Есептер: 1.Науқас жас, бала кезінде буын ауруларымен ауырған. Обьективті: сыртқы көрінісі айтарлықтай өзгеріссіз. Өкпеде везикулярлық тыныс. Пульсі ырғақты, 78 рет 1 минутта. Перкуторлы: жүрек шекаралары жоғарыға жіне солға кеңейген. Аускультативті: эпицентрі жүрек ұшы және сол қырымен жатқанда қолтықасты аймағы болып табылатын систолалық шу. Жүрек ұшында І тон әлсіреген, екінші тон жүрек негізінде аздап күшейген.
А. Алдын ала диагнозыңыз.
Б. Берілген аурудың негізгі этиологиялық факторлары.
В. ЭКГ, ФКГ және ЭхоКГ зерттеуде қандай өзгерістер күтуге болады?
2. Науқас 50 жаста, жақында төсінің ортаңғы бөлігінде ауырсынудың пайда болғанына шағымданады. Қысып ауырсыну сипаты, ұзақ жүргенде және тауға шыққанда, баспалдақпен 3-4-ші этажға көтерілгенде пайда болады. Ауырсыну қозғалысы тоқтағанда басылады. Обьективті: артық салмақты, өкпеде везикулярлық тыныс. Жүрек тондары анық, таза, пульсі ырғақты, 78 рет 1 минутта, АҚ 130/80 мм с.б.б., іш қуысы мүшелері ерекшеліксіз. ЭКГ –де ЖЭО солға ығысқан.
А. Алдын ала диагноз қойыңыз.
Б. Негіздеңіз.
В. Берілген науқастың тексеру жоспарын құрастырыңыз.
1) Тақырыбы №4: Вирусты гепатиттер және бауыр циррозының алдын алу.
2) Мақсаты: Студенттерді оқу және қосымша әдебиеттермен; ақпараттардың электронды түрлерімен; тесттік тапсырмаларды дұрыс жұмыс істеуге; презентация және глоссарилер дайындауға; рольдік ойындарды құруға үйрету; тақырыпты өздігінен дайындау үшин мұғалімдермен кеңес жүргізу.
3) Тапсырма: 1. СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиет таңдау (каталогтармен, журналдармен, монографиялармен, сөздіктермен, оқу әдебиеттерімен, интернет мәліметтерімен жұмыс жасау)
2. сабақ тақырыбы бойынша конспект, презентация, көрнекті құралдар (буклеттер, интеллект карта) құрастыру
тест тапсырмаларын шешу
өздігінен тақырып бойынша және 5 тест құрастыру.
4) Орындау түрі: Презентация, интеллект-карта, «Кейс-стади», Постерлі баяндама,тақырып бойынша эссе ,кластерлер, тақырып бойынша Глоссарий ж/е т.б.