Жұмыла көтерген– жүк жеңіл немесе бүгінгі күннің әлуметтік серіктестігі туралы Қазіргі таңда Қазақстанда мыңдаған үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істеуде. Олардың көбі көкейтесті әлеуметтік мәселелерді шешуге, қиын жағдайға тап болған адамдарға қол ұшын созуға, салауатты өмір салтын дәріптеуге, қоршаған ортаның ластануына байланысты, білім және тәрбие беру мәселелерін шешуге бағытталған. Осы үкіметтік емес ұйымдардың басым бөлігі әлеуметтік белсенді азаматтардың қолқа салуымен құрылған. Олардың мақсаты – қоғамда орын алып жатқан белгілі бір қиындықтарды шешу болып табылады. Аталмыш қиындықтар шешіліп те жатыр, оның бірталай мысалы да бар.
Сонымен қатар, коммерциялық емес сектордың заман талабына сай дамуы үлкен тәжірибені, әлеуметтік және басқару саласындағы біліктілік пен көрегендікті талап етеді. Оның үстіне, 90-шы жылдары көкейтесті мәселелердің бірі болған, қазір де жалғасын тауып отырған мемлекеттік емес ұйымдарда қазақ тілінің қолданылуы болып отыр. Бұл мәселені жүйелі түрде қарастырып, түрлі ұйымдардың талпыныстары мен ресурстарын жұмылдыра отырып шешу қажет.
Сол себептен, 2005-ші жылдан бастап ОАЕҚ азаматтық және экономикалық дәулеттілікті жоғарылатып, жергілікті қоғамдастықтарды нығайта отырып, азаматтардың өз болашағын қалыптастыруда белсене атсалысуына көмектеседі, қоғамдық және жеке ресурстарды мобилизациялайды. 2012 –ші жылы ОАЕҚ «ҮЕҰ секторындағы сарапшылар әлеуетінің даму бастамасы» атты жобаны қолға алды. Бұл жобаға Қазақстандағы өзінің әлеуметтік стратегиясы аясында «Шеврон» компаниясы тарапынан қолдау көрсетілді. Бұл жобаның басты мақсаты – неғұрлым сапалы қызметтерді көрсету және қоғам мүдделерін қорғау мақсатында азаматтық сектор әлеуетін нығайту. Одан бөлек, серіктес ретінде бірігіп жұмыс істеу үшін бұл жобаға қазақстандық жоғары оқу орнының біреуін тарту көзделді. Осылайша, білім берумен шектеліп қана қоймай, елде әлеуметтік бағыты жағынан ауқымды жоғары оқу орындарының бірі ретінде, профессорлары мен студенттері маңызы зор жобаларды жүзеге асырып жүрген Алматы Менеджмент Университеті таңдалды. Соның нәтижесінде, зияткерлік және материалды ресурстарды біріктіре отырып, үкіметтік емес ұйымдардың институционалдық даму саласындағы заманауи білімді арттырып, жинақтап және әрі қарай дамытуын ұсынатын ҮЕҰ Сараптама Орталығы құрылды.
Осы орайда, стратегиялық жоспарлау, адвокаси, кез келген деңгейдегі треннингтерді құрастыру жөніндегі өз ісінің майталмандары, коммерциялық емес сектордың халықаралық сарапшылары, Швейцарияның ҮЕҰ Менеджмент Мектебінің жаттықтырушылары шақырылды.
ҮЕҰ өкілдері үшін білімдерін толықтырып, ақпараттық платформа ретінде кеңінен танылған www.ngoexpert.kz сайты іске қосылды.
Коммерциялық мес секторға лайықты, қаражат үнемделетін, ұйымдастыруы көп уақытты алмайтын, әрі кең ауқымды аудиторияны қамти алатын вебинарлар жобасы бастау алды. Вебинерлар Қазақстанның әртүрлі аудандарындағы ҮЕҰ өкілдерін тартуға, уақыт пен жол шығынын үнемдеуге септгін тигізеді.
Әр жұмыстың кемшін тұстары болады. Мысалы, біздің салада қазақша стандартталған азаматтық лексиканың тапшылығы. Сол себептен ҮЕҰ жаттықтырушылары үшін қазақша-орысша термин сөздердің сөздігін құрастыру жөнінде шешім қабылданды. Оның мақсаты – коммерциялық емес секторда қолданылатын терминологияны қазақ тіліне бейімдеу. Сөздікті құрастыратындар жаттықтырушылар оқу құралдарын қазақ тілінде шығару үшін қолданатын терминдердің көрнекті құралын бірізді етуі көздеген еді. Себебі қазақтілді ҮЕҰ-мен жұмыс істеу – осы жобаның басым артықшылығы болып табылады. Ол үшін заман талабына сай әдістемелік құралдарға ие, ақпараттық технологиялықты жіті меңгеріп, қолданатын, сұранысқа ие және қатысушылардың оң бағасын алып отырған жаңа жаттықтырушылардың кәсіби біліктілігін арттыру үшін Алматыда және өзге аудандарда қазақ тілінде 6 тренинг өткізілген. Бұл тренингтерге 130 адам қатысты, қатысуы тегін болған соң, жаңа жаттықтырушы міндетті түрде осындай оқытатын тренингті өз ауданында, қаласында өткізуі тиіс. Сондықтан бұл жобаның ауқымы кеңейіп, мультипликативті әсерін қамтамасыз етіп, тікелей емес бенефициарлардың қатарын арттырды.
Жоба жұмысының ең маңыздысы – қоғамның назарына ілікпей, айтарлықтай ақпарат берілмеген коммерциялық емес секторға жаңа көкейтесті тақырыптарды табу. Ондай мәселелердің бірі – коммерциялық және комерциялық емес секторлардың өзара әрекет етуі. Осыған орай, «Әлеуметтік мәселелерді шешуде бизнес пен ҮЕҰ-дың серіктестігі» атты халықаралық конференция ұйымдастырылды. Бұл жиындаҮЕҰ мен бизнестің өзара тиімді жұмысы дамуының тұрақты механизмдері қарастырылды, коммерциялық емес және бизнес сектор арасындағы серіктестікті дамыту және жақсарту мәселелері талқыланып, ұсыныстар дайындалды, әлеуметтік серіктестік идеясын алға тартудағы мемлекеттің рөлі, бизнестік әлеуметтік жауапкершілігі тілге тиек етілді. Соның нәтижесінде бизнес-құрылымдармен серіктестік қарым-қатынас ортанудағы нұсқаулар жасалып, баяндамалар жинағы жарыққа шықты.
Біз бұл мәселені бекер қозғап отырған жоқпыз. Қазіргі таңда Қазақстанда бизнес және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы серіктестік қарым-қатынас кеңінен таралуда. Коммерциялық кәсіпорындар мен үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік мәселелерді шешудегі өзара әрекеті сұранысқа ие.
Бизнес қауым ойластырылған және әлеуметтік бағыттағы жұмыстарға көңіл аударып қана қоймай, өзара серіктес қарым-қатынас құруда жеке, тәжірибесі мол ҮЕҰ-мен жұмыс істеуге дайын екенін көрсетіп жатыр. Осының өзі өзара септігі тиетін серіктестік, соның арқасында екі тарап та әлеуметтік мәселелердің шешу үшін ииновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолданады.
Осындай жүйелі әрі нәтижелі серіктестік ретінде Қазақстандағы «Шеврон» компаниясы мен Орталық Азия Евразия Қоры арасындағы серіктестікті атап өтуге болады. Бір жағынан, осындай серіктестік арқылы, ең үздік мамандарды тартып, жобаның ауқымыз кеңейтіп бенефициарлар санын арттыру үшін «ҮЕҰ секторындағы сарапшылар әлеуетінің даму бастамасы» жобасын жүзеге асыруға болады. Екінші жағынан, мұндай серіктестік «Шеврон» компаниясына корпоративті әлеуметтік жауапкершілік аясындағы көзқарасы мен түсінігін кеңейтіп, толықтыруға мүмкіндік береді. Осылайша, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар арасындағы әлеуметтік серіктестік белгілі бір әлеуметтік қиындықты/проблеманы бірге шешіп, қоғамға септігін тигізуге мүмкіндік беріп отыр.
Отарбаева Б.З., с.ғ.д., профессор
Алматы Менеджмент Университеті,
ҮЕҰ Сараптама Орталығының директоры