ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=



бет9/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   72
Жұмысшы концентрациясы. х и м . Уақыттың кез келген сәтіндегі масса алмастырғыш аппараттағы кез келген нүктеде алынған әрекеттесуші фазалардағы компоненттер концентрациясы. Жұмысшы қауым. т а р . с о в е т . Жұмысшылар тобы, табы. Жұмысшы табы. т а р . Индустриялық қоғамның әлеуметтік тобы, ол көбінесе дене еңбегімен айналысатын жалдамалы адамдарды қамтиды. Жұмысшы топ. и н ф . <ағыл. workgroup> Жұмыс тобы – бірлесіп жұмыс істеу және олардың жүйелік ресурстарын қарап шығуды жеңілдету үшін топтастырылған есептеу мәшинелері жинағы.
ЖҰМШЫЛ с ы н . ж е р г . Ұйымшыл, бірлігі күшті.
ЖҰМШЫЛДЫҚ з а т . ж е р г . Ұйымшылдық, бірауыздылық.
ЖҰНТИ= е т . 1. Жұнттай болып семіру. 2. Жып-жылмағай болу, жылтию.
ЖҰНТТАЙ с ы н . 1. Жұп-жұмыр, семіз. 2. а у ы с . Жып-жылмағай, тап-таза.
ЖҰНТЫҚ з а т . ж е р г . Жұрнақ, болар-болмас қалдық.
ЖҰҢҚАШ з а т . ө с . <лат. zuncus> Тоғайлы жерде өсетін құрақ шөп.
ЖҰҢҚАШ з а т . ө с . <лат. juncus> Биіктігі 17-20 см-дей, сабақтары жіңішке, жапырақтары таспа тәрізді болып келген елекшөптің бір түрі.
ЖҰП1 с а н . 1. Екеу, қос; пар. 2. Бір-біріне тең жұбайлар.
Жұбын жазбады. Бір-бірінен ажырамады, үнемі бірге болды. Жұбы берік. Тату, ынтымақты, бірлігі күшті. Жұп сан. Қалдықсыз екіге бөлінетін бүтін сан. Жұп таңдау. а у ы л ш а р . Мал тұқымын асылдандыру тәсілдерінің бірі; аналық малдың сапасын ескере отырып, одан жақсы төл алу үшін лайықты аталық малды таңдап шағылыстыру. Жұпты болды. Жұбайлы болды, үйленді.
ЖҰП2 з а т . ж е р г . Жан қалта.
ЖҰПАНА с ы н . ж е р г . Жұпыны.
ЖҰПАР1 з а т . <лат. muscus> 1. Кейбір өсімдік түрлерінен және жануарлардың (жылан, тасбақа, қолтырауын, жұпартышқан, құдыр, құндыз, ондатра т.б.) арнайы жұпар бездерінен алынатын хош иісті зат. 2. Ерекше хош иіс. 3. Әтір, иіс су.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет