VІ) Қорытынды сұрақтары (кері байланысы): 1. Тері ауруларының негізгі диагностика әдісіне жатады?
2. Грокты аурулар кезіндегі басты симптомдар?
3. Теміреткі түрлері?
Оңтүстік - Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Терапия бакалавриат кафедрасы
Мамандығы: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Пән: Әлеуметтік мәнді аурулардың терапиясы және алдын алуы
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР Курс 3
ШЫМКЕНТ, 2013ж Кафедра мәжiлiсiнде талқыланған
№_______хаттамасы _________2013ж.
Кафедра меңгерушiсi
м.ғ.д., проф. Бекмурзаева Э.Қ.________
1) Тақырып №1:Өкпе туберкулезі. Этиологиясы, клиникасы, диагностикасы. Әлеуметтік мәні.
2) Мақсаты: Өкпе туберкулезінің этиологиясын және патогенетикалық механизмін анықтау. Студенттерге өкпе туберкулезі кезінде симптомдар және синдромдарын анықтауды үйрету. Өкпе туберкулезі кезінде зерттеу әдістерін оқыту. Өкпе туберкулезі кезінде науқастарды аспаптық тексеру әдістерімен таныстыру.
3) Оқыту мақсаты: Студент білуі тиісті: Өкпе туберкулезінің анықтамасын;
Өкпе туберкулезінің этиологиясын және патогенезін;
Өкпе туберкулезінің жіктелуін;
Өкпе туберкулезі кезінде лабораторлық және аспаптық зерттеу әдістерінің диагностикалық маңызын;
Өкпе туберкулезі кезінде науқастарды сұрастыру және қарау.
Өкпе туберкулезі кезінде қақырықты жинау әдісі.
Студент үйреніп алуы тиіс: Студенттерге өкпе туберкулезі кезінде зерттеу әдістерін оқыту.
Студенттерге өкпе туберкулезі кезінде симптомдар және синдромдарын анықтауды үйрету.
Студенттерге өкпе туберкулезі кезінде лабораторлық –аспаптық зерттеу әдістерімен таныстыру.