ІV) Иллюстрациялы материалдар: берілген
V) Әдебиет: Негізгі: 1. Айтбембет Б.Н. Ішкі аурулар пропедевтикасы. Алматы. 2005.
2. Жаманкулов К.А. Iшкi аурулар пропедевтикасы. I-II болiм. Актобе 1992 ж.
3. Қалимурзина Б.С. Ішкі аурулар. Алматы. 2006.
4. Сейсембеков Т.З. Iшкi аурулар пропедевтикасы. 1997 ж. Алматы.
Қосымша: 1. Қаражанова Л.К. Ішкі аурулар семиотикасы негіздері, Семей. 2007.
2. Жаманқұлов Қ. А. Ішкі аурулар. Алматы, 2007.
3. Қаражанова Л.К., Мусина А.А., Карибаев Қ.Р. Дәнекер тіннің диффузды
аурулары. Семей, 2000.
VІ) Қорытынды сұрақтары (кері байланысы): Әлеуметтік мәнді ауруларға анықтама беріңіз.
Әлеуметтік мәнді аурулардың қандай түрлері бар?
Әлеуметтік мәнді аурулардың эпидемиологиясы.
№2 І) Тақырыбы: Өкпелік және өкпеден тыс туберкулез.
ІІ) Мақсаты: Науқастарды жалпы тексерудің принциптері: санасын, жағдайын, тері және теріасты май талшықтарын, сүйек-буын жүйесін бағалауды үйрету.
ІІІ) Дәріс тезистері: Бұл ауру жер шарынан жыл сайын екі миллионға тарта адамды жер қойнауына алатын көрінеді. Египет ғалымдары осыдан 2000-жылдан астам жерленген адам мумиясынан туберкулез қоздырғышын анықтап, ал қоздырғышты белгілі ортаға бейімдеп сепкенде, оның өз қабілетін сақтағанын анықтаған. Сондықтан туберкулез қоздырғышы мыңдаған жылдарда да өзінің ауру тудыру қабілетіне беріктігін білдіріп отыр. Туберкулез қоздырғышын неміс дәрігері Роберт Кох өзінің тынбай 17 жылдық еңбегінің арқасында 1882 жылдың 24 наурыз күні анықтаған. Осы жаңалығы үшін 1975 жылы Нобел сыйлығына ие болған, ал 24 наурыз Дүниежүзілік туберкулезбен күресу күні болып бекітілген.
Туберкулез барлық ағзаның ауруы деуге болады. Көпшілік туберкулез өкпені зақымдайтын құрт ауруы деп түсінеді, бұл түсінік мүлде шындыққа жатпайды, жиі кезігетіні рас. Туберкулез адам мүшесіндегі барлық ағзаларда кезігуі мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық қоғамының тіркеуіне қарай жер шарында жылына 9 млн. адам туберкулез диагнозымен тіркеледі екен. Әлем бойынша бұл ауруға тиянақты тосқауыл табылмай отыр. Негізінен бұл ауру әлеуметтік жағдайға тығыз байланысты. Туберкулездің негізгі алдын алу шаралары болып сәбилерді дер кезінде екпе жұмыстарымен қамтамасыз ету. Алғашқы екпе жұмысы сәби өмірге келгеннен кейін, үйіне шығарылғанға дейін перзентханада жасалады (БЦЖ). Әрі қарай екпе календарына сәйкес ревакцинация жасалып отырады (30 жасқа дейін). Ревакцинация жасау алдында календарға сәйкес осы жас шамасындағыларға міндетті түрде Манту сынамасы жасалады, осы сынама қорытындысы бойынша ревакцинация жасалатын топтар іріктелініп алынады. Туберкулездің негізгі алдын алу шаралары мыналар:
- Календар бойынша БЦЖ вакцинасын және ревакцинация жасату.
-Әр жыл сайын флюрографиядан міндетті түрде өту.
-Ауыра қалған адамдарды ауруханада емдеу.
-Аурумен қарым-қатынаста болғандарды тексерістен өткізу, оларды арнайы тіркеуге алу.
-Туберкулездің қоздырғышын сыртқа бөлушілермен ұдайы қарым-қатынаста болғандарды туберкулезге қарсы химиопрепараттарымен профилактикалық қорған жасау.
-Туберкулез таяқшасын ұдайы бөліп сыртқа шығарып тұратын отбасы мүшесін жекешелендіру.
-Туберкулез ауруы айқындалған ошақтарды толып санитарлық-тазалықтан өткізу(дезинфекция).
-Ауыра қалған отбастарына әлеуметтік көмек көрсету, материалдық-тұрмыстық жағдайын жақсарту.
-Тұрған жерін көгаландыру, қоршаған ортаны сауықтыру,шаң-тозаңмен күрес.
-Тұрғындардың мәдениеттігін арттыру (қақырық тастамау,түкірмеу,біреуге қарап түшкірмеу т.б.)
-Осы аурудың қауіпті ошағын дер кезінде анықтау, оны зерттеу және осы ошақ аумағын толық залалсыздандыру.
-Туберкулез бактериясын бөлуші ауруларды арнайы ауруханада, ешқайда жібермей бактерия бөлінісі тоқтағанша емдеу.
-Ауруды үйіне шығарғаннан кейін сырқат адам фтизиатр дәрігер қадағалануында болып, әрі қарай емін жалғастыру,фтизиатр қадағалауымен.