ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=



бет10/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72
Байланысты:
Түсіндірме сөздік 15 бет

Жұпар [хош иісті] ауа. Иісі жұпар аңқыған таза ауа. Жұпар аңқыды. Хош иіс айналаны алып кетті, ерекше жағымды иіс мұрын жарды. Жұпар атты. Жұпар иіс шығарды. Жұпар иіс. Аңқыған, хош иіс. Жұпар иісті. Иісі аңқыған, жағымды, хош иісті. Жұпар кіндік. Қыз-келіншек үйір келетін, жұлдызы жанып тұрған жігіт туралы айтады. Жұпар сабын. Хош иісті сабын. Жұпар шашты. Жұпар аңқыды.
ЖҰПАР2 з а т . з о о л . Терісі аса бағалы аң.
ЖҰПАР3 з а т . б о т . Ерекше хош иісті шөп.
ЖҰПАРАҒАШ з а т . б о т . <лат.myristica> Магнолиялар қатары мускат тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаш.
ЖҰПАРБАС з а т . ө с . <лат.anthoxanthum> Астық тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік.
ЖҰПАРГҮЛ з а т . ө с . <лат. origanum> Ерінгүлділер тұқымдасына жататын, биіктігі 30-60 см көпжылдық шөптесін өсімдік.
ЖҰПАРЛА= е т . с ө й л . Әтір бүрку, иіс су жағу.
ЖҰПАРЛАУ Жұпарла етістігінің қимыл атауы.
ЖҰПАРЛЫ с ы н . Хош иісті; жұпар аңқыған.
Жұпарлы бездер. а н а т . Кейбір бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілердің түрі өзгерген тері бездері.
ЖҰПАРСЫЗ с ы н . Хош иіссіз.
ЖҰПАРТЫШҚАН з а т . з о о л . <лат. desmana moschata> Жәндікпен қоректенетіндер отрядына жататын, жартылай суда тіршілік ететін аң.
ЖҰПАРШӨП з а т . ө с . <лат. platanthera> Сүйсін тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдік.
ЖҰП-ЖУАН с ы н . 1. Өте жуан, тым толық. 2. а у ы с . Қалың, үп-үлкен, тоқпақтай.
ЖҰП-ЖУАС с ы н . Моп-момын, тым жуас.
ЖҰП-ЖҰБЫМЕН ү с т . Екі-екіден, қос-қосымен.
ЖҰП-ЖҰҚА с ы н . 1. Тым жұқа, қалың емес. 2. а у ы с . Әдемі, нәзік, сүйкімді, үлбіреген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет