Жұмыс бағдарламасы 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығына арналған мжмббс негізінде құрастырылды, Астана 2006ж



бет42/102
Дата26.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#143929
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   102
Байланысты:
szz kds kz

Есептер:


Есеп №1
Науқас Б., 48 жаста, ентігу, түнгі терлегіштік, субфебрильді температура байқалады. Қарағанда науқастың кеуде қуысы тыныс алуда аздап қалуы анықталды. Дауыс дірілі әлсіреген, пер­куторлы дыбыс зақымдалу ошағының үстінде тұйықталған, везикулярлы тыныс әлсіреген, бронхофония күшейген. ЖҚА лейкоцитоз - 20,0*109/л. R-гомо­генді қараю.
Қандай ауру туралы айтылған?
Есеп №2
Науқас К., 47 жаста шағымдары температураның 39 гр. дейін көтерілуі, қалтырау, ентігу, бас ауру, жөтел. Сол жақтың төменгі бөлігінің крупозды пневмониясы диагнозымен стационарлы емделіп жатыр. Таңғы сағат 6-да кенет жалпы жағдайы нашарлады, тері жабындылары бозарып, шекесінде суық тер шықты, еріндердің цианозы артты. Температурасы 35,8. Есі сопорозды, тынысы жиілеген, беткейлі. ЖСЖ 120 рет 1 мин. АҚ 40/20 мм с.б.б.
а) Асқынуы қалай аталады?
б) Алғашқы медициналық көмек?
Есеп №3
Науқас У. 30 жаста, емханаға құрғақ жөтел, тамағының жыбырлауы, температурасының 38гр. дейін көтерілуі, бас ауруы, жалпы әлсіздік деген шағымдармен келді. Қарағанда жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Тері жабындылары қалыпты түсте. Дауыс дірілі және бронхофония өзгермеген. Перкуссияда ашық өкпелік дыбыс. Аускультацияда қатты тыныс, бірен-саран сырылдар.
Қандай ауру туралы айтылған?
Аурудың синдромдарын атаңыз?
Есеп №4
Науқас М., 45 жаста, слесарь. 10 жыл көлемінде темекі тартады. Жел өтінде жұмыс істегеннен кейін 2 күн өткенде баспалдақпен көтеріліп келе жатқанында ентігуді байқады. Жөтел тұрақты шырышты-іріңді қақырықпен.
Обьективті: жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Пер­куссия және пальпацияда айтарлықтай өзгеріс жоқ. Аускультацияда қатаң тыныс фонында көптеген құрғақ сырылдар.
Кеуде қуысының R-тексеруі – өкпенің ауалық алаңының артуы, өкпе суретінің күшеюі және оның деформациясы.
Қандай ауру туралы айтылған?
Аурудың синдромдарын атаңыз?

1) Тақырып №3: Артериалдық гипертензия. Этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы. Терапиясы және алдын алуы.
2) Мақсаты: Артериалдық гипертензияның этиологиясын және патогенетикалық механизмін анықтау. Артериалдық гипертензия кезінде зерттеу әдістерін оқыту. Студенттерге артериалдық гипертензия кезінде симптомдар және синдромдарын анықтауды үйрету. Артериалдық гипертензия кезінде науқастарды аспаптық тексеру әдістерімен, емдеу принциптерімен таныстыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет