Жұмыс бағдарламасы 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығына арналған мжмббс негізінде құрастырылды, Астана 2006ж



бет19/102
Дата26.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#143929
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   102

Клиникасы


Осы ауруға тән белгілер жоқ, бірақ жақсы, толық жиналған анамнез және объективті ұарап тексеру дәрігерге дұрыс алдын-ала диагноз қоюға көмектеседі. Инкубациялық кезең: 2-3 аптадан бастап 3 айға дейін, кейде 1 жылға дейін. Инкубациялық кезеңнен кейін науқастардың жартысында жедел АИВ инфекция белгілер пайда болады (50-90). Жедел қызбалы инфекция кезеңі клиникалық белгілердің көптігімен анықталады. Практика жүзінде жедел АИВ-инфекция диагнозы, әдетте, ретроспективті қойылады, (бірнеше ай немесе жал өткеннен кейін).
Бұл сырқаттың ұзақтығы бірнеше күннен 1-2 айға дейін созылады, көбінесе, «сауығумен» аяқталады. Жиі, АИВ-ң жедел кезеңі мононуклеозға ұқсас синдром ретінде өтеді (15-30℅). Кейде жедел кезеңі ЖРВИ сияқты өтеді. Кейде жедел энтероколит белгілерімен, серозды менингит, энцефалопатиялар, инстерстицильды пневмониялармен өтеді (2-3℅) тромбоцитопениялық пурпура белгілері анықталды.
Алғашқы көріністер кезеңі 2Б – (белгілерсіз) аурудың клиникалық белгілері анықталмайды. Белгілерсіз түрі өте жиі кездеседі. АИВ жұқтырылған адамдарда осы кезеңде тек қана қанда АИВ-қа қасы антиденелер табылуы арқылы анықталады. Белгілерсіз түрлерінің ұзақтығы бірнеше жылдар (25-10 және одан да көп жылдар).
Алғашқы көріністер кезеңі 2В – жайылған прогрессирлеуші лимфоаденопатия жедел АИВ- инфекциядан кейін дамиды немесе белгілерсіз тасмалдаушы фонында дамиды. Жайылған прогрессирлеуші лимфоаденопатия (ПГЛ) белгілерсіз, кейде аздап дене қызуы көтерілуі мүмкн, қалтырау, түнде қатты тершеңдікпен сипатталады. Бауыр, көкбауыр ұлғаяды. ПГЛ-да ауру белгілерінің болуы қолайсыз болжам белгілері, ол аурдың өте тез өршіп жатқанын көрсетеді.
Екіншілік ауру кезеңі. Әртүрлі аурулардың, атап айтқанда оппортунистік аурулардың қосылуы ЖПИЖС басталғанын көрсетеді. Бастапқы кезеңі әлсіздікпен, жұмыс қабілетінің төмендеуімен, тершеңдікпен, тәбеттің төмендеуімен, диареямен, әртүрлі интеркурентті аурулардың қосылуымен сипатталады.
Екіншілік аурулар кезеңінде А,Б,В формаларын анықтайды.
Балаларда жіктелуіне байланысты клиникасына қарай 3 кезеңін ажыратады.
Біріншілік көрінісітер кезеңінде (А кезеңі) – қызудың тұрақты жоғарылауы, лимфоаденопатия, гепатоспленомегалия, диарея, паротит болуы мүмкін.
В – кезеңі – аралық.
С – терминалды кезеңі.
Балаларда клиникалық белгілергі бойынша бірнеше түрде өтеді (жетекші синдром). Нәрестеде трансплацентарлы жолмен жұғуының көрсеткіші болуы мүмкін: дене салмағының жетіспеушілігі, мерзімінен ерте туылуы, микроцефалия, дискрания.
Туа пайда болған АИВ инфекциясының клиникалық белгілері: мерзімінен ерте туу, дистрофия, бет-әлпетінің дисморфизмі (гипертейлоризм, гидроцефалия, мұрын белағашының түсіп тұруы, жоғарғы ерін науасының томпаюы) және де психомоторлы дамуының артта қалуы, рецидивті диарея, көз шелінің көгілдір, серологиялық зерттеудің оң және де психомоторлы дамуының артта қалуы, рецидивті диарея, көз шелінің көгілдір, серологиялық зерттеудің оң болуы.
6 айдан кейін неврологиялық белгілердің үдей түсуі байқлады – ақыл-ойының төмендеуі, жүріп-тұруының өзгерулері, патологиялық рефлекстердің пайда болуы, парездер анықталады. Бұл белшілер АИВ жұқтырған науқастардың 10-30℅ -да кездеседі. АИВ-инфекциясымен ауыратын балаларға тән: әртүрлі неврологиялық бұзылыстар, анықталады. Компьютерлік томограммада базальды ганглияларда кальцификаттар және ми аторфиясы анықталады.
Алғашқы айлардан бастап-ақ В-клеткалық имммунитеттің жетіспеушілігі байқалады.
Нейролия клеткаларының зақымдалуы салдарынан балаларда өте жиі үдеген энцефалопатия байқалады (50℅ аса жағдайда).
Шеткі нерв жүйелерінің де зақымдануы мүмкін – полирадикулоневриттер.
ЖИТС ассоцирленген аурулар қатарында балалар да жатады – лимфоцитарлы интерстициальды пневмония, органдардың цитомегаловирусты зақымдануы, бауыр, көкбауыр және лимфа түйіндерден басқа. Тері мен ішкі органдардың герпетикалық зақымданулары, мидың токсоплазмозы.
Бактериальды инфекциялардан балларда жиі стафилококкты, пневмококкты, гемофильді таяқшамен, салмонеллалармен шақырылатын аурулар жиі кездеседі.
Өте сирек балаларда онкоЖИТС деп аталатын ауру кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет