ЖҰПЫНЫ с ы н . Қарапайым, қарабайыр, сүреңсіз. Жұпыны киім.Қарапайым, арзан матадан тігілген киім. ЖҰПЫНЫ-ЖҰТАҢ с ы н . Нашар, жетімсіз. ЖҰПЫНЫЛАУ с ы н . 1.Қарапайымдау, қораштау, сүреңсіздеу. 2.Сыпайылау. ЖҰПЫНЫЛЫҚ з а т . Қарапайымдылық, сүреңсіздік. ЖҰПЫТСУ= е т . ж е р г . Надансу,мүләйімсу. ЖҰРАҒAТ з а т . 1.Үрім-бұтақ, әулет.2.Алыс-жақын, ағайын. ЖҰРАҒАТТЫҚ з а т . Ағайындық,туыстық. // Үрім-бұтаққа тәндік. ЖҰРБАЙ з а т . з о о л . Дала бозторғайы. ЖҰРДАЙ е с і м . Түк жоқ, құралақан, мақұрым. Жұрдай болды.Бәрінен айырылды, түк қалмады.Жұрдай етті. Бәрінен мақрұм қылды, дым қалдырмады. Жұрдай қылды.Тып-типыл етті, жоқ қылды, жермен-жексен етті. ЖҰРДАЙЛЫҚ з а т . Түк жоқтық, дым қалмаушылық, құралақандық, мақұрымдық. ЖҰРИЯТ з а т . ж е р г . Жұрт. ЖҰРҚА1 з а т . к ө н е . Бір нәрсенің қалған қалдығы, сарқыншағы, тамтығы. ЖҰРҚА2Жүн-жұрқа қос сөзінің екінші сыңары. ЖҰРҚАН з а т . ж е р г . Жамылатын көрпе. ЖҰРНА з а т . к ө н е . Кедейшілік, таршылық, жоқтық. ЖҰРНАҚ1 з а т . Бұрынғыдан қалған белгі, қалдық, жәдігер. ЖҰРНАҚ2 з а т . г р а м м . Жалғанған сөзінен жаңа сөз тудыратын немесе сөзді түрлендіретін қосымша. ЖҰРТ1 з а т . 1.Ел-жұрт.2. к ө н е . Патшалық, мемлекет, ел. Жұрт аяғы басылды.Ел орынға отырды, тынышталды. Жұрт аяғын ауырлады.Қиналды, қысылды, жақтырмады.Жұрт жақсысы.Елдің сөз ұстар, бетке шығар, игі адамдары.Жұрт қамы.Ел мүддесі, хал-жайы, ахуалы.Жұрт қатарлы.Ел сияқты, басқалар тәрізді.Жұрт қыран-топан.Барлығының ішек-сілесін қатырған күлкі.Жұрт сұрады [биледі].Ел басқарды, ел биледі, ұстады.Жұрттан алабөтен.Елден ерекше, басқадан оқшауырақ.Жұрттан асқан. Елден ерек.Жұрт тану.Ел білу, көпті көру. Жұрттан шыққан. к е й і с . Елден безген, жексұрын, азғын.Жұртты бастады.Халықты, елді соңынан ертті. Жұртын бермеді.Елін-жерін жауға алдырмады.