . 1.Екеу, қос; пар.2.Бір-біріне тең жұбайлар. Жұбын жазбады.Бір-бірінен ажырамады, үнемі бірге болды.Жұбы берік. Тату, ынтымақты, бірлігі күшті.Жұп сан.Қалдықсыз екіге бөлінетін бүтін сан. Жұп таңдау. а у ы л ш а р . Мал тұқымын асылдандыру тәсілдерінің бірі; аналық малдың сапасын ескере отырып, одан жақсы төл алу үшін лайықты аталық малды таңдап шағылыстыру.Жұпты болды.Жұбайлы болды, үйленді. ЖҰП2з а т . ж е р г . Жан қалта. ЖҰПАНА с ы н . ж е р г . Жұпыны. ЖҰПАР1 з а т . <лат. muscus> 1.Кейбір өсімдік түрлерінен және жануарлардың (жылан, тасбақа, қолтырауын, жұпартышқан, құдыр, құндыз, ондатра т.б.) арнайы жұпар бездерінен алынатын хош иісті зат.2.Ерекше хош иіс.3.Әтір, иіс су.