Туберкулездің алдын алу спецификалық және спецификалық емес түрлері: 1. Спецификалық: - вакцина және БЦЖ ревакцинациясы
2. Спецификалық емес: - салауатты өмір салты;
- тиімді тамақтану;
- дене шынықтыру белсенділігі;
- зиянды әдеттерден бас тарту.
ІV) Иллюстрациялы материалдар:берілген
V) Әдебиет: негізгі: қосымша:
VІ) Қорытынды сұрақтары (кері байланысы): Өкпе туберкулезінің емі.
Өкпе туберкулезінің алдын алуы.
Манту сынамасының маңызы.
БЦЖ вакцинациясы
№3
І) Тақырыбы: Артериялық гипертензия. Науқастарды қауіп дәрежесі бойынша стратификаттау. Зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері. Гипертониялық криздер, клиникалық көрініci. Гипертониялық криз кезінде шұғыл көмек көрсету. ІІ) Мақсаты:Артериялық гипертонияның этиологиясын, патогенезін, клиникасын және анықтауын, терапиясын және алдын алуын үйрету. ІІІ) Дәріс тезистері: Артериялық гипертония немесе артериялдық гипертензия – артериялдық қысымның жоғарылауын білдіретін симптом. Артериялдық гипертензия гипертониялық аурудың және басқа да симптоматикалық артериялық гипертонияның негізгі белгісі болып табылады.
АГ жіктелуі
Категориясы
САД (мм с.б.б.)
ДАД (мм с.б.б.)
Оптималды
<120 (100 -119)
<80 (60 -79)
Қалыпты
<130 (120 -129)
<85 (80 -84)
Жоғары қалыпты
130-139
85-89
1 дәрежесі жеңіл
140 -159
90 -99
2 дәрежесі орташа
160 -179
100 - 109
3 дәрежесі ауыр
>180
>110
Аяқтағы қалыпты сандары 150-180/90-100 мм с.б.б. (аяқтардағы АҚ қолдағыға қарағанда 20-40 мм с.б.б. жоғары).
Гипертониялық ауру (эссенциалды гипертензия) жүрек-қантамыр ауруларының ең жиі тараған түріне жатады. Гипертониялық ауру барлық артериялдық гипертониямен ауыратындардың 65-75%, симптоматикалық артериалық гипертониямен ауыратындар - 25-35% құрайды.
85>130>80>120>