Жұмыс бағдарламасы 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығына арналған мжмббс негізінде құрастырылды, Астана 2006ж



бет21/102
Дата26.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#143929
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   102

Алдын алуы


1. Жеке сақтану (жеке бас гигиенасы, презерватив және т.б.);
2. Баласына жұғу қауіптілігін азайту үшін жүктілік кезінде ауру ананы емдеу;
3. АИВ аурудың қаны жарақатталған терісі бар медицина қызметкеріне жұқса, онда алдын алу үшін ретровирмен емдеу керек.
4. Қарым-қатынаста өте жоғары қауіптілік болса, онда зидовудин+ламивудин+индинавирді қолданады. Алдын алу емі 4 апта бойы жүргізіледі. Емделгеннен кейін тексеріледі – 6 апта, 12 апта, 6 ай сайын жергілікті ауруханаларда немесе арнайы диагностикалық-лабораторияларда бақыланады.
ІV) Иллюстрациялы материалдар: берілген
V) Әдебиет:
негізгі:
қосымша:
VІ) Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. АИВ-инфекциясы және ЖИТС бар науқастың емін неден бастау керек?

  2. Анамнездің дәл мәліметтері қандай ақпарат береді?

  3. АИВ-инфекциясына күманданғанда барлық алдын алу шараларын атаңыз.

5


І) Тақырыбы: Созылмалы гепатиттер және бауыр циррозы. Эпидемиологиясы. Әлеуметтік диагностика әдістері. Емдеу қағидаттары.
ІІ) Мақсаты: Созылмалы гепатит пен бауыр циррозының этиологиясын, патогенезін, клиникасы мен диагностикасын меңгеру.
ІІІ) Дәріс тезистері:
Созылмалы гепатит (СГ) – этиологиясы әртүрлі, 6 айдан ұзақ бауырдың созылмалы диффузды қабыну-дистрофиялық ауруы.
СГ этиологиялық факторлары:
1. Вирус. СГ вирусты гепатиттің А түрімен ауырғаннан соң 1-2% жағдайда, ал вирусты гепатиттің В түрінен соң 20% жағдайда туындайды. Кейде дельта-вирус, вирус С, Е түрлерімен ауырады, яғни олардан кейін бауыр ауруларымен белсенді ауырғаннан кейін 80% кем емес жағдайда туындайды.
2. Алкоголь, ол бауырдың майлы дистрофиясымен қатар созылмалы алкогольды және жіті гепатитті тудырады.
3. Созылмалы өндірістік интоксикациялар (хлорланған көмірсутегілер, бензол және оның гомологтары, қорғасын, фосфор, сынап, марганец және т.б.)
4. Бауырдың гепатотоксикалық әсері бар дәрілермен зақымдалулары (туберкулезге қарсы препараттар, антибиотиктер, сульфаниламидтер, аспирин, аминазин, анаболикалық стероидтар, метатрексат және т.б.). негізінде кез-келген дәріні ұзақ уақыт немесе оны үлкен дозада қолданса, бауырдың қызметіне және құрылымына қолайсыз әсер етеді.
5. Аутоиммунды (люпоидты) СГ – ағзаның иммунды реакциясының өзгеруі нәтижесінде дамиды.
6. Метаболикалық СГ - альфа 1-трипсин жеткіліксіз өндіруінен, Вильсона-Коновалова нәтиджесінде дамиды.
7. Бейспецификалық реактивті гепатит – АІТ аурулары вирусты гепатиттің ағымына қолайсыз әсер етуінде.
8. Холестатикалық гепатит – бауырдың экскреторлы функциясының бұзылуында дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет