Гебефрендік түрі - шизофренияның ең қатерлі түрлерінің бірі. Оның негізгі көрінісі- гебефрендік синдром. Диагноз балалық және ерсіз қимылдардың, ақымақтық түріндегі қозудың анықталуына негізделеді. Көңіл күйі бос, продуктивсіз эйфориямен, орынсыз күлкімен, агрессия, мәнсіз бұзылыстар, түсінбеушілік ұстамаларымен алмасады. Сөз сөйлеу реттілікті жоғалтады, қайталауларға, неологизмдерге толады, жиі сыни ұрысумен бірге жүреді. Іс-әрекеті қырсықтық пен негативизмге толы бағытсыз белсенділіктен тұрады. Науқастар қарапайым мәселелерді шеше алмайтын жағдайға жетеді, сондықтан үнемі бақылау мен күтуді қажет етеді. Ауру жасөспірім кезінде дамиды (13-15 жас) кейін ремиссиясыз өтеді.науқастар жұмысқа тұрмай мүгедек болып қалады.
Кататониялық түрі көбіне қимыл бұзылысымен сипатталды. Кататониялық ступор ұзаққа созылған ыңғайсыз, ерсіз, табиғи қалыпқа жатпайтын қалыпта тұрумен, шаршамаумен ерекшелінеді. Мысалы, басын жастықтан көтеріп жату (ауалы жастық синдромы), басты халатпен, жапқышпен жабу(капюшон синдромы). Бұл кезде бұлшық ет тонусы өте жоғары болады. Бұл науқастарға керек қалыпты алып, ұзақ сақтауына көмектеседі (каталепсия- балауызды ептілік). Науқастарға негативизм (ұсынысты, тілекке қарама-қарсы қимылды орындаудан бас тарту) мен мутизм (әңгімелесушінің сөзі мен бұйрығын түсіне алса да сөйлеудің толық жоғалуы) тән. Қимылсыздық стереотирті қозғалыспен- кататоникалық қозумен үзіледі. Кататонияның басқа көріністеріне әңгімелесушінің қимылын, пікір қайталау(эхопраксия, эхомимия, эхолалия), пассивті бағыну (нақты бұйрықты алғанынша қимылдамау) жатады.
Қарапайым түрі толық негативті симптоматикамен көрінеді. Ең жиі өршімелі апатико-абулиялық ақау кездеседі. Аурудың басында оқудан, жұмыстан бас тартады, қаңғыруға бейім болады, достары мен жанұясынан ажырайды. Кейін науқастар қоршаған ортада болып жатқан оқиғаларға мүлдем араласпайды, суық, эгоист болып кетеді; жинақтаған білім қорын жоғалтады, яғни интеллектің бұзылысын көрсетеді («шизофрениялық ақыл кемістігі»). Бұл түрге жасөспірім мен жастық кезде даму тән болады: ремиссиялық ағым, жылдам өршу, ерде мүгедектікке әкелу. Қарапайым шизофрения, гебефрения, люцидтік кататония ең қатерлі варианттарға жатады.